7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: 'Көпбұрыштың периметрі' 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: 'Көпбұрыштың периметрі' 2-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы:

Көпбұрыштың периметрі

Мақсаты:

Көпбұрыштың периметрін табу ережесімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже:

А) Периметрді табуға байланысты есептер шығарады.

В) Оқушылардың ойлау қабілеті артады, жылдам, тез есептеуге баулиды.

С) Оқушылар есеп шығару барысында шапшаңдыққа, жылдамдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді.

Тапсырмалар:


Жаңа тәсілдер: топтық, жұптық әңгіме, жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар.

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі:

«Ыстық орындық»

АКТ қолдану: визуалдандыру,белсенді тақтамен таныстырылым, ғаламтор

желісінен алынған материалдар.

Оқыту формасы: Жеке, жұптық,топтық, жаппай

Сабақтың модулдері:

1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.

2.Сыни ойлауға үйрету.

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.АКТ.

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктері.

7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Бағалау:

Формативті бағалау: ынталандыру мақсатында

«Қолпаштау», «Басбармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек»

Кері байланыс:

«Бағдаршам» әдісі

Сабақтың барысы:

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе:


2 мин

Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал:

Қайырлы таң досым
Қайырлы күн болсын
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларды үш топқа бөлу, әр топтың топбасшыларын таныстырады.

1 - топ: Үшбұрыш.

2 - топ: Төртбұрыш.

3 - топ: Шаршы.

Топ ережесін қайталау.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.

Шаттық шеңберіне тұрып бәрі бірге өлең айтады.


Үй тапсырмасы:

7 мин.

№3-6, 95-бет.


Тұсаукесер:


5 мин.

1.Ауызша жұмыс.

«Есептеу машинасы» ойыны ауызша есептеу дағдыларын арттыруға бағытталған.

24 - 4 + 30 + 8+ 10 - 60-8 + 40

6+ 7-10 -3+50 +9 -20 -9+60

Математикалық диктант

а) 8 ондықтан тұратын санды жаз.

13-ті 4-ке арттыр.

40 -ны 1-ге кеміт.

16 мен 1сандарының қосындысы нешеге тең?

16 және 8сандарының айырмасы нешеге тең?

50 дециметрді метрге айналдыр.

1 сағатта неше минут бар?

9 бен 5-тің қосындысы нешеге тең?

16 мен 7-нің айырмасын жаз.

- Ал енді өзіңді өзің бағала!

5 -қатесіз орындалған жұмыс ;

4 - 1 немесе 2 қате жіберілсе;

3 - 3 немесе 4 қате жіберілсе ;

2 - 5 немесе одан да көп қате

жіберілсе

40

90


80

17

39

17


8


5

60

14

9

Негізгі бөлім:

22 мин

Көпбұрыштың периметрі - оның қабырғалары ұзындықтарының қосындысы.

- Балалар,біз бүгін үшбұрыш, төртбұрыштың периметрін табуға байланысты есептер шығарамыз. Әр есептің өзіндік ұпайы бар. Жинаған ұпайына қарай жеңіске жеткен топ анықталады.

№2 - 20 ұпай.

Есеп құрастыр және шығар:

а)Қалам - 50 теңге

Дәптер - ? 40 теңге арзан

Барлығы - ?

Шешуі: 50+(50-40) = 60

Жауабы:Барлығы 60 теңге.

№3 - 30 ұпай.

Өрнекті жаз және оның мәнін тап:

50+а а = 9;42;

50+9 = 59 50+42 = 92

76-а а = 4;40;

76-4 = 72 76-40 = 36

№4. «Кім жылдам?» ойыны. 30 ұпай

60+а = 65 49-а = 43 97-а = 7


№5.Математикалық диктант.

30 ұпай

9+9 9+7 9+8

8+3 8+4 8+5

7+4 7+5 7+6

6-тапсырма.Әр топтың басшыларына арналған. 20 ұпай.

Берілген алгоритм бойынша қай топ басшысы дұрыс және бұрын шаршы салып, периметрін табады.

Шаршы салу алгоритмі:

1.Түзу сыз;

2.Оның бойынан 3 см кесінді өлшеп, сал;

3.Кесіндінің ұшынан тік бұрыш сал;

4.Оның қабырғасынан 3 см кесінді өлшеп сал;

5.Кесінді ұшынан тік бұрыш сал;

6.Оның қабырғасынан 3 см кесінді өлшеп, сал;

7.Кесінді ұшынан тік бұрыш сал.

Сұрақтарға жауап береді.

Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету. «Қолпаштау», «Топты бағалау», өзін-өзі бағалау, «Басбармақ»

арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Қорытынды:

5 мин.

Әр топқа фигура беріледі, соның периметрін табу

Бағалау:

3 мин.

-- Әркім көңіл күйіне қарай тиісті бағасы бар геометриялық фигураны таңдайды.

- Кім бәрін түсіндім, сабаққа белсенді қатыстым, беске жауап бердім деп санасы -бесбұрышты таңдаңдар, яғни өздеріңе «5» қойыңдар.

- Кім жауапты толық бере алмадым, дұрыс жауап бердім,жақсы жұмыс істедім деп ойласа -төртбұрышты алсын «4».

- Кім ойланатын нәрсе бар,бұл сабақта аз жұмыс істедім,бірақ келесі сабақта міндетті түрде тырысамын десе - көңілсіз «3», яғни үшбұрыш деген фигураны таңдайды.

Сабақ үшін рақмет,балалар!

Мен сабақта жақсы жұмыс жасадым.Өзіме сенімді болдым.

Мен сабақта жақсы жұмыс жасадым, бірақ маған әлі де көмек керек

Мен сабақта аз жұмыс жасадым.Мен ұялып отырдым.

Үйге тапсырма

1 мин.

№6, ш.т. 97-бет

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал