7


  • Учителю
  • Мероприятие Аналар асыл жандар (6 кл)

Мероприятие Аналар асыл жандар (6 кл)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Аналар асыл жандар!8- Наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған кештің сценариіКештің мақсат: Аналар мерекесі қарсаңында асыл аналарды құттықтау, оқушылардың бойына адамгершілік деген асыл қасиетті сіңіру.Кештің көрнекілігі: Интерактивтік тақта, шарлар, ұ
предварительный просмотр материала






Аналар асыл жандар!


8- Наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған кештің сценариі



Өткізген: Балгушукова Ж.О.

2014-2015ж

Кештің мақсат: Аналар мерекесі қарсаңында асыл аналарды құттықтау, оқушылардың бойына адамгершілік деген асыл қасиетті сіңіру.

Кештің көрнекілігі: Интерактивтік тақта, шарлар, ұлағатты сөздер жазылған плакат, орамалдар.

Кештің барысы

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады). Детство клип Енсепов


Күй ойнап тұрады, екі бастаушы ортаға шығады.

1. Бастаушы: Құрметті- асыл аналар,

Қадірлі- ұстаздар,

Қырмызы қызғалдақ- қыздар!

2. Бастаушы. Қар астынан қылтиып шыққан қызғалдақтай болып, келіп қалған, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!

Ән «Көктем келді

Оқушы: Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Бәрі бірге: Аяулы асыл аналар!

1- Оқушы: Кім ойлап тапқан,

Сөздерді ең аяулы.

Енді білдім оларды,

Бәрі бірге: Аяулы асыл аналар!

Енді, аяулы асыл аналарымызды ортаға шақырамын. Сыныптың аналарын екі топқа бөліп, «Өлеңнің жалғасын айт» ойынын ойнату арқылы, өнерлерін тексеремін.

Ойынның шарты: Бір топтың аналары өлеңді бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары ән айтады да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Әнші, ана!» дипломымен марапатталады.


1. Бастаушы: Аналар өмір жүрегі,

Балалар оның тірегі.

Өмір бойы аймалар,

Анамызды сүйеміз!

2. Бастаушы: Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз

Исжанов Нуржан

Ортаға үш қыз бен аналарын шығарамын да «Көзіңді жұм да таны» ойынын ойнатамын.

Ойынның мақсаты: Аналардың тапқырлығы, байқампаздығын анықтау.

Ойынның шарты: Аналардың көзі байланады, қыздардың орындары ауыстырылып қойылады да көзі байланған қыздардың аналары, өз қызын қалай да болса танып алуы керек. Жеңімпаз ана «Тапқыр ана!» дипломымен марапатталады.

Ана туралы жыр

1. Бастаушы: «Бала, бала, бала» деп,

Бізді өсірген анашым.

Гүлге толып, құшағың,

Бақытты бол, анашым.

2. Бастаушы: Қамымды ойлар күн- түні,

Анам- менің көктемім.

Ақтай алсам, үмітін,

Арманыма жеткенім.

Тағы да ортаға 3 ананы шақырып «Су тасы» ойынын ойнатамын.

Ойынның мақсаты: Қыздарымыздың ептіліктерін тексеру

Ойынның шарты: Екі орындыққа кесеге құйылған су қойылады, келесі бетте екі орындықта бос кеселер тұрады. Қыздар қасықпен тасып, бірінші кеседегі суды төкпей, шашпай екінші кесеге құю керек. Суды әдемі тасыған ана «Епті қыз»дипломына ие болады.

Тақпақтар

*** 1. Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.

2. Сенен өскен балалар

, Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар.

3.Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

4. Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам.
******

Айналайын анашым,

әлпештеген баласын,

Еміп өскен бөбекпіз,

анамыздың мамасын

Сыныптың аналарын екі топқа бөліп, ортаға шығарамын да «Мақалдың жалғасын айт» ойынын ойнату арқылы, білгірліктерін тексеремін.

Ойынның шарты: Бір топтың аналары мақал бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары мақал айтады да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Мақалшы, ана!»дипломымен марапатталады

1. Бастаушы: Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Аналарды ардақтап,

Әдеппен бас иеміз!

2. Бастаушы: Ана- деген жан екен,

Ана- деген ән екен.

Ұстаз- ана, мерейің,

Үстем болсын әрдайым!

Ортаға үш ананы шығарып «Шынықсаң, шымыр боларсың!» ойынын ойнатамын.

Ойынның мақсаты: Аналарымыздың спортқа деген бейімін байқау.

Ойынның шарты: Жерге үш қатар газет төселеді де ортаға шыққан үш ана сол газеттердің үстімен жылдам жүріп келесі бетке өтуі керек те келесі беттегі есепті шығарып кері қайтуы қажет. Алғашқы боп жеткен ана «Спортшы ана»дипломына ие болады.

Сыныптың аналарын екі топқа бөліп, ортаға шығарамын да «Биле, биле!»ойынын ойнату арқылы, бишіліктерін тексеремін.

Ойынның шарты: Бір топтың аналары би бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде керісінше екінші топ аналары би бастайды да бірінші топ жалғастыру керек. Ерекше көзге түскен ана «Биші ана!» дипломымен марапатталады

1- Оқушы: «Күнім, жаным» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Ботақаным» дегенді

2- Оқушы: «Қошақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

«Толған айым» дегенді

Бәрі бірге: Ойлап тапқан, аналар!

Би қыздар

1. Бастаушы: Аналар- әрқашан да ән болып,

Күн болып, жүре беріңіздер!

2. Бастаушы: Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын!

Кеш аяқталды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал