7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: 'Мамандықтың бәрі жақсы'

Тәрбие сағаты: 'Мамандықтың бәрі жақсы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы

Әулиекөл бастауыш мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

Жаукина Айгүл Кәкімбекқызы


«Мамандықтың бәрі жақсы»

3 сынып оқушылары үшін

викториналық сайыс.


Мақсаты:оқушылардың мамандыққа деген ықыласын, қызығушылығын арттыру арқылы өз қалауын жасауға мүмкіндіктер туғызу. Мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, интерактивті тақта, плакат« Мамандықтар ағашы».

Оқушылар «Шеберлер» және «Кәсіпқойлар» атты 5 адамнан

екі топқа бөлінді.

Жоспары:
I.Кіріспе. Мамандықтар туралы 3 «Ә» сынып оқушылары дайындаған әдеби-публицистикалық монтаж.

Амандасу, топтармен таныстыру. Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
II.Негізгі бөлім.
1. «Миға шабуыл»-ой қозғау. «Білімді мыңды, білікті бірді жығады»

2. «Сәйкестендір». (Мамандыққа сәйкес қасиеттерді табу).
3. «Кім, не істейді?» Ойын: «Мамандықтың бәрі жақсы».

4.Жұмбақтар сайысы. «Тапқыр болсаң тауып көр».
5.Капитандар сайысы «Қай мамандық?» (пантомима)
III.Қорытынды.
1.Бағалау.
2.Рефлексия. «Өмірмен байланыс» бөлімі.


1.Кіріспе сөз.

1-жүргізуші:-Қайырлы күн! «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында 3 «А» мен 3 «Ә» сынып оқушылары арасындағы викториналық сайысқа қош келдіңіздер! Біз бүгін «Мамандықтың бәрі жақсы» атты сайыс және ойын түрінде сынып сағатын жүргіземіз. Топтармен танысайық.(музыка, 2 топ кіреді).

2-жүргізуші: Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Мамандық - дегеніміз не? Мамандық дегеніміз - адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек. Өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу әрқайсыңның арманың.
Сендердің таңдауларың да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.


1 - жүргізуші: Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:

1. Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицейлер, кәсіптік мектептер. Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.

2. Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.

3. Жоғары кәсіптік білім: ЖОО - ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.

Диплом жалақысы жоғары, тұрақты жұмыстың кепілі емес. Дегенмен дипломсыз - ақ жұмыс жасауға әбден болады. Тек ол жұмысқа деген ебіңіз болса, болғаны.

2-жүргізуші: «Қазіргі заманның табысты мамандары».

1 - оқушы: Аниматор - суретке жан бітіруші. Мультипликатор - мультфильмдерге арналған суреттер салушы. 3D-аниматор - үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.

2 - оқушы: Витражист - көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.

3- оқушы: Декоратор - түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірімдеріне арнайы сурет, графика. Сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған. Ал шетелдік тетрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.

4-оқушы: Интерьер дизайнері - үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.

5-оқушы: Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп атауға болады. Бұл бірлікке қоюшы-суретші кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет-бейнені жасап, режисермен тығыз байланыста жұмыс істейді.

1-жүргізуші: Мамандық таңдаудың 6 қадамы:

Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.

Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.

Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық.

Мұғалім:

- -Ендеше, балалар, ойынымыздың негізгі бөліміне көшеміз.

Викториналық сайыс 4 кезеңнен тұрады: 1 -кезең: Разминка «Миға шабуыл». Әр топқа конверт беріледі.

Уақыт- 3 мин.«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын айту керек.
А, Қ, Д, М, Т әріптері беріледі.

2 - кезең: «Сәйкестендір».

-Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді, дұрыс жауапты бағыт сызығымен байланыстыр
Тренер----------- тапқыр.
Дәрігер---------- әділ.
Мұғалім--------- өте ақылды.
Журналист----- шыдамдылық.
Механизатор----өз мамандығын жетік білу.
Құрылысшы------ой - өрісі жоғары.
Заң қызметкері---мейірімді.
Өнер иесі-----------мәдениетті.

3 - кезең: «Кім не істейді?». Тақтада 10, 20, 30 ұпайға тең ұяшықтар беріледі. Топ таңдаған ұпай ұяшығын ашып, ондағы берілген мамандықтың сипаттамасына жауап берді. Берілген сұрақтар оқушыларға мамандықтар туралы қысқаша ақпарат алуға мүмкіндік береді.

«Адам-табиғат»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер.
«Адам - техника»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: техникалық объектілер (машиналар, механизмдер), материалдар, энергия түрлерімен.
«Адам-адам»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: адамдар.
«Адам-компьютер»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: шартты белгілер, цифрлар, кодтар, нағыз немесе жасанды тілдер.
«Адам-көркем образ»
Қандай объектілермен жұмыс істейді: көркем образ, образды жасау тәсілдері.

-Тақтаға назар аударыңдар. Ойын бірнеше бөлімнен тұрады. Әр топ ұяшықтарда жасырылған сұрақты таңдап алып кезекпен оларға жауап береді. Дұрыс жауап үшін тиісті ұпай алады. Егер жауап бере алмаса қарсылас топқа кезек беріледі.
-Іске сәт тілейміз!

4 -кезең. Жұмбақтар. Топтарға мамандықтар жайлы жұмбақтар беріледі, олар тез арада қолды көтеріп жауап беріп отырады.Дұрыс жауап бергенге жұлдызша беріледі.
«Ең,ең..»
1. Ең ақшасы көп мамандық қандай? (бухгалтер, экономист)
2.Ең "жасыл" мамандық қандай? ( эколог, бағбан)
3.Ең "тәтті" мамандық қандай? (аспаз, кондитер)
4.Ең "күлкілі" мамандық қандай? (клоун, карикатурашы)
5.Ең жауапты мамандық қандай? (сот, бухгалтер)
6.Ең салмақты мамандық қандай? (мұғалім, заңгер)
7.Ең қарым - қатынасы күшті мамандық қандай?

(журналист, кәсіпкер)

5-кезең. Сөз кезегі топбасшыларға келді.

Капитандар сайысы.(пантомима).Әр топтың басшысы қимылмен бір мамандықты көрсетеді. Қарсылас топ мамандықтың атын атау керек.

Дәрігер,шаштаразшы,бухгалтер.
Аспазшы,мұғалім,тігінші.

6 кезең. Ойын: «Қай мамандық иесі?» -жанкүйерлерге сұрақтар қойылады.

2- жүргізуші: Келесі кезекті «Менен сұрақ ,сендерден жауап!» бөліміне берсек.

- Тарағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Шаштараз)

- Қалағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

- Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

- Күрегі бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Диқан)


III. Қорытынды.
1. Бағалау.
2. Рефлексия. «Өмірмен байланыс» бөлімі.

-Сонымен оқушылар, бүгінгі «Мамандықтың бәрі жақсы» атты сайыста жақсы маман иесі болу көп оқып, оны келешекте мамандық таңдауда дұрыс шешім жасауға пайдалануға ой түйдік.
-Бүгін біз қандай мамандықтармен таныстық?
-Өздерің өмір сүретін Әулиекөл селосына қандай мамандар қажет деп ойлайсыңдар?
-Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды атап, алдарыңдағы жапырақтарға жазып, « Мамандықтар ағашын» гүлдендірейік!
- Белгілі бір мамандықтың иесі болу үшін не істеуіміз керек?

1-жүргізуші:-Біз оқушылар еліміздің Тәуелсіздігінің тұғыры мықты болу ушін өз үлестерімізді қосуымыз қажет , бастауыш сыныптан бастап жақсы білім алып, 11 жылдық мектепті жақсы аяқтап қазіргі заманға лайықты мамандық иесі болуымыз қажет.

2-жүргізуші:

-Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта өмірге бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Болған соң елдің сәні біз
Үміт боп қалай жанайық
Қосылып қане бәріміз
Ұстазға , мектепке бір ән арнайық .« Мектебім» әні орындалады .



ІV.Бағалау. Марапаттау.Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

Викториналық сайыстың нәтижесі бойынша екі топтың алған ұпайлары бірдей болады, сондықтан да достық жеңеді, ал оқушылар ойынға белсенді қатысқандары үшін мақтау қағазымен марапатталады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал