7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Ғасыр індетінен сақтанайық!

Тақырыбы: Ғасыр індетінен сақтанайық!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


«№ 21 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі.



Тақырыбы : «Ғасыр індетінен сақтанайық!»

Өткізген: Ағылшын пәнінің мұғалімі Нұрғалиева Т.А.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Абланова Ұ.М.


Ақтау - 2015

Ғасыр індетінен сақтанайық!


Мақсаты: Ұлттық намысты аяқ асты ететін, адам денсаулығына зиян келтіретін есірткінің адам ағзасына, қоғамға тигізетін әсері жайлы мағлұмат беру.

Жас ұрпақты жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға, ар-ұятты кіршіксіз сақтап, үлгілі,өнегелі болуға, өз денсаулықтарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, стикерлер, түрлі-түсті қағаздар, слайдтар;

Мұғалім: «Адам азса,заман тозады»-дейді халқымыз. Денсаулық-адамның ғана емес,қоғам байлығы. Сондықтан,қоғамдағы әрбір адам өзін, хал -ахуалын жетік біліп, игеріп, аурудан сақтана білуі қажет. «Жер астынан жік шықты,екі құлағы тік шықты»дегендей,жастарымыз есірткіге бой ұра бастады. Күні кешегіге дейін «нашақор»деген атау қазақ ұғымында болған емес. Енді міне,деректерге жүгінсек, республика бойынша 20 мыңнан астам нашақордың тіркелгені анықталды.Бұл елімізді жайлаған үлкен дерт. Енді есірткінің қоғамға, адам өміріне тигізер зияны туралы мағлұмат алу үшін келесі кезекте слайдтқа назар аударайық. (Слайд)

«Нашақорлық» /наркомания/ грек сөзі, оның аудармасы-«ессіздік».


-Марихуана белгілі болғанына 5 мың жыл өтсе де аз зерттелген есірткі.Ол көңіл- күйге алькоголь сияқты әсер етеді. Марихуананы жиі тарту бранхитке,өкпе ісігіне әкеп соғады.

-Апиын/кокаин/орталық жүйке жүйесіне әсер етеді,қан қысымын көтереді,тамырдың соғуы жиілейді.

-Гаша смолалы зат,ағаштардың жапырағынан алынады.Қолдану тәсілі темекі сияқты тарту,сағыз сияқты шайнау.

-Героин мидың қызметін бұзады. Миды құрғатып,кептіріп жібереді. Гераинсыз тұра алмайтын халге жетіп,тірі өлікке айналады.

Ал оқушылар келесі слайдтта есірткі бизнесінің әлемдегі ірі орталықтары : Тәжікістан,Ауғанстан,Пәкістан,Қырғызстан елдері.


Келесі слайдымыз есірткі тасымалдау жолдары.


-Дүниежүзі бойынша ЖҚТБ-ға қарсы күрес күні қашан? /1жетоқсан/

-Сана- сезім және денсаулық. Бұл екеуінің қандай байланысы бар?

( Оқушылардың сұрақтарға жауаптары тыңдалады.)

Ал енді балалар бейнефильмге назар аударайық. (Видео)

Мұғалім : Бір кездегі парасатты сұлулар,

Көрген кезде жанарыңа нұр тұнар.

Ау,аталар,ақылыңды айтсаңшы,

Ішкен асын жерге қояр,жыр құмар.

Ибалықты айырбастап шылымға,

Наша шеге бастаппыз ғой шынында

Дәл осылай кете берсек, құрбылар,

Ағып бір күн кетеміз ғой құрдымға.

Шұбарламай сөйлейікші тілді біз,

Қайта оралып жаңғырды ғой дініміз.

Салт -сана мен әдет-ғұрып,дәстүрді,

Жеткізетін ұрпаққа да мына біз.(А.Абдуллаева)


Сонымен балалар бейнефильмді көріп, мына өлеңді тыңдай отырып, өздерің қандай ойға келдіңдер? Қазіргі ұл -қыздардың оғаш қылықтарына көзқарастарың қандай?


* I-ші топ есірткіні тұтыну себептерін жазады,

* II-ші топ есірткіні қолданудан туындайтын зардаптарды жазады.

  1. Есірткіні тұтыну себептері :

1. Әуесқойлық

2. Қызығушылық

3. Топтан бөлінбеу үшін

4. Іші пысқандықтар

5. Жалғыздықтан

  1. Есірткінің зардаптыры :

  1. Денсаулығын құртады

  2. ЖҚТБ, цирроз ауруларына ұшырайды

  3. Тәуелділік пайда болады

  4. Жанұясымен арақатынасы бұзылады

  5. Шектен тыс мөлшер өлімге әкеп соғады


Қорытынды:

Мұғалім: Дүниедегі ең қымбат нәрсе, ол- сенің өмірің. Өз өмірің өз қолыңда. Ғасыр дертімен күресу үшін, салауатты өмір салтын ұстанайық- деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал