- Учителю
- Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолданып есептер шығару.
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолданып есептер шығару.
Тақырыбы:
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолданып есептер шығару.
Мақсаты: 1.Оқушылардың бойында тригонометриялық тепе-теңдіктер мен олардан шығатын қосымша тепе-теңдіктер туралы білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Бір тригонометриялық функцияның берілген мәні арқылы қалған триг. функциялардың мәндерін табу дағдысын қалыптастыру. 2.Формулаларды жатқа білу және формулаларды есеп шығарғанда қолдана білу. 3. Оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру, сабаққа қызығушылығын арттыру, сыни тұрғыдан ойлауын , коммуникативті дағдыларын дамыту, бірлесе жұмыс істеуге үйрету.
Оқыту нәтижесі: Өзара жұптық әңгіме жүзеге асады. Қиылысушы және параллель түзулер анықтамасын біледі.Алған білімдерін есеп шығарғанда және өмірде практикада қолдана алады.
Сабақтағы әдіс-тәсілдер: Диалогтік оқыту. Сын тұрғысынан ойлау. АКТ.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Топқа бөлу
Қызығушылықты ояту: Оқушыларды топтастыру кезінде «Шын жүректен» тренингін өткізгеннен кейін, «Жақсы тілектер» бойынша топқа бөлдім. Оқушылардың қолдарына 3 түрлі «Жақсы тілек» «Көтеріңкі көңіл», «Әдемі әзіл» жазылған открытқа беремін. Олар өздеріне берілген открытка түрлері арқылы топқа бөлінеді. Бастарын иіп бір-бірлеріне сәлемдесу рәсімдерін жасатамын. Сабақ басталғанда мұғалімдермен амандасады да, қолдарындағы открыткалар бойынша топтасады.
Мағынаны ашу:
Интерактивті тақта арқылы бірлік шеңбер суреті көрсетіледі және бірлік шеңбердің моделі көрсетіледі.
Сабақ тақырыбын ашу сұрақтары:
-Суретте не көрсетілген?
-Суреттегі шеңберді неге бірлік шеңбер деп атаймыз?
-Координаталық осьте орналасуына байланысты тригонометриялық функциялар атаулары?
Оқушылар ойланып сұрақтарға қызығушылық танытады. Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ тақырыбын ашады
Электронды оқулық.Интерактивті тақта. Сұрақтар.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру Оқушылардың үй тапсырмаларын орындағандығын дәптерлерінен тексеремін.Формуланы жатқа айтуларын сұраймын. Әр топтан бір-бірден оқушы шығып тақтаға жазады. Топтардағы оқушылар формуланы жатқа айтып щығады Интерактивті тақта.
ІV. Ауызша есептеулер І, ІІ, ІІІ топтарға ауызша есептер беріледі. Топтағы оқушылар берілген есепті ауызша шығарады.Оқушылар түгел тартылады.
V. Оқулықпен жұмыс: 1.Оқулықтан есептер беремін.
№445
№448
№449 Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды бірлесе отырып орындайды. Содан соң тақтаға жазады. Оқушылар «Түртіп алу» әдісін қолданып, есептерді дәптерге жазып алады. Әр бөлімде оқушылар өздерін «Бағдаршам» әдісімен бағалап отырады.
V.Дидактикалық материалмен жұмыс Дидактикалық материалдан есептер беремін.
Оқушылар плакатқа жазылған есептерді топ болып орындайды.Тақтаға жазады.
VI. «Қатені тап» Слайдқа 3 топқа 3 тапсырма жазылады.
Қатесін тап
1.Есепте:
Cos1800 +3 Sin900= 1+3•1= 4.
Жауабы: 2
2.Өрнекті ықшамда:
(1-Sinα)(1+Sinα)=1-Sin2α =Cos2α
Жауабы:Cos2α.
3. Sinα= ; 900< α< 1800 болғанда Сosα-ны табыңыз.
Жауабы:-
Топтар өздеріне берілген тапсырмадағы қатені табады.Егер таба алмаса бөтен топтар жәрдемдеседі.
VII. Тест. Слайдқа тест сұрақтары жазылады.
1. Өрнектің мәнін есепте:
Sin23040 +Cos23040
а) 1. в) 0 с) 2
2. Өрнекті ықшамда:
1-Sin2600•Ctg2600
а) в) . с) 1
3. Өрнектің таңбасын анықта:
Sin1280•Cos3650•tg7270•Ctg3000•Sin150
а) оң в)оң да,теріс те бола алады с)теріс.
4.Өрнекті ықшамда:
(1+Sinα)(1-Sinα)
a) Cos2α . в) Sin2α c) tgα
5. tgα - ның мәнін есепте:
Sinα= ; Cosα= ; болғанда tgα=?а) 1 в) с) -1
Белгіленген уақыт өткен соң оқушылар тестті слайд арқылы тексеріп өздерін «Бағдаршам» әдісімен бағалайды.
Ітоп. «Синквейн» жасау
ІІтоп. «Жүк журналы»
ІІІтоп. «Фишбон» әдісі . Оқушылар бүгінгі сабақтан алған жаңа ақпараттарын айтып сабақты қорытындылайды Қорытынды сұрақтар
VIII. Бағалау 2жұлдыз, 1тілек арқылы өз-өздерін бағалайды.
Топ басшысы өз тобын бағалайды «Бағдаршам» әдісі
Оқушылармен кері байланыс. Көңіл-күйге байланысты смайликтерді таң дайды. Сабақта нені білді, не білетін еді, нені білгісі келетінін стикерлерге жазып жапсырады.
IX. Үйге тапсырма №451, 452, 453 Алгебра-9