- Учителю
- Презентация на казахском языке 'Оқушыларды математика пәніне қызықтыру'
Презентация на казахском языке 'Оқушыларды математика пәніне қызықтыру'
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойыны
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа үйрету, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, есеп шығару, логикалық есептерді шығаруды үйрету.
Әдісі: сұрақ- жауап, есеп шығару.
Жоспары: 1. «Бәйге»
2. «7 жұмбақ»
3. «Көкпар»
4. «Полиглот»
5. «Жорға»
6. Көшбасшыны анықтау
7. Қорытынды.
Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысына қош келдіңіздер!
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа,
Жасықтықтан емессің сен, қаталдансың.
Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән математика атанғансың, - дей келе ортаға ойыншыларды шақырамыз.
Жүргізуші -1. Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - деп «Бәйге» жарысын бастаймыз. Бұл сайыста 30 сұраққа ойыншылар жауап береді, көп ұпай жинағаны келесі сайысқа қатысады.
Жүргізуші -2. Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп- қисап, сан, цифр термек үшін.
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім, оларды айтып бермек үшін - деп ендігі сайыс «7 жұмбақ». Мұнда есеп беріледі. Ойыншылар арасынан ұпай алмағандары ойыннан шығарылады.
Жүргізуші -1. Ұшқыр ойда серік шеберлік,
Сөз кезегін ойыншыға берелік.
Арамызда тапқыр бала көп екен,
Оларды енді жарыстырып көрелік, - деп келесі сайыс «Көкпар» сайысы. Есептер шығарылады.
Жүргізуші -2. Білімнің басы - бейнет, соңы- зейнет - деп келесі «Полиглот». Мұнда мақал- мәтел айтылады. Жасырылған сөзді тауып, орысша, ағылшынша аударылады. Жауабын таппаған оқцшы ойыннан шығады.
Жүргізуші -1. Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл- ойға кен дейді,- деген «Жорға» сайысын бастаймыз. Ойыншының әрқайсысына 10 сұрақ, сол мезгілде жауап беру керек, ұтылғаны ойыннан шығады.
Жүргізуші -2. Білім оймен, арымыз,
Рухани нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз баріміз -деп соңғы сайыс «Көшбасшы».
(Плакатта жазылған сұрақтарға «Миллион кімге бұйырады?» ойыны бағыты бойынша тапсырмаға жауап береді. Соңғы қалған оқушы көшбасшы болып есептеледі).
Жүргізуші -1. Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашан осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым, - деп 11 сынып оқушыларына ақ жол тілейміз. Қош, сау болыңыздар!