- Учителю
- Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту
Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту.
Сынып: 5 «а»
Мерзімі: 3.02.15.
Сабақ мақсаттары: Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту алгоритмін айта білу;
алгоритмді пайдаланып есептер шығара білуге дағдылану.
Міндеттері: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, сыни тұрғыдан ойлауға,алған білімдерін есеп шығару барысында
қолдана алу біліктіліктерін дамыту.
Сабақтың түрі: есеп шығару
Пәнаралық байланыс: тарих,
Құралдар:түсті қарындаштар мен фломастер,маркелер,өшіргіш, смайликтер
Әдіс-тәсілдер:Оқу мен оқытудың жаңа тәсілдері, жеке жұмыс, топтық жұмыс, диалогтық оқыту
Оқыту нәтижесі:Алгоритмді айта алады, алгоритмді пайдаланып, ондық бөлшектерді натурал санға көбейте біледі.
Көбейту тәсілдерін меңгенген.
Сілтеме:оқулық, математика 5 сынып, Т.А. Алдамұратова, Е. С. Байшоланов, Алматы «Атамұра» 2010
-
Сабақ кезеңдері
Уақыт
Кірікті
рілген модуль
Мұғалімң іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Білу
2
5
Оқу мен оқыту
дың жаңа тәсілд.
Кезбе тілші
Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу:оқушылар түрлері әр түрлі кір қыстырғыштар арқылы топтарға бөлінеді.Онда көк, кызыл, жасыл түстер бойынша үш топқа отырады.
Кезбе тілші стратегиясын пайдаланамын,
Топтар кезектесіп келесі топқа сұрақ қояды, келесі топ жауап береді.
Топта талқылау.
Оқушылар кір қыстырғыштарды алу арқылы3 топқа бөлінеді. Онда
1.көк,
2. қызыл,
3. жасыл, бұл түстер топтарда да көрсетіліп тұрады. Оқушылар сол бойынша орналасады.
Ондық бөлшекті натурал санға көбейту алгоритмі
- үтірге назар аудармай, натурал санды көбейткендей көбейту керек;
- ондық бөлшекте неше ондық таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.
Бағалау (бармақпен)
Жұптық жұмыс(дәптерлерін көршісімен ауыстырып, тексереді)
Бағалау (жұптық)
Түсіну
9
ОмОЖТ жеке жұмыс
"Қас қағым сәт"-үтірін тап
1,83 × 10=1 8 3
12,085 × 100=1 2 0 8 5
7,5492 × 1000=7 5 4 9 2
1,51 × 10= 1 5 1
91,065 × 100=9 1 0 6 5
2,1561 × 1000=2 1 5 6 1
0,103 × 10=1 0 3
2,758 × 100=2 7 5 8
63,0457 × 1000=6 3 0 4 5 7
Оқушылар өздеріне берілген тапсырма бойынша есептерді орындайды, білімдерін ортаға салады, есепті топтатүсіндіреді.
Бағалау(парақшамен)
Қолдану
10
Оқулықпен жұмыс, оқушы-лардың жас ерекше-лігіне сай оқыту
Кітаппен жұмыс. Оқулықтағы есеп 3 топқа бөлініп беріледі.
В деңгейі
Мәселе есептер.
І топ: Жолаушылар поезында 15 вагон бар. Оның 0,6-сы купелі вагондар, қалғандары плацкарт вагондар. Жолаушылар поезында неше плацкарт вагон бар?
ІІ топ: «Ту-134» ұшағы 900 км/сағ жылдамдықпен, ал 0,4 сағ 850 км/сағ жылдамдықпен ұшты. Ол барлығы қанша қашықтықты ұшты?
ІІІ топ: бір диванды қаптауға 3,25 м, ал бір орындықты қаптауға 0,75 м мата керек. 2 диванды және 12 орындықты қаптауға неше метр мата қажет?С деңгейі
І топ - №1060(1),
ІІ топ -№ 1060(2),
ІІІ топ - № 1060(3).
Сергіту сәті
Тақтада есепті шығару
В деңгейі
І топ. 6 вагон
ІІ топ. 1690 км
ІІІ топ. 15,5 м
С деңгейі
№1060. 1) 4; 2) 30; 3) 18,55
Бағалау(бармақпен)
Талдау
6
ОмОЖТ оқушы-лардың жас ерекше-лігіне сай оқыту
"Кім тапқыр?"
9,*3 2,0*
*5 4*
**1* 1*40
**06 *32
2**,75 93,**
9,03 2,08
25 45
4515 1040
1806 832
225,75 93,60
Оқушылар тапсырманы орындайды.
Бағалау(шапалақ арқылы)
Жинақтау
5
Талант
ты, дарын
ды оқуш.
"Қатесін тап"
2,585 0,0091 89,701
7 5 3
17,195 5,0445 259,104
Оқушылар жазылған есептің қатесін тауып, әр топ өздерінің тұжырымдарын дәлелдейді
Бағалау(смайликпен)
Рефлексия,
Үйге тапсырма
5
2
ОүБжОБ
Талант
ты, дарын
ды оқуш.
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасау,
№1064. Ойланайық
Ұжымдық шаруашылықта 200 қой бар. 1 қойдан шамамен 4,3 кг жүн қырқылады. Жүнді жуғанда, ол массасының 1,3 кг жоғалтады. 1 кг таза жүннен 0,7 м мата тоқылады. Ұжымдық шаруашылықтағы барлық қойдан қырқылған жүннен неше метр мата тоқылады?
№1059, алгоритм (1046 қосымша талдауға)
Оқушылар бүгінгі тақырыптан ұққанын, ұнаған , ұнамағанын 3-4 сөйлеммен жазып, кір жаятын жіпке іледі.
Шешуі: 4,3-1,3=3 (кг таза жүн),
200*3=600 кг, 600*0,7=420(м мата).
Жауабы: 420 м мата тоқылады.
Бағалау(бағалау парағы)
Бағалау парағы
(әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі)
Оқушының аты
Білу
Түсіну
Қолдану
Талдау
Жинақтау
Бағалау
Баға
Сабақ тақыры-бын анықтап, мақсатқа шығу
Сұрақтарға жауап беру
Математика-лық диктант
Қас-қағым сәт
Оқулық-пен жұмыс
Деңгей-лік тапсырма
Кім тапқыр?
Қатесін тап
Өз ойын білдірді
Шығармашылық тапсырма
Бағалау: 8 - 10 ұпай - «5»
6 -7 ұпай -«4»
4 - 5 ұпай -«3»
3 ұпайдан кем -«2»