- Учителю
- Вне классная работа на тему 'Математикалық турнир'
Вне классная работа на тему 'Математикалық турнир'
«Математикалық турнир» сыныптан тыс іс-шара
Бұл іс-шараны математика онкүндігі шеңберінде 7-сыныптар арсында өткізуге болады. Өткізілу түрі - екі топ арасындағы сайыс.
Іс-шараның мақсаты:
1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау,оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Топтық сайыс
Қажетті құрылғылар, көрнекіліктер: интерактивті тақта, сурет жасырылған қималар, фигуралар кескінделген парақтар
Жоспары:
1. Іріктеу туры (12 сұрақ)
2.Суретті құрастыру арқылы екі топтың ұйымдасуы, топтың атауы беріледі
3.І-тур (блиц-сұрақтар 10/10)
4. ІІ-тур (жасырылған 4 есеп)
5. Қызықты үзіліс
6. ІІІ-тур (кесуге арналған есеп)
7. Қорытындылау, марапаттау
Барысы:
Жүргізуші: - Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
Математикалық турнирге қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді!
-
Турнирды бастау үшін, алдымен екі топ құрылу керек. Ол үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіздер: (2-13 слайд)
-
Сағаттың ¼ -і неге тең? 15 минут
-
1 % дегеніміз не? 1/100 бөлік
-
Нүктенің бірінші координатасы қалай аталады? Абсцисса
-
Түбір белгісін тағы қалай атайды? Радикал
-
1 кг судың көлемі неге тең? 1 литр
-
Ридиусы 5 болатын шеңбердің ұзындығы қанша? 10 π
-
Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (егер ата, әке, бала болса)
-
2-нің 6 дәрежесі. 64
-
Екі қатынастың теңдігі пропорция
-
Ең үлкен уақыт өлшем бірлігін үш тілде айтыңыз ғасыр, век, century
-
Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? 1
-
Ең кіші жай санды атаңыз 2
- Енді топтарымыз құрылғасын, сурет бойынша өз топтарыңызға атау бересіздер (14 слайд)
Шеберлікті, білімді
сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.
І тур. (блиц-сұрақтар 10/10) (16-17 слайд)
1-топ
-
Шоколадтың бағасы 10 тг және тағы шоколадтың жартысы. Шоколад қанша тұрады? 20 тг
-
7 адам фотосуреттерімен алмасты. Қанша фотосурет таратылды? 42
-
Барлық цифрлардың көбейтіндісінің соңында неше 0 болады? 1
-
25 қаз ұшып бара жатты. Бір қазды атып тастады, қанша қаз қалды? 1
-
2 ондықты 2 ондыққа көбейткеде неше ондық шығады? 40
-
Қай жағдайда біз 2-ге қарап тұрып, 10 деп айтамыз? (сағаттың минуттік тілі 2-де тұрса біз 10 мин өтті д.а)
-
Қай уақытта екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады? (екінші қосылғыш 0 болса)
-
Айнымалысы бар теңдік. Пропорция
-
Wunderkind сөзі нені білдіреді? Дарынды бала
-
Жерді өлшеу туралы ғылым. Геометрия
2-топ
-
Тәуліктің 24-тен 1-і 1сағат
-
Қайсы үлкен 2 м ме әлде 198 см ме? 2 м
-
282 саны 3-ке бөлінеді ме? Иә
-
Сызықтық функцияның графигін атаңыз. Түзу
-
Бес жарым таяқтың неше ұшы бар? 12
-
Түзудің бойынан 4 нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда болады? 6
-
Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар? 50
-
Квадрат метрде қанша квадрат сантиметр бар? 10000 см2
-
289 нешенің квадраты? 17
-
Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? 3
ІІ тур 4 есеп (18-22 слайд)
Шарты: Сұрақтың номері таңдалған соң және негізгі сөздер аталған соң сіздер өздеріңізге ұпай қоясыздар 1-6 аралығында.
Егер бірден дұрыс жауап берсеңіздер өздеріңіз атаған ұпай қосылады, кері жағдайда азайтылады немесе көмек сұрауларыңызға болады. Бұл жағдайда 1 ұпай кемиді. Ал ешбір жауап болмаса сөз кезегі екінші топқа беріледі.
1-есеп:
Негізгі сөздер: бөлу, 4, кеміту
1 мен 10-ның арасындағы қай санды 4-ке бөлгендегі бөліндісі, осы санды 4-ке кеміткенге тең болады?
Көмек: Бұл бөлшек сан
Жауабы: ;
2-есеп:
Негізгі сөздер: Балықшы, фут, балық
Балықшының айтуы бойынша, ол ұзындығ келесідей болатын балық ұстады: басы 60 фут, құйрығы - басының ұзындығы мен денесінің жартысы, ал денесі - балықтың басынан бастап құйрығына дейінгі ұзындықтың жартысы. Сонда балықтың ұзындығы қанша?
Көмек: балықтың құйрығы - басының ұзындығын 3 еселегенге тең.
Жауабы: 480 фут
3-есеп:
Негізгі сөздер: Цифр, құралу, тақ
Тақ цифрлардан құралған жұп санды атаңыз
Көмек: тақ цифр үш рет қайталанады
Жауабы: ; ; т.с.с
4-есеп:
Негізгі сөздер: Фаренгейт, градус, сан
Цельсий шкаласының 1 градусы Фаренгейт шкаласының 1,8 градусына тең, сонымен қатар Цельсий бойынша 10 - Фаренгейт шкаласы бойынша 320- қа тең. Температура Цельсий және Фаренгейт шкалалары бойынша бірдей санмен беріле алады ма?
Көмек: Цельсий және Фаренгейт шкалалары бойынша тәуелділікті жазу керек.
Жауабы: -40
Қызықты үзіліс
Әділқазылар алқасы әділ бағаларын санағанша, көрермендерімізбен қызықты үзіліс өткізейік.
Шарты: жасырылған ұғымды немесе іс-әрекетті оқушылар ешбір дыбыс шығармай тек іс-қимылмен бейнелеулеріңіз қажет.
Жасырылған сөздер:
-
Турист
-
Күнтізбе
-
Координаталық жазықтық
-
Боран
-
Піл
-
Жады
ІІІ тур (24-27 слайд)
Алдарыңыздағы фигураны кесіп, квадрат құрастыру керек
1-топ 2топ
Көрермендерге
VIІ. Қорытынды.
-
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Жеңімпаздар марапатталады.
6