7


  • Учителю
  • Тақырыбы: «Мамандық – өмір таңдауы» (9 класс)

Тақырыбы: «Мамандық – өмір таңдауы» (9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Мамандық - өмір таңдауы»

(9 класс)

Түрі: ашық тәрбие сағаты

Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өзін - өзі тану аймағын

кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын

көрсетіп,сол бағытқа қарай бағыттау. Оқушылардың болашақ мамандығын айқын әрі сенімді таңдауына дұрыс бағыт беру.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, пікірсайыс шарттары, мамандық туралы газеттер.

Барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! Сәлеметсәздер ме! Отырыңыздар! Біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы -«Мамандық- өмір таңдауы», ол пікірсайыс түрінде өтеді. Алдымен мынадай тренинг ұйымдастырып жіберейік. Қолымдағы түсті лентаны әр оқушы алақанына алып өз тілектерін айтады да үріп жібереді, яғни осы оқушылардың айтылған жақсы тілектері сыныбымызға,сабағымызға қатысып отырған адамдарға жақсы көңілмен таралады деп білеміз.

Ел президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді.» Жақын арада әрқайсысыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыздар, бүгінгі сабақта біздер осы маңызды тақырыптарға тоқталамыз.

Мамандық таңдау - жасөспірім жастағы әрбір жас үшінм ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәс елесі ең маңызды кезең болып табылады.

Психолог мамандардың айтуынша, кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келетін мамандықты армандағаннан гөрі өмірлік мақсат ретінде қойып, жоспар құра білген жөн. Мамандық таңдау - белгілі бір деңгейде моральдық мәселе. Сондықтан әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек. Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар. Өз ісінің бүге - шүгесін толық меңгерген кәсіби маман болу үшін икем, қабілет және мінез қажет. Сондай -ақ енді - енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар.

Міне,адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы,қоғамның сұранысы,тұлғаның қабілеті осы үш фактор мамандық таңдауда бірін - бірі толықтырады.

Адамдар мамандықтың жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек,өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп,үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.

Осы мақсатта біз «Мамандық - өмір таңдауы» пікірсайысымзды бастайық.

Пікірсайыс 6 кезеңнен тұрады.

  1. «Менен сұрақ, сенен жауап»

  2. «Тізбекті үзбе» ойыны.

  3. «Мен мамандық әлеміндемін»

  4. «Ең, ең» ойыны.

  5. «Ситуациялық сұрақтар».

  1. Кезең: «Менен сұрақ, сенен жауап» деп аталады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

  1. Өзіңннің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?

  2. Сен ол мамандық туралы не білесің?

  3. Мамандық таңдамауыңның себебеі неде?

  4. Сенің мамандық таңдауына кім әсер етті?

  5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?

  6. Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?

  7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?

Келесі кезең «Тізбекті үзбе» ойыны.

Қатысушының бірі мамандықты айтады,келесі оқушы сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандық түрін айту керек. Мысалы: мұғалім - медбике

«Мен мамандық әлеміндемін»

Психологтар әр мамандыққа қай құрал жақын екендігін анықтады, мамандықты сипаттайтын құрал түрі үшеу болуы мүмкін. Мұндай әртүрлі бағалау берілген мамандық үшін қандай еңбек құралы екінші болып саналатындығына байлансты,бізге бір топ ішіндегі мамандықтарда дп айыруға мүмкііндік береді. Бұл бөлімде атааулар мен мамандық арасындағы байланысты тауып, атауларға қатысты мамандық түрлерін табу керек.

«Адам - табиғат» Кәсіптер: тұқым өсіруші, зоотехник, агроном, химиялық - бактериологиялық зертханашы, мал өсіруші шебер және т.б.

«Адам - техника» Кәсіптер: үнгуші, ағаш шебері, инженер- механик, сәулетші,

құрылысшы, компьютер құраушы, радиомеханик.

«Адам - адам» Кәсіптер: мұғалім, дәрігер, саудагер, психолог, т.б.

«Адам - шығармашылық бейне» Кәсіптер: әртіс, суретші, жазушы, ақын,әнші.

«Мамандықты тап» жаттығуы.

Бір оқушы шығып бір мамандық иесін қимыл арқылы бейнелейді,қалған оқушылар соны табу керек.

«Ең,ең» бөлімі.

  1. Ең табысты мамандық иелері ( банк қызметкерлері, экономист)

  2. Ең жасыл түсті мамандық иелері (бақташы, гүл өсіруші, эколог)

  3. Ең тәтті мамандық иелері ( аспаз, кондитер)

  4. Ең күлкілі мамандық иелері ( сайқымазақ)

  5. Ең жауапты мамандық иелері ( сот, бухгалтер, дәрігер)

  6. Ең салмақты мамандық иелері (мұғалім,заңгер)

Келесі бөлімге көшейік, пікірсайысымыздың келесі бөлімі «Жағдаяттық сұрақтар»

  1. Сен өзіне ұнаған мамандықты таңдадың, алайда ол мамандық иесі болуына

ата- анаң қарсы. Сен сол кезде не істер едің?

  1. Ата - анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған мүлдем ұнамады. Сен ата - анаңнаң шешіміне қарсы боласың ба?

Қорытынды:

Мұғалім сөзі:

Біздің бүгінгі сабағымызды ұлы данышпан Әбу - Насыр әл - Фарабидің мынандай сөзімен қорытындылауды жөн санадым: «... адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет істесек те содан рахат табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»

Бүгінгі біздің «Мамандық - өмір таңдауы» тақырыбында өткен ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Әрқайсыңыз білікті әрі мықты маман иесі атанып,еліміздің дамуына өз үлесін қосатын азамат пен азаматша атанады деп сенім білдіреміз.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал