- Учителю
- Егеменді елімеің ертеңін қорғау әр азаматтың борышы
Егеменді елімеің ертеңін қорғау әр азаматтың борышы
«Егеменді елімнің ертеңін қорғау әр азаматтың борышы»
(әдеби-музыкалық монтаж)
1-жүргізуші.
Армысыңдар, Отандастар!
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар,
Ұстаздар оқушылар.
2- жүргізуші: Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерекесі құтты болсын.
1 -жүргізуші:
Шығыста таң шапағы біліне бастаған кез. Еңбек адамдары қаперсіз ұйқыда болатын оқып жүрген тек шекарашылар еді. Кенет батыс жақтан ұшақтар гүрілдеп ұшып келеді. Бұл 1941 жылдың 22 маусым күні еді.
2 -жүргізуші:
Фашистік Германия қарақшылықпен Кеңес одағының шекарасына басып кірді. Неміс фашистері күшті арминге жинақтап халықты құлға айналдыру үшін майдан ашты.
1 - жүргізуші:
Иә, содан бері 67 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8 -мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. Ал, 9 мамыр күні 100 зеңбіректен бұрын-соңды болмаған 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.
1 - оқушы.
«Жеңіс» деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы,
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
2 - оқушы.
Шынында бұл - оралған мыңнан бірің,
Бақ нұрына жүзіңді жуған күнің.
Жеңіс күні - өзіңдей көзі тірі
Майдангерлер бәріңнің туған күнің.
3 - оқушы.
Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте.
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста, құрметте.
4- оқушы.
Сен құрметте оны,
Түсіндің бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккен ұстап жүрген жоқ
Қолтықтағы ұзын таяғын.
5- оқушы.
Денесін оқ паршаласа да
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық жолында аяғын.
6 - оқушы.
67 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
67 жыл шуақты күн таратты әнін.
Елімде сонан бері 67 рет
Ашылды Жеңіс Күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Соғыста тек өлгендер оралмады.
1 - жүргізуші:
1941-1945 жылдары ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағызым етіп 1 минут үнсіз тұрып еске алайық.
7- оқушы.
Сен неткен, Отан - анам, ғажап едің,
Әсемдеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отаным - қазақ елім.
Ән: Бейбітшілік
2 - жүргізуші:
Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келегн жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерленді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.
1 - жүргізуші:
Шығыстың қос шынары,
Әлия, Мәншүк - қайсар гүлі қазақтың,
Ерлігіне таң қаламын ғажап тым.
Ән; Әлия.
1 - жүргізуші:
Ағалар саптан шықпасын,
Аналар қабақ шытпасын
Бақытқа жетіп бар адам,
Сәбилер жетім қалмасын.
дей келе осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз.