7


Менің ұстазым тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие шараның тақырыбы: «Менің Ұстазым ».



Тәрбие шараның мақсаты: Ұстаздарды құрметтеуге, адамгершілікке,

инабаттылыққа тәрбиелеу.

Түзеу мақсаты:Шара арқылы оқушылардың ой- өрісін, сөйлеу тілін

қалыптастыру, сөздік қорын молайту,әдеби сөйлеу тілін

дамыту.

Көрнекілігі: «Ұстазым менің -Ұстазым» т.б нақыл сөздер,бөлме

шарлармен,гүлдермен безендірілген.



Жүргізуші: Құрметті Ұстаздар,ата-аналар,шақырулы

қонақтар.Бүгін біз Ұстаздарымызға арнап «Менің

Ұстазым » атты тәрбиелік шара өткіземіз.Тәрбиелік

шарамызды бастамас бұрын психалогиялық-педагогикалық

түзеу кабинетінің меңгерушісі Хасанғалиева Бибигул

Мұтиғоллақызына құттықтау сөзін береміз.



Жүргізуші: «Ұстаз » қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне

ерекше жылулық нұрын себетін,аяулы тұлға

бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде

қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса , соның бірі-

Ұстаз.



Ұстаз деген-ұлылықтың анасы,

Ұстаз деген-ұлылардың данасы.

Ұстаз деген-жақсылардың жалғасы,

Ұстаз деген-ұлылардың қаласы.-деп кезекті әнге

жолдаймыз.

-Ән « Ұстазым » орындайтын хор.



Жүргізуші: Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,

Азбай тұрған адамның ақылдығы.-дей келе кезекті оқушыларға

жолдаймыз.

(Тақпақтар) 1) Арай берген көңілге,

Өнегесі жалғасты.

Орны бөлек өмірде,

Ұстазың бар алғашқы. Арманбек



2) Патша бол, мейлің Елбасы,

Данышпан,әлде ұлықпа.

Ұстазыңды алғашқы,

Ешқашан да ұмытпа. Дана



3) Әріп сырын ұқтырып ,

Жазуды алғаш үйреткен,

Қарсы алайық тік тұрып,

Сол ұстазды құрметпен. Әділхан

.

4) Асау тағдыр күресін,

Үйретіп-ақ жүресің.

Анамдай-ақ ардақты,

Ұстаз деген Ұлы есім. Адиет



5) Мүмкін ұлы адам боп,

Әлемге атақ жаярсың.

Қарыздармін мәңгілік,

Ең асылым ұстазым. Эльмира



6) Мектеп-бау-бақ, өрісі,

Бар өмірі алдағы.

Шәкірттері-жемісі,

Өзі білім бағбаны. Ғалымжан



7) Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат терең табалмай.

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады өлі алмай. Асылжан



8) Мұғалімді жақсы көремін сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал.

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар. Наурызбек



9) Ұлылықты ұғындырып,

Білім Берген ұстазым.

Жақсылықтың сырын ұғып,

Келеді сізге ұқсағым. Жандос





Жүргізуші: Ұстаздар -ұлттың тірегі,

Ұстаздар-мектеп жүрегі.

Ұрпаққа жетер ұстазбен,

Халықтың ұлы тілегі-деп,кезекті Солдат биіне береміз.





Жүргізуші: Ұстаз сөзі -күн нұрына пара -пар,

Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар.

Ізгілік пен мейірімге толы ол,

Шуақ болып жүректерге таралар-деп Біздің психолог

мұғалеміміз ұстаздар мен оқушылар арасында тренинг

өткізеді.



Жүргізуші: Келесі кезекте би. ( Қамажай ) билейтін.Нұрғалиева.



Жүргізуші: Мектеп -үйім,ұстаздарым ата-анам.

Сенен,сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық сен мәңгілік бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.-деп кезекті әнге жолдаймыз.



Келесі құттықтау сөзді ата-анаға және ұстаздарға береміз.



(Оқушылардың өз мұғалімдеріне сыйлықтарын табыс ету)



Жүргізуші: Осымен Ұстаздар мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз

аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Тәлімгер.орг</<font color="#666666"> Полный текст материала на тему «Менің Ұстазым ». можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал