7


  • Учителю
  • Коспект по вне классной работе на тему 'ҚР мемлекеттік рәміздері'

Коспект по вне классной работе на тему 'ҚР мемлекеттік рәміздері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»

атты эстафета ойыны

Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы

білімдерін баянды ету және толықтыру, өз Отанына деген

мақтаныш, отансүйгіштікті қалыптастыру


Құрал-жабдықтар: плакат - ойын кезеңдерінің схемасы, суреттер, мемлекеттік рәміздердің бейнесі, кроссвордтар, тапсырмалар жазылған конверттер, командаларға баға беру жетондары, «Менің Қазақстаным» тақырыбы бойынша шығармашылық жұмыс көрмесі


Ө т у б а р ы с ы

1-кезең - «Уәждемелік»

1.Бастапқы қызығушылық тудыру. Мұғалім ойын міндетін түсіндіреді: мемлекеттік рәміз туралы білімді жақсы меңгерген, Отанына деген өз сүйіспеншілігін көрсетіп, бірлесіп жұмыс істей алатын команданы анықтау.

2.Ұжымдық мақсатын анықтау. Әрбір команда жеңуге ұмтылады, мақсатқа жету үшін - жеңуге міндет қояды. Өз қызметін жоспарлайды, қатынас ережелерін қабылдайды.

3.Тартымды танымдылық міндеттерді айқындау. Оқушылар ойын барысында өз білімдерін көрсете отырып жаңа білім меңгереді.


2-кезең - «Кроссворд шешеміз»

Командалар кроссворд шешуге тапсырма алады. Әр команда өз нұсқалары бойынша жұмыс істейді, нәтижесінде балалар жасырылған сөзді табады.

3-кезең - «Тапсырма - суреттеу»

Команда капитандары өздерінің командаларына арналған тапсырмалар бар конверттерді таңдайды. Балалар 5 минуттан соң Ту, Елтаңбаны суреттеп, Қазақстан Республикасының гимн мәтінінің негізгі мазмұнын айтып берулері тиіс.

4-кезең - «Ұжымдық шығармашылық іс»

1.Туған жер, ел, Атамекен, Отан, табиғат, үй, бесік сөздері бар мақал-мәтелдер атау;

2.Осы сөздерді қатыстырып бес жол өлең жазу.

Командалар жұмыс істеп отырған кезде көрермендерге тапсырма: Осы сөздердің мазмұнын ашатындай етіп сурет салу

5-кезең - «Қорытынды шығару»

Команда капитандары әр кезең сайын қазылар алқасының мүшелерінен жинаған жетондарын есептейді, оған «Бүгінгі іс-шараға қатысуың қандай деңгейде болды?» деген сұраққа жауапқа берген бағаны қосады да, жалпы ұпай санын тақтаға жазады. Жеңімпазды ұпай саны бойынша көрермендер анықтайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал