7


  • Учителю
  • Бастауышым-балбұлағым атты бастауышпен қоштасу сценарийі (4 сынып)

Бастауышым-балбұлағым атты бастауышпен қоштасу сценарийі (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Бастауышым-Балбұлағым»

</ Мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Көрнекілігі: жазылған сөздер:

«Бастауышым- балбұлағым» - тақырып.

«Білім кілті - бастауышта» - слайд тақырыбы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер «Бастауышым - балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап, жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарына нұр жаусын» дей отыра ертеңгілікті ашуға рұқсат етіңіздер.



Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.

Өмір деген үлкен жолда тарландар.



Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.



1- бастаушы:

«Мектеп - білім» кемесін

Басқарып бүгін келесіз.

Ата-ана, ұстаз, балаға

Ақ жарқын сәлем етесіз.

Шақырып едік, келдіңіз,

Сөз кезегін береміз. Ортаға мектеп директоры Шляхова Наталья Николаевнаны шақырамыз.



2-бастаушы: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4-ші сыныпты ортамызға.



1-бастаушы: Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық. (шашу шашылады)



Хормен: Мектеп - кеме, Білім-теңіз,

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолд



Алмас:Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.



Балауса: Білім бар білім десең баста піскен,

Қолда оқулық бәрі де тасқа түскен.

4 жыл бойы саялы мекен еткен

Қоштасайық енді біз бастауышпен.

Бастауыш бұнда өткен бала шағың,

Соқпай кетпес бұл жерге қаласа кім?

Еліміздің әу бастан-ақ дайындауда

Саналы азаматын, болашағын.



Алдияр: Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.



Нургали:Жүзің жылы, құшағың кең,

Сеннен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.



Ризабек:Ақылшы асыл ұстазым,

Өзіңе мен де ұқсармын.

Жеткенше қайрат күш-әлім

Биікке самғап ұшармын.



2-бастаушы: «Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» - деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол - ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек.

Ризабек: Оқындар ұл-қыздар деп,

Күлімдеген, ұстаздар.

Ән арнадық, арнайы,

Тағзым ете, ұстазға!

Ән (хормен) «Ұстазым»



Балауса: Дайындық топта оқытқан,

Есімі бізге қымбатты.

Ұмытпаймыз Айнур апайдың

Тал бойын әсем, сымбатты.

Дайындық топта оқытқан Айнур Касеновнаға сөз берейік.



Алмас: Динара апайды шебер дер едім,

Айтыңдаршы таласады оған кім?

Еленуде бізге істеген еңбегі,

Айтамыз алғыс шәкірттері сізге мың.



Нургали: Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Дархан ағай жаттығуды жасатып,

Шынықтырды, жаттықтырды, шаршатты.



Балауса: Жүрегі нұр Айгүл Сағатқызының

Сондықтан да бір өзіңе ұқсадым.

Адам жанын тәрбиелеп, аялар,

Құрметтейміз біз сізді әрдайым.



Ризабек: Орыс тілі әр кезде керек ертең

Қайрат ағайдың көңілі өте көркем.

Ашық жарқын жанары қашан көрсең

Барлық жандар осындай болса екен.



Алдияр: Жүрегімде Айымгүл апай берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады.

Ұмытпаймыз бізге үйреткен ағылшынын

Мәңгі бақи есімізде қалады.



1-бастаушы: Жамандықтан сақтандырған,

Жақсы істі мақтан қылған.

Білім берген ұстаздарды,

Билерімен шаттандырған.

«Қара жорға» биі (Алмас)

Ән: «Ұстазым менің»



2-бастаушы: Өнерлі өрге жүзер талаптанып,

Қыран биік самғайды қанат қағып.

Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу,

Жүрген соң адам деген атақты алып.

Пародия (Верка Сердючка)

Ән: «Мектебім, аяулы мектебім»

«Білім кілті - бастауышта» атты- слайдқа назар аударсақ.



2-бастаушы:Қонақ деген ырысың мен мерейің

Енді аяңдап қонақтарға келейін.

Сол кісілерге сөз кезегін берейін.

Ата-аналар балаларыңызды құттықтап жіберсеңіздер.

(Ата - аналарға сөз)

1-Бастаушы: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.Сондықтан ата-аналарымызға мың алғыс айтып, бас иіп, алғыс хатымызды табыс етейік. (Бас ию көрсету)



2- бастаушы: Біз 4 «а» сынып ұлдары мен қыздары ұстаздар мен ата-аналарымыздың алдында бұдан былай да мейірімді, тәртіпті, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған білімімді одан әрі толықтыруға, өзімізге білім берген ұстаздарымызды ұмытпауға, өз Отанымызды сүюге АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! (барлығы бірге айтады)



Флэшмоб биі



Мұғалім сөзі: Қанаттарың қатайды

Биікке енді самғаңдар.

Білім жолы - сара жол

Ізденіңдер, талмаңдар.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі той тағы да қайырлы, құтты болсын. Балалар әркез биіктен көрініп барлығымызды қуанта берсін.

Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе, 4 сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін.

Ал ата-аналарға айтарым: қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын дегім келеді.

Алдарыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман есен болыңдар!



Хормен: Қош бол, балғын балалық,

Қош бол, сүйікті бастауышым!



1-бастаушы: Қағылды міне әуенге бөлеп,

Қағылды соңғы қоңырау.

Қалайша төрт жыл тез өтіп кеткен,

Шындық па осы япыр-ау!

(Соңғы қоңырау соғылады)

Қорытынды: Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көптен көп рахмет. Қош сау болыңдар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал