7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Алгебралық қосынды. ҚОсудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық қосындының мәнін табу. '

Ашық сабақ 'Алгебралық қосынды. ҚОсудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық қосындының мәнін табу. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе қаласы №56 жалпы орта білім беретін мектеп

Математика пәні мұғалімі: Турешова Ф.С.

Класс: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Алгебралық қосынды. Қосудың ауыстырымдылық және
терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық қосындының мәнін табу.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: алгебралық қосынды, өрнектерді қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып есептеуді меңгерту.
Ә) Дамытушылық: деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыстану қабілетін арттыру, алгебралық қосындыны есептей білу дағдысын жетілдіру.
Б) Тәрбиелік : сабақ барысында оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, шапшаңдыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: үшөлшемдік әдістемелік жүйе
Сабақтың көрнекілігі: презентация, жұмыс дәптері, оқулық, бағалау парақтары, стикер
Оқыту нәтижесі: топқа бөлу барысында жағымды психологиялық ахуал тудырамын. Балалармен бірге топ ережесі құрылады. Тақырыпқа теориялық талдау жасалады. Оқушылар жекелеме,жұппен,топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қортындылайды, бағалайды. Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу Шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке» мұғалім бірінші тілек білдіреді Оқушылар тілекті бір-біріне жалғастырып,тілек айтады Топқа бөлу - әртүрлі суреттер таратады, топ ережесін құрады, тақтаға плакат іліп, оқушылар дан: -Топпен жұмыс істеу үшін топ мүшелері қандай ережелерді сақтау керек? т.б. сұрақтар қояды. Алдағы уақыт та осы ережелерді басшылыққа алып,топтық жұмыс жасайтындарын айтады.

Сыныпта оқушылардың қатысуын қадағалау, сынып оқушыларын 4 топқа бөліп отырғызу, топ басшысын сайлау, бағалау парақтары тарату. Оқу құралдарын алып, сабаққа назар аудару;
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген №480, №488 есеп нәтижесі таратылады. Оқушылар бір - бірін тексереді. Бағалау парағына дұрыс жауапқа сәйкес ұпайды жазамыз.
Бағалау парағына назар аударыңдар. Мұнда сабақта орындалатын жұмыстар жазылған, әр жұмыс бойынша оқушылар тиісті ұпай алып отырады. 3. Өткен сабаққа шолу
Ойланайық! Әр топқа 2 сұрақтан қойылады.
1. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?
2.

3. Екі теріс санның қосындысы теріс сан ба, әлде оң сан ба?
4. -7+6,3

5. Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін тұжырымдаңдар.
6. 1,5-2

7. Теріс санның модулі үлкен болса, қосынды теріс санба, әлде оң сан ба?
8. - 3,5+4,4

Үш тұғырлы тіл бойынша таңбалар ережесін өмірмен байланыстыра тұжырымдап айту.

+(+)=+ Менің досымның досы менің досым.

+(-)= - Менің досымның жауы менің жауым.

- (+)= - Менің жауымның досы менің жауым.

- (-)= + Менің жауымның жауы менің досым.

4. Жаңа сабақ. Әр топ тапсырма бойынша топта талқылап, талдап, плакатқа топтар кезектесіп жазады. Оқулықпен жұмыс Нақты деректермен жұмыс жасайды.

5. Оқулықпен жұмыс. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі:

1-топ: № 492

2-топ: № 493

3-топ: № 494

4-топ: № 495

6. «Семантикалық кесте». Мұнда теріс сандар жөнінде өз еңбектерінде көрсетіп, алайда өзі ол жайында мойындамаған грек математиктің аты-жөні жасырылған. Ғалым еңбектерінде «теріс» сан шықса, «мүмкін емес» деп тастап кеткен. (Диофант)


0

-1

-50

2,9

-9

-63-(-13)

С

П

Р

О

Д

Т

Е

Ш

К

И

Л

М

Н

Ь

18-27

Ә

Г

Л

Ң

Қ

І

О

-2,5+1,3+4,1

Ң

І

С

У

Ж

Ф

Э

Ү

Ф

Й

А

Б

Ю

З

Ө

Н

В

Я

Ғ

Ы

Д

Т

Ч

П

Х

Щ

Я

Қ



7. ТЕСТ
1) Тура теңсіздікті көрсет:
а) -4 < -5; б) -5 < -7 ; с) -7 < -5
2) Теңдеудің түбірін көрсет: |х|+1=4
а) -5; 5; б) -3; 3; с) -3
3) -(-(-(-7))) неге тең?
А) 7; б) - 7; с) 0
4) -30; 0,2; -9 сандарының қайсысының модулі үлкен?
А) 0,2; б) -9; с) -30
5) -20; 0,4: -7,4 сандарының қайсысының модулі кіші?
А) -20; б) 0,4; с) -7,4

Дұрыс жауабы

1

2

3

4

5

С

Б

А

С

Б

8. «Балық қаңқасы». Оқушыларға сұрағымен қоса жауабы берілген стикер (тақырыпқа байланысты есептер, сұрақтар жазылған) таратылады, «балық қаңқасына» сәйкестендіріп жабыстыру керек.

9. Сергіту сәті: « Сағат » тілек айту

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Қандай өрнек алгебралық қосынды деп аталады?

2. Қосудың ауыстырымдылық қасиетінің тұжырымдамасын айтыңдар.

3. Қосудың терімділік қасиеті әріптермен қалай жазылады?

4. Таңбалар ережесін тұжырымдап айтып беру.

Сабақты қорытындылау: Топтағы оқушылар бір-бірін бағалайды. Жинаған ұпай санын жинақ экранына жазу. Ұпай санын жинақ экранына жазады.

Рефлексия (Сабақ ұнады ма? Не қызықты болды? Не қиын болды?)

Оқушылар пікірлерін жазып, табыс ағашына іледі.

Үйге тапсырма: № 497 (В тобынан), №502 (С тобынан)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал