- Учителю
- « Елін сүйген, елі сүйген Елбасы »
« Елін сүйген, елі сүйген Елбасы »
Тақырыбы: « Елін сүйген, елі сүйген Елбасы »
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға елі сүйген,елін сүйген Елбасының өмір жолы,оқып білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағұлмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын,халқын сүюге, потриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ
Көрнекілігі: Елбасының суреттері,кітаптары,плакаттар,слайттар, Елбасы жайлы жазған шығармалары.
1-жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін .
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп,уанған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанған,
Бұл далада өске жанда жоқ арман.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн,
Артта қалды бодан болған азап күн.
Елім,жерім,қазағым деп тебіренем,
Өйткені біз - тәуелсізбіз,азатпыз.
1-жүргізуші: Қ. Республикасының әрбір азаматы тәуелсіз елін мақтан тұтатын жөні бар.
2- жүргізуші: Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өтен Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері талай- талай асқарлы асуларды бағындырдық.
1-жүргізуші: Елімізде ұлттар достығы қанат жайып келеді. Бұл жетістікке сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың сіңірген үлкен еңбегі бар.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,қадірменді қонақтар! Баршамызға белгілі еліміздің мерекелер заңына сәйкес 1-желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» болып жарияланды. Осы мерекеге орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
1-оқушы: Мемлекет басқару ісі-машақатты да, мәртебелі міндет.
2-оқушы: Басшы басқарған ел-ең бай мемлекет,халқы ең бақытты халық.
3-оқушы: 1991 жылдың 1-желтоқсанында тұңғыш рет Қ.Р-ның жалпы халықтық сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде халықтың таңдауымен-еліміздің президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
4-оқушы:
Шықты тарап ой данадан ,
Бері қарады жұлдыз беті .
Өзі қалап,сайлап алған
Елімнің бар президенті
5-оқушы: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 4-шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келді.
6-оқушы: Балалық шағы таршылық заманда өтті. Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды.шөп теріп,отын жарды.
7-оқушы: Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды. Ата-анасын құрмет тұтты.
8-оқушы: Н.Ә.Назарбаев бәрінен бұрын өз міндетін ,өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.
9-оқушы: Н.Ә.Назарбаев әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді. Ол үшін саясатшы болу бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
10-оқушы: Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды
1-жүргізуші: Қыздарымыздың орындауында «Домбыра биі»
1-жүргізуші: 1991 жылы 1- желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың президенті етіп сайлады.
11-оқушы: Оянды көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған .
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
2-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жариялады.
1-жүргізуші: 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұраны бекітілді.
2-жүргізуші: 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы - теңге айналымға енді.
12-оқушы: Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан,ақын,ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
1-жүргізуші: 1995 жылы 30 тамызда тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды.
13-оқушы: Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді ,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен,тұтастығын еліміз.
2-жүргізуші: 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан мемлекетінің елордасы болып Астана қаласы атанды.
2-оқушы: Көтерді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам,жасарып далам !
Басынан серпіп бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан отандық ұғым.
1-жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың саяси өмірін Астананың символына айналған «Бәйтерек» бейнесіне теңеді.
Бәйтерек-жер жаһанды кейіптейтін әлем ағашы. Астана көркі,адамды сүйсіндіретін ұлт мақтанышы. Ел мерейін өсірер мұндай жетістіктер Елбасымыздың ұстанған сындарлы саясатының арқасында Астана асқақтап,еліміз қарыштап қанатын кенге жаюда.
7- оқушы: Ауыр күнді артымызға тастауы,
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаның бастауы.
Жүргізушілер:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы аман болғай,
Мәңгі жаса,жас қазағым,өр халқым - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Адилбай Жәнібектің орындауында «Атамекен» әні.