- Учителю
- Урок 'Салауаттылық – денсаулық негізі'
Урок 'Салауаттылық – денсаулық негізі'
Сабақтың тақырыбы: Салауаттылық - денсаулық негізі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды белсенділікке, ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырыпқа сәйкес әзірленген слайд, денсаулық жөнінде даналық ойлар, үлістірме қағазы.
Мұғалім:
«Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі».
- Біз, болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар денсаулығымызға жастайымыздан қамқор болуымыз қажет.
Қазіргі кезде жеткіншектердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір сүруін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты бүкіл оқу тәрбие жүйесін салауаттандыру қажеттілігі туындап отыр. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығына 10% дәрігерлік көмек, 15% - тұқымқуалаушылықтан, 25% - қоршаған ортадан, ал 50% - адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.
Бүгінгі «Салауаттылық - денсаулық негізі» атты тәрбие сағатымыз 5 кезеңнен тұрады.
-
«Ой қозғау» (сұрақ қою арқылы тақырыпты ашу)
-
«Денсаулық зор - байлық»
-
«Кім көп біледі» (Мақал-мәтелдің жалғасын табу)
-
«Менің өмір сүру қалпым» (тест)
-
Тренинг
-
«Ой қозғау»
(Оқушыларға бүгінгі «Салауаттылық - денсаулық негізі» атты тәрбие сағатымыздың негізгі тақырыбын ашу мақсатында сұрақ қойылады)
-
Салауатты өмір деген сөзді қалай түсінесіздер?
-
Салауатты өмір салтын ұстану үшін не қажет?
-
Қазіргі кезде салауатты өмір салтын ұстану қаншалықты дамыған.
Салауаттылық бұл - әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, денсаулығынды сақтау және нығайту, зиянды әдеттерден аулақ болу және қоршаған орта табиғатты қорғау.
-
Денсаулық зор - байлық
Халықта мынадай дана сөз бар:
«Ақша жоғалтқаның - ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның - көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның - бәрін жоғалтқаның».
Ата-бабаларымыз «Денсаулық - зор байлық» деген сөзін тегін айтпаған. Денсаулық әркімнің жеке байлығы болса, дені сау адам - қоғам байлығы. Ал әрбір қоғам жеке адамнан құралады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Халық денсаулығы - Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі» деп көрсетілген. Өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы үшін зиянды әдеттерден - ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен аулақ болуымыз қажет.
Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:
-
Қоршаған орта ластығы.
-
Дұрыс тамақтанбау.
-
Тұқымқуалаушылық.
-
Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.
-
Зиянды заттарды қабылдау.
-
Тазалықты сақтамау.
-
Отбасындағы кері жағдайлар.
-
Адамда стресс жағдайы жиі болуы.
Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:
-
Дұрыс тамақтану.
-
Қоршаған орта тазалығы.
-
Дене шынықтыру.
-
Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
-
Зиянды заттарды қабылдамау.
-
Жеке бастың тазалығын сақтау.
-
Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
-
Эмоциялардың оң болуы.
III. Кім көп біледі.(Мақал-мәтелдің жалғасын табу)
Ұлылардың ұрпағымыз кешегі
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі
«Кім көп біледі» кезеңіне қатысып
Жалғасы мен жауабын кім шешеді - деп келесі «Кім көп біледі» кезеңімізді бастаймыз.
1 «Салауат»
-
Дана көптен шығады, ...(Дәрі шөптен шығады)
-
Бірінші байлық - ... (денсаулық)
-
Ауырып ем іздегенше, ...(Ауырмайтын жол ізде)
-
Арақ ішіп, ... шеккен,
Денсаулық түбіне жеткен. (темекі)
5. Ауру кісі күлкі сүймес, ....(ауыр жүкті жылқы сүймес)
2 «Денсаулық»
-
Шынықсаң ... боларсың. (шымыр)
-
Ауру батпандап кіреді,...(Мысқылдап шығады)
-
Денсаулық - ...(зор байлық)
-
... адамның арқауы. (Ас)
-
Жаның сау болса, сорлымын деме,
.....(Тәнің сау болса, жарлымын деме).
3 «Тазалық»
-
Тазалық - ...(денсаулық негізі)
Денсаулық - байлық негізі
-
Денсаулық кепілі - ...(тазалық)
-
Ішің ауырса, аузынды тый,
Көзің ауырса, ... (қолыңды тый)
-
Дені саудың... (жаны сау).
-
Ұйқы тынықтырады,.... (жұмыс шынықтырады).
IV. «Менің өмір сүру қалпым» (тест)
Тест. «Менің өмір сүру қалпым»
-
№
Дене қозғалысының түрлері
Күнделікті
Аңда-санда
Мүлде жасамаймын
1
Таңертеңгі ұйқыдан 7:00, ерте тұру
20
10
0
2
Таңертеңгі дене қозғалысы(жаттығу)
10
7
0
3
Мектепке келу
10
6
0
4
Дене шынықтыру сабағына қатысу
30
10
0
5
Сабақтан тыс іс-шаралар (секция, жарыстар, бокс, күрес)
10
5
0
6
Денені шынықтыру
5
3
0
7
Үйдегі дене еңбегінің орындалуы
5
3
0
60 - жоғары
45 - орташа
25 - төмен
Адамның ішкі дүниесінің, денесінің тазалығын тексеру.
Адам өмірі өсіп тұрған ағаш секілді. Ағаш жерден яғни топырақтан өзіне қажетті заттарды алу арқылы көктеп, өте биікке өссе, адам да қоршаған ортадан жақсы қасиеттерді жинау, меңгеру арқылы өсіп, үлкен жетістіктерге жете алады.
Тренинг. Аяқталмаған сөйлем
Бақытты өмір - бұл...
Салауатты өмір сүру үшін ...
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
«Денсаулық» сөзінің әрбір әрпінің өзі салауатты өмір салтын ашатын, сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен өрнектелген екен.
Д - демалу
Е - еңбектену
Н - нашақорлыққа жоламау
С - салауатты болу
А - алғырлық
У - уайымсыз өмір
Л - лайықты өмір
Ы - ынта
Қ - қозғалыс
-
Сонымен салауатты өмір салты бізге не үшін қажет?
-
Күнделікті өмірімізде салауаттылықты ұстанамыз ба?
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан
Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,
Пайдасы сол - бұл жолдан аулақ жүру - деп бүгінгі «Салауаттылық - денсаулық негізі» атты тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз.
-
Окушылар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар?
-
Келген қонақтарымыз оқушыларға немесе тәрбие сағаты бойынша айтар сөздері
болса...
-
Сау болыңыздар!