- Учителю
- Ш- Ж дыбысы мен әріптері
Ш- Ж дыбысы мен әріптері
Ш- Ж дыбысы мен әріптері
Сабақтың мақсаты:1. Дыбыстарды салыстыра біліп,бір-бірінен ажырата білу.
2. Көру,есту,еске сақтау қабілеттерін фонематикалық түйсіктерін .сөздік қор, таным белсенділіктерін дамыту.Грамматикалық құрлым,байланыстырып сөйлеуін дамыту.
3.Тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу.
</ Материалдар: Суреттер жазғы ойындар,құстар,жануарлар,жеке суреттер,сюжеті суреттер,өлең,мәтін,жұмбақ,жаңылтпаш,тірек сөздер,ойыншықтар,лото.
Сабақтың барысы.
1Ұйымдастыру.Психо жаттығулар
2Сабақтың тақырыбын хабарлау. Ребусты шеш(көжек,қонжық)
Үшнші,төртінші дыбыстарды табу.Ш-Ж
3 Артикуляциялық,акустикалық белгілеріне мінездеме мінездеме Ш-Ж Тіл ұшы таңдайдың алғы жағынакөтеріледі,бірақ таңдайға тимейді,бүйірлері жоғары азуларға тиеді.жабысқан.Еріндер аздап дөңгеленіп, алға қарай шығыңқы келеді.Тістер жақындаған кезде кішкене саңылау 1-2мм қалады. Дыбыстың белгісі,қандай үйге орналастыратындарын айту Ш-Ж дауыссыз,көк үйде орналасады.
4Әріппен таныстыру. Дәптерге жазу..
5Буында айту. а)ша-жа-жа, шо-жу-шу-жо жұ-шо-шұ-жұ
Буында ажырату. 2рет қандай буынды айттым.шұ-шұ-жұ шақ-жақ-шақ
жа-жа-ша аш-аж-аш
6 Фонематикалық қабылдауларын дамыту. а)Ш дыбысы бар сөзге қол соғу.
ә ) Ж дыбысын естісең қол көтер..
Ғарыш,шағала,көжек,шекер,қарлығаш,шаш,мешін,жел,жаңбыр,жауын,шалқан,шырылдады,жыбырлады
7 Ш-Ждыбысын сөзде айту.Дыбыстық талдау.
А)Мына суреттерден Ш дыбысы бар сөздерді табу,орнын көрсету.
Ә) Мына суреттерден Ж дыбысы бар сөздерді табу,орнын көрсету
8 Жазу.Адасқан буындар қан-тыш, лын-құ-шақ,зы-ны-қо, ғай-тор,ғай-қара,қы-жыл,лау-жай.
Ш дыбысы бар сөздерді бір бағанға Ж дыбысы бар сөздерді бір бағанға бөліп жазу (шағала,жапалақ,көжек,қонжық,күшік,жылан ,лақ ,құлыншақ. . .т.б)
8 Сергіту . Саусақты жаттығу Қуыр,қуыр,қуырмаш ,
Балапанға бидай шаш...
Тауықтарға тары шаш
Қасқыр келсе мықтап бас,
Әжең келсе есік аш .
9 Өлеңде айту. Ш - Ж дыбыстарын табу.
Жуын,жуын,жуынсақ,
Қандай жақсы қуыршақ.
10 Сөйлем құрап жазу. Қандай?
Жылқы қорқақ
Көжек қорбандаған
Қонжық жүйрік
11 Оқу Жазғанын оқиды.Сөйлемде бүгін өткен дыбыс бар ма?
12 Байланыстырып айту.Өзіңе ұнайтын жануарды айт Неліктен ұнайтынын айт.
Лотомен ойын «Қай жыл мезгіліне тән?».
13 Қортынды . Қандай дыбыспен таныстық? Қандай тапсырма қиын болды?
Қандай тапсырма ұнады. Келесі сабақта қандай тапсырма орындағыларың келеді?
Сабақ аяқталды.