- Учителю
- урок по геометрии на тему 'Пирамида' (11 класс)
урок по геометрии на тему 'Пирамида' (11 класс)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ
«М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Пирамида»
(панорамалық сабақ)
Сыныбы: 11
Өткізген: Сүлейменқұлова Сабира Қуанышбекқызы
М.Әуезов атындағы орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Пирамида
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға пирамида туралы жалпы мәліметтерді меңгерулеріне ықпал жасау
СТО-ға қатысты мақсаты:
СТО технологиясын пайдалана отырып, тақырыпты жан-жақты меңгерулеріне жол сілтеу
Сабақтың міндеті:
-
«Пирамида» тақырыбын меңгерулеріне қолайлы орта тудыру;
-
Жаңа тақырып пен өтілген тақырыпты байланыстыра отырып, білім бен білік дағдыларын қалыптастыру;
-
Есте сақтау, елестету қабілеттерін дамыту;
-
Оқушылардың бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың СТО-ға қатысты міндеті:
-
Оқушы сабақты меңгереді;
-
Пирамиданың өмірдегі қолданысын айта біледі;
-
Өз ойын еркін жеткізе алады;
-
Бір-бірін тыңдап, пікірін айта алады.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, оқу, түсіндіру, баяндау, өмірдегі қолданысын
дәлелдеу, талдау
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар, геометриялық
фигуралар, плакаттар
Сабақта қолданылатын технология: «СТО» технологиясы, АКТ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру (1,5 минут)
Эпиграф: Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда
Үлкен арман керек екен адамға
(Әбу Насыр Әл-Фараби)
І. Шаттық шеңбері «Жүректен-жүрекке!»
Құрметті оқушылар, ортаға шаттық шеңберіне келіңіздер! Менің мына қолымдағы жүректі бір-бірімізге жылы сөздер, тілектерімізді айтып, алдағы барлық сынақтардан сүрінбей өтетінімізге сенімді болып шеңбер бойымен айналдырып шығамыз. Бір-біріміздің айтылған тілектерімізді қайталамайыз.
ІІ. Топқа бөлу
Кеспе қағаздарда фигуралар берілген, осы фигураларды оқушылар өз еріктерімен таңдап алады, сол бойынша топқа бөлінеді
Қызығушылықты ояту (4 минут)
«Интервью» стратегиясын пайдаланып, оқушылар өз топтарының атын қорғайды. Яғни, әр топ өз тақырыптарын ашады.
Топтағы оқушылар тақырып бойынша сөйлеседі, копжақтар деген не, призма деген не, параллелепипед деген не екенін айтып түсіндіреді немесе сурет арқылы түсіндіреді, фигураны жасауына да болады.
Мағынаны ажырату (20 минут)
Топтардың алдына пирамида фигурасы қойылады (2 минут)
«Терминдерден болжау» стратегиясын пайдаланып, оқушыларға сұрақ қойылады.
-
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз не туралы болады деп ойлайсыздар?
-
Тақырыпта қандай мәселелер қаралады?
Бұл сұрақтарға жауап берін болғаннан кейін оқушыларға тақырыпты оқу тапсырылады, яғни жаңа тақырыпты өз беттерінше меңгереді. (2 минут)
Блум таксономиясына «Кубизм» әдісін кіріктіру (13 минут)
«БІЛІМ»
Суреттеу
пирамиданың суретін салу, түсіндіру
«ТҮСІНУ»
Зерттеу
пирамиданың элементтері жайлы мәлімет беру
«ҚОЛДАНУ»
Қолданысы
пирамида фигурасы қай жерде қолданылады, қалай қолданылады, қандай мақсатта қолданылады
«ТАЛДАУ»
Талқылау
пирамиданы өмірде пайдаланудың қажеті бар ма? Әлде жоқ па? (талқылап көрсету)
«СИНТЕЗ»
Елестету
пирамиданы мен қалай пайдаланар едім...
«БАҒАЛАУ»
Айырмашылығы
өткен тақырыптағы призма және параллелепипедпен салыстырып, айырмашылығын көрсету
Оқушылардың пікірін тыңдап біткенде жаңа тақырыпты слайдтың көмегімен өз беттерінше баяндау, яғни түсініктерін айту сатысымен жалғастырылады. Оқушылардың ойын толықтыру мақсатында мұғалім тарапынан қосымша жол сілтеледі. (3 минут)
Ой толғаныс (5 минут)
«Топтастыру» стратегиясын пайдаланып, әр топқа пирамиданың суреті беріледі, топ ішінде бүгінгі сабақтан алғандары туралы қысқаша қорытынды, яғни сабақтан не алғандары туралы плакатқа түсіреді.
Үйге тапсырма беру
-
Пирамида тақырыбын оқу
-
Теоремаларды дәлелдеу
-
Реферат «Пирамиданың архитектурада қолданылуы»
Бағалау
Құрметті оқушылар, сіздерге мына өздеріңіздің макеттеріңізді қолдарыңызға ұстатамын. Алдарыңызда тұрған білім пирамидасына бүгінгі сабақтан алған білімдеріңізді бағалаңыздар.
Оқушылар қолдарындағы суретті плакаттағы пирамиданың кез-келген жеріне қыстырады, сонымен өз-өздерін бағалайды.
Бекіту:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана біліммен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей өздеріңізге деген сенімдеріңіздің арқасында мына білім пирамидасының биік шыңына шығуларыңызға тілектеспін! - деп пирамиданың төбесіне өзімнің қолымдағы топтың суретін қыстырамын.
Сабаққа қатысып, ат салысқандарыңызға көп рахмет!!!