- Учителю
- Вне классный урок по математике 5-6 класс
Вне классный урок по математике 5-6 класс
Сабақтың тақырыбы: «Көңілді тапқырлар»
5,6 сыныптар аралығындағы математикалық сайыс
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік: Интерактивті тақтада жазылған жинақтар, қоржындағы әртүрлі карточкалар.
Сайыстың түрі: дәстүрлі емес, білім сайысы
Жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: (Оқушыларды топтарға бөлу, топ басшысын, әділқазылар алқасын сайлау.)
І. «Кім жүйрік ойға- сол алады»- деп логикалық сұрақтарға жауап береміз.
1. Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағат 20 мин. ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір? / екеуі тең/
2. Үш пар ат 30 км шапса, әр ат қанша км шабады? / 30 км/
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? /16/
4. Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? /екеуі/
5. Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды, әрқайсысына 6 алмадан тиді. Бұл қалай болғаны? / 1 ата, 2 әке, 4 баласы/
6. Жанарда бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы қанша алма?
/ 3/
7. Тоғайда 10 қарға отыр. Аңшы 2-еуін атып алды. Нешеуі қалды? /2/
8. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың нешеуі қалды? / түйеқұс ұшпайды/
9. Екі қолда 10 бармақ, 10 қолда неше бармақ? /50/
10. Жаңа туған пілдің баласы 1 т-ның бөлігін тартады. Пілдің баласы неше кг тартады?
/ 125 кг/
ІІ. Мақал-мәтел айтайық,
Асулардан асайық.
Білім шыңына жетейік,
Кедергіні жеңейік,- деп сандармен берілген мақал- мәтелдер айтып жарысады.
- 2 жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
- 7 атасын білмеген жетесіз
-білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
- 5 бармақ жұмылса, жұдырық болады.
- 30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды.
- 1 кісі қазған құдықтан, 1000 кісі су ішеді.
- 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім іл.
- 50 жылда ел жаңа.
- ердің 2 сөйлегені өлгені
-қызға қырық үйден тыйым.
-жүз сомың болғанша, жүз досың болғаны артық.
-Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
Сергіту сәті:
ІІІ. Жұмбақтар шешу.
-
VI-IV=ХІ бір шырпыны қозғау арқылы дұрыс теңдік шығар. / VI+V=ХІ/
-
Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім? /Айжан-Мұрат,
Маржан-Асқар/
-
Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әртүрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
/Үлкені- Аян
Ортаншысы-Абзал
Кішісі-Арман/
-
Бір үйге ұрылар түспекші болады. Оларды байқап қалған кемпір ұрылар естісін деп,-
«Сапырып2 Сарманға бер,
Құйып2 Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те, маған бер»,-деген екен. Мұны естіген ұрылар «Мұнымыз бекер болар, бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адамдар нешеу, ұрылар нешеу? / 10 адам, 5 ұры/
-
Түйе бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты, қос ешкі
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой. / 17/
IV. «Суретшілер сайысы»
(Әр топтан үш оқушы шығып, қатарынан екі қолымен математикалық фигураларды салу қажет)
V. «Фигураларды таңда» тренингі
( үшбұрыштар, төртбұрыштар, тіктөртбұрыштар, дөңгелектер, қиғаш сызықтарды әр оқушы өзіне ұнаған фигураны таңдайды)
VI. Қорытындылау. (Сөз әділқазыларға беріледі.)