- Учителю
- 'Жас Қыран' 'Жас Ұлан' қатарына қабылдау
'Жас Қыран' 'Жас Ұлан' қатарына қабылдау
М.Хасенов атындағы Қошқарбай негізгі мектебі
Салтанатты жиын
Тақырыбы: «Жас Қыран» «Жас Ұлан» қатарына қабылдау
Өткізген: Жанайдарова А.Д.
Мақсаты: Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. «Жас ұлан» ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, қанатты сөздер, гүл шоғырлары, стенд т.б.
Барысы:
Жүргізуші: Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімнің жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерген,
Ертеңімен Егеменді елімнің.
Менің елім - Қазақстан Отаным!
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел.
Атпа берсін, абыройың, атағың
Бұл күнде өзіндік символикасы мен атрибутикасы бар «Жас ұлан» ұйымы туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз құттықтау сөзінде «Жас ұлан» бүкіл Қазақстанға таралып, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге, оқудың және тәртіптің үлгісін көрсетуге, Қазақстанның Тәуелсіздігінің нығайтуға, еліміз үшін қызмет етуге, патриот болуға бәріңізді баулитын болсын!»- деп атап көрсетті.
Еліміздің осындай салмақты сөзінен туындайтын міндет бүгін сезіне отырып, Тәуелсіз ел аясында, бейбіт өмірдің, қамқор Отан - ананың құшағында бақытты балалық күндерін кешіп жүрген жас достарымызды «Жас ұлан» ұйымының қатарына қабылдау салтанатына куә болмақ.
Аға тәлімгер:
Бүгінгі «Ұланымыз ұлы елдің» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!.
Бүгінгі «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларды ортаға шақырамыз.
5-9 сыныптар арасында «Жас ұлан» ұйымына 4 оқушы қабылданбақшы.
Оқуда, еңбекте, өнер және спортта өжет те қайсар, адал елгезек ұландарымызды біз үлгі етеміз
Аға тәлімгер: Отанының ер ұланы,
Жер қайысқан қалың қол.
Тәуелсіз ел ұланы
Ант беруге дайын бол!
АНТ
Салтанатты түрде ант беру рәсімі.
Мен - Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына кіре отырып:
Өз Отаным -Қазақстан Республикасының патриоты болуға.
Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге туған елім, жерім, Отанымды мақтан етуге, ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстауға, табиғатты аялауға «Жас ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін, ант етемін, ант етемін.
Білімді - көкіректе нұр деп түсін,
Жігерім, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат талап ережені,
Орындауға бәрің де міндеттісің! Құттықтау сөз мектеп директоры Хасенова М.К сөз беріледі.
Құрметті балалар, сіздерге бүгін «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдаудың үлкен қуанышты сәті түсіп тұр. Бүгінгі біздің салтанатты қабылдауымызға оқушыларларға галстук тағу рәсіміне қадірлі де, қымбаты ұстарымызды шақырамыз.
1.Мектеп директоры: Хасенова М.К.
2.ОІМ: Қалымжанова С.Т.
3.ТІМ: Баймаханова Г.Т.
4.Орыс тілі және Орыс әдебиеті мұғалімі: Жылқыбаева А.Т.
Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орманы, тауы, өзені көлі бар,
Қазағымның жерін, елін қорғайтын.
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз,
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз , еріміз.
Біз Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландары өз жерімізді, өз елімізді, өз Отанымызды қадірлеп, қастерлеуге мәңгі сүюге әрқашан қолдап - қорғауға уәде етеміз. Бүгінгі «Жас ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігіне салтанатты қабылдау рәсімін аяқтаймыз.