- Учителю
- Математика апталығы 5-6 сынып
Математика апталығы 5-6 сынып
ОҚО Сарыағаш ауданы
№127 Т.Бердияров атындағы
жалпы орта мектебінің математика пәні
мұғалімі Аулан Анар
Тақырыбы: «Тапқыр математик» математикалық сайыс
Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
- Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
- Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.
Түрі: Жарыс сабақ
Әдістері:Сұрақ -жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік, демонстрация
</<font face="Arial, serif">Сабақтың өткізілу формасы: Топпен жұмыс
Көрнекілігі: Газеттер,кеспе қағаздары,шарлар,математикалық ребустар,сөзжұмбақтар.
1-Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар!
Уа, жарандар, жарандар!
Мына бізге қараңдар
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қостаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Ғылымдардың атасы
Математика пәнінен
"Тапқыр математик " сайысын бастаймыз.
2-Жүргізуші: -Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін -математика, сондықтан да оны оқу керек, » - деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
1-Жүргізуші: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек.
Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:
1 «Кел, танысайық!» (топтардың атымен, ұранымен танысу)
2 «Кім жылдам?»
3. «Сандар сыры»(мақал-мәтелдер сайысы)
4. «Ойлан, тап!»(сөзжұмбақ)
5. Би(испанский 5класс)
6. Ойын(стакандағы суды төкпей есеп шығару)
7. Жаңылтпаштар сайысы
8.Көрермендер сайысы(жұмбақтар сайысы)
9.Ребус шешу
10. Бәйге(топ басшылар сайысы)
«Ән ұран» айтылды
2-Жүргізуші:
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушылар:
І топ: «Зерек» тобы
ІІ топ: «Жігер» тобы
Бағдарлама бойынша І кезең «Кел танысайық».
1-топ: « Зерек» тобы
Топ басшысы: Марданбай Нұрғазы
Біздің ұран: « Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім»
2-топ: « Жігер» тобы
Топ басшысы: Манапова Балжан
Біздің ұран : «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»
2 кезең «Кім жылдам»
Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде - дегендей сайысымызды «Кім жылдам?» деген кезеңінен бастайық.
Әр топ мүшелері шарларды таңдайды, сұрақ оқылады, сол сұрақтарға лезде жауап беру керек.
3-кезең «Сандар сыры»
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Төртінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең - деп «Сандар сыры» атты келесі кезеңге көшейік.
Мұнда екі топ бір-бірімен мақал-мәтелдер айтып жарысады.
4-кезең «Ойлан,тап»
(Әр топ бір-біріне өздері жасаған сөзжұмбақтарын береді.)
5-кезең «Би»
( 5а сыныбының испанша биі)
6-кезең «Кім жүйрік»
(Бұл кезеңде әр оқушы стақандағы суды төкпей алып барып,есепті дұрыс шығаруы керек. Әр дұрыс шығарылған есепке 1 ұпайдан қосылады)
7-кезең «Жаңылтпаштар сайысы»
(Әр топ кезек-кезек жаңылтпаштар айтып жарысады)
8-кезең «Көрермендер сайысы»
Бұл кезеңде көрермендерге және әр топқа жұмбақтар жасырылады. Көрермендерге сұрақтар беріліп, дұрыс жауапқа сыйлықтар беріледі.
І топқа: 1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
2. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат - үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1 - Марат, 2 - Асет, 3 - Талғат
3. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар
4. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
ІІ топқа: 1. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат
2. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
4. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
6 кезең « Бәйге» қорытынды кезең .
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына -дей келе, «Бәйге» кезеңіне де жеттік. бұл кезеңде топ басшылары сайысы. Берілген сұраққа 1 мин ішінде қай топ басшысы көбірек жауап береді.
Зерек тобына
-
Ең кіші жай сан(2)
-
30минут шамамен неше сағатқа тең?(жарты сағат)
-
378 саны 3-ке бөлінеді ме?(ия)
-
Қарама-қарсы сандардың қосындысы(0-ге тең)
-
Жарты алманың жартысы неге тең?(1/4төрттен бир)
-
Тік төртбұрыш ауданының формуласы(S=a*b)
-
60 санының 50%-ын тап(30)
-
1 метрде неше сантиметр бар(100см)
-
Сәуленің ұшы болады ма?(ия)
-
Ең кіші үш таңбалы сан(жүз)
Жігер тобына
-
Қандай сандар 5-ке бөлінеді(соңғы цифры 0-ге және 5-ке аяқталатын сандар)
-
Бір жылда неше күн бар?(365, 366)
-
Құрамында әріпі бар өрнек қалай аталады?(әріпті өрнек)
-
90 градустан кіші бұрыш(сүйір бұрыш)
-
Квадраттың ауданын есептейтін формула(S=a^2)
-
Қандай сан 9-ға бөлінеді?(цифрлардың қосындысы 9-ға бөлінетін сан)
-
Қай санды бөлуге болмайды?(0)
-
Ең кіші натурал сан(1)
-
Барлық қабырғасы тең төртбұрыш(квадрат,шаршы)
-
Ең үлкен екі таңбалы сан(99)
Жүргізуші:
-Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап өтсек.( Оқушыларды грамотамен марапаттау.)
Математика-толған тәртіп, мағына мен мән
Математика-толған тамаша заңдылық пен сән
Математика-толып жатқан терең сыр
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарыағаш ауданы
№127 Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебі
Тақырыбы:
«Тапқыр математик»
Сыныбы: 5-6 сыныптар аралығындағы апталық
Математика пәнінің мұғалімдері:
Раева Гүлдана
Налибаева Роза
Аулан Анар
Келдебекова Гуля
2016 оқу жылы