- Учителю
- Алтын күз -2015. Сценарий
Алтын күз -2015. Сценарий
Тақырыбы: «Алтын күз - 2015»
Мақсаты:
1. «Аяулы күз, Алтын күз - 2015» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: конкурс
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.
Жүргізуші:
Армысыздар, мейірімді ата - аналар!
Жүргізуші ІІ Қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді.
Жүргізуші І Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Аяулы күз, Алтын күз - 2015» мерекесімен құттықтаймыз!
Жүргізуші ІІ
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Күзгі бал кешін» бастаймыз.
Бұл сынға 5 6 7 сыныптарының оқушылары қатысқалы отыр.
Жүргізуші I:
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша ән айтылып, би билейді.
Қошеметтеп қол соғып отырайық,
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп «Аяулы күз, Алтын күз - 2015»атты байқауымызға қатысатын үміткерлерімізді қошеметпен ортаға шақырамыз. Бүгінгі балымыздың үміткер ханзадалары мен ханшайымдары.
Жүргізуші ІІ
Ендеше, осы сайысымызды саралап, даралап, әділ баға беретін әділ қазылармен таныстырып өтсек. Әділ баға берушілер:
Жүргізуші I:
: Сайысымыздың шарттарымен таныстыра өтсек:
1. Кел танысайық
2. Өз өнерін көрсету
з. Күзгі ханзада мен ханшайымы (күзгі сән үлгілерін көрсету.)
4 Қызықты да көңілді ойын сайысы
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз ханзадалар.
.жүргізүші II:
Алған нөмерлері бойынша командалар өнерлерін көрсетеді. 1 болып ...... шығады,
2 болып ...... шығады,
3 болып ...... шығады
4 болып ….шыгады
1-жүргізуші: Таныстыру бөлімі.
Өнер қуып жұптарымыз өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген жұптар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер дейміз, - дей келе, жұптарымыздың таныстыруына кезек берейік.
Жүргізуші 2
:Ендеше бірінші шартымыз «Кел танысайық» үміткерлеріміздің өздерін таныстырды. Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік.
«Кел танысайық» бөліміне бағасын берсеңіздер екен.
Жүргізуші 1:
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген ханзадалармен, ханшайымдар,
Өз өнерін ортаға көрсетсін дейміз.
(өз өнерлерін көрсетеді)
(Сайыскерлер келесі турға дайындалғанша) музыкалық номер
«Өнерлі өрге жүзер» атты бөлімі бойынша әділқазы алқасынан сайыскерлеріміздің
бағасын сұраймыз.
Жүргізуші -1 Салмақты ұлдар мен сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек.
Мұғалім: Келесі кезекті қызықты да, көңілді ойынға берейік.
Жүргізуші -2 : (күзгі сән үлгілерін көрсету)
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен
- деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған «Күзгі ханзада мен ханшайымды» сән үлгісінде ортаға шақырамыз.
Жүргізуші -1 Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
Жүргізуші -1 Салмақты ұлдар мен сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек.
Мұғалім: Келесі кезекті қызықты да, көңілді ойынға берейік.
2- жүргізуші: Сайыстың барлық кезеңдерін аяқтадық. Әділқазылар әділ шешімін шығарғанша,
Шалқытып «Алтын күзде» ән салайық,
Өнерпаз, өрендерге тамсанайық,
Ән-шашуын біздерге алып келген,
..... ортаға шақырайық.
дей келе, әсем әнімен ортаға шақырамыз. «» әні.
Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау
1-жүргізуші:
Мектеп қой еліміздің қаны-жаны,
Мектептен басталады бәрі-бәрі.
Бүгінгі «Алтын күз» салтанатында
Шырқалсын «Алтын күздің» әнұраны.
2- жүргізуші:
Бойларыңда от бар екенін байқадым
Көздеріңде шоқ бар екенін байқадым
Әрқашанда осы шақты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Осымен бүгінгі «Алтын күздің ханзадасы мен ханшайымы» атты байқау өз мәресіне жетті.
Келесі кездескенше сау болыңдар!
1- жүргізуші: Жеңісті күндерде кездескенше, достар!
Ойынға бұл викториналық сұрақтарды пайдалануға болады
«Дұрыс па, бұрыс па?». Төмендегі сұрақтарға дұрыс немесе бұрыс деп жауап алынады.
1.Қымыз түйенің сүті
2.Бұзау сиырдың төлі
3.Алма жерде өседі
4.8-наурыз Жеңіс күні
5.Біз оқушымыз
6.Қайық аспанда ұшады
7.Қыста боран болады
8.Екі жақсы баға
9.Тас жұмсақ болады
10.Ұзын-қысқа мағынасы бірдей сөз
11.Гүлдер әр түрлі болады
12.Қоян батыр болады
13.Оныншы ай желтоқсан
Викторина Сұрақтар әр топқа кезек-кезек қойылады. Әрбір жауап бағаланады.
14. two and two is
15. My name is Ainur
16. 1 кг темір, 1 кг мақтаның қайсысы жеңіл?( Тең)
17. .Менің әжемнің ұлы маған аға емес. Ол кім? ( Әке)
18. Бір жұмыртқаны 4 минут қайнатады, ал 5 жұмыртқаны ше? ( 4 мин)
19. .Жылдың 4нші айы қалай аталады? ( сәуір)
20 Бір топ бала сап түзеп келеді. Екеуі алдында, екеуі артында, екеуі оң жақта, екеуі сол жақта. Барлығы қанша бала? (4 бала)
4. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес)
7. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
Сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды? (16 желтоқсан, 1991)
2. Мемлекеттік рәміздерді ата. (Елтаңба, Ту, Әнұран)
3. Қазақтың ұлттық аспабы. (Домбыра)
4. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
5. Заттың атын білдіретін сөздер қалай аталады?
6. Атағы әлемге әйгілі қазақ палуаны кім? (Қ. Мұңайтпасов)
7. Иіс сезу мүшесі не? (Мұрын)
8. Ұзындықтың өлшем бірліктері?
9. Әр адамның шағын Отаны. (Отбасы)
10. 1 жұмыртқа 5 минутта піседі, 4 жұмыртқа неше минутта піседі?
11. Қай құс ерте келеді? (Қарлығаш)
12. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
13. Бүгін аптаның қай күні?
14. Абайдың әжесі кім? (Зере)
15. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
16. Судың неше күйі бар, ата (қатты, сұйық , газ)
17. Адам денесінің тірегі (қаңқа)
18. Есту мүшесі (құлақ)
19. Орман дәрігері (тоқылдақ)
20. Үш биді ата
21. Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)
22. 9-ды 8-ге көбейт
23. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? (тең)
24. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата?
25. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
26. Күйді орындайтын адам (күйші)
27. Адамның ішкі мүшелерін ата
28. Адамға не қажет?
29. Абылай ханға Төле бидің қойған аты? (Сабалақ)
30. Бір ата мен әженің 5 баласы, 3 ешкісі, 5 қойы, 2 түйесі бар. Олардың неше баласы
бар?
Ұпай сандарын есептеу.
2 айналым. «Қызықты төрттік»
Бұл айналымда негізгі пәндер бойынша сұрақтар дайындалған. Ұпайлар астында сұрақтар жасырынған.
Математика.
10 ұпай - шаршы дегеніміз не?
20 ұпай - бір сыйлықты орауға 70 см жылтыр қағаз керек. 9 сыйлыққа неше см қағаз керек?
30 ұпай - 6 метр бөренені бір метрден неше метр жерден кесуге болады? (5 жер)
40 ұпай - ұзындығы 600 см жіптің жартысы неше см болады?
Қазақ тілі
10 ұпай - Қосымшаның түрлерін ата?
20 ұпай - Түбір сөз дегініміз не?
30 ұпай - Жалаң, жайылма сөйлем дегеніміз не?
40 ұпай - «Шырағым, Кәмаш, мына Қарасақаудың баласы саған бүлдірген әкеліпті». Қаратпа сөзді тап.
Ана тілі
10 ұпай - «Күлпаш» әңгімесін кім жазған? (Б. Майлин)
20 ұпай - Құрманғазының шәкірті кім? (Дина)
30 ұпай - Ы. Алтынсарин кім? (Жазушы, ақын, ағартушы ұстаз)
40 ұпай - «-Айналайын, қарағым, қыз да болсаң, мұрамды ұстарлық болып туыпсың»
деген жолдар қай мәтінде айтылған?
«Халыққа жеткіз күйімді» Ә. Сәрсенбаев
Дүниетану
10 ұпай - Тыныс алу мүшелерін ата? (Мұрын қуысы, кеңірдек, кеңірдекше, өкпе).
20 ұпай - Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесін не деп атаймыз?
30 ұпай - Жерге жақын тұрған және күндіз ғана болатын жұлдызды ата?
40 ұпай - Денелер нешеге бөлінеді?
Ұпай сандарын есептеу.
3-айналым. Кім тапқыр?
Бұл айналымда берілген сөзден 2 минут ішінде кім көп сөз ойлап тапса, сол оқушы әрбір сөзге 1 ұпай алады. «Ханталапай»
Ұпай сандарын есептеу.
4-айналым. «Полиглот»
Бұл айналымда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - деп Қадір Мырзалиев ағамыз айтқандай, өз ана тілімізбен қоса орыс тіліндегі білімдерің сараланады.
Жұмбақтар.
1. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (Қар-снег)
2. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем. (Кітап-книга)
3. Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл тәп-тәтті. (Қарбыз-арбуз)
4. Жазу жазып жалықпаған,
Жазу жазып арықтаған. (Бор-мел)
5. Қалқиып екі құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян-заяц)
6. Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың. (Мектеп-школа)
7. Алты қырлы
Алты сырлы. (Қарындаш-карандаш)
8. Бұдан кір қорқады,
Судан ол қорқады. (Сабын-мыло)
9. Қызықтырып әркімді ақ,
Суда жүрер жалтылдап.
«Б» әріпінен басталған,
Ол жәндіктің атын тап. (Балық-рыба)
10. Жетектесең ереді,
Түздің алып кемесі.
Шың көтеріп келеді. (Түйе-Верблюд)
Ұпай сандарын есептеу
5-айналым. «Ізденген жетер мұратқа».
Пиктограмма «Әріптерді орналастыр». Берілген шарттары бойынша дұрыс шешсе, жалқаулық туралы мақал шығады.
« Жалқаудың жауы - жұмыс»
Ұпай сандарын есептеу.
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашан осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Мақал-мәтелдер сайысы:
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).
104. Мақалды жалғастыр.
5. Ананың сүті - бал,. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінде)
Әлемдегі ең биік материк() Евразия
Атым - Манас болады сұрасаңыз,
Албан екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Қалижан асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым Гүлсая Елемесеқызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!
Ұстазым - Гүлнұр апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!
Армысыздар ұлағатты ұстаздар,
Бармысыздар жігерлі дос құрбылар.
Қарсыласым сәлем бердім бәріңе,
Бас иемін сәлем беріп иіле!
Тектіліктен жаралған қазағымның,
Ерекше дара туған қыздарыңмын.
Шуақ шашқан көктемнің шуағындай,
Айгул атты кішкентай қыздарыңмын.
Әділқазы алқалары бүгінгі,
Әр аруды бағалай біл өнерлі.
Қарсыласым баршаңызға сәттілік.
Достық деген арттырайық ұғымды.
Намысты Нұрқожа Ассалаумағалуйким ел ағайын,
Сөздің басы қашанда сәлемдескен.
Ұлымын Мейрамбектің Нұрқожа атым
Әжемнің ертегісін тыңдап өскен.
Оқимын бірінші сыныпта, руым көкек,
Бар Нұрлы, Айым атты бауырларым.
Арудай Айкүміс Армысың жиналған дана халқым,
Жақайыммын сақтаған елдің салтын.
Мансұр атты інімнің қамқоршысы,
Айкүмістің қызының Жасуланның.
Өнерлі Өркен. Азан айтып Өркен депті есімің,
Қонақтардан арылмайды есігім.
Үйімде ұйытқы болар берекем,
Атам менен әжемнің иесімін.
Арғы тегім Мырзахмет әулетім,
Үшқұдық шағын шаруа дәулетім.
Ал халайық келіп қалдым алдыңа,
Өнерімді сынамақшы алдыңда.
Қырықтың бірі қыдыр депті бабамыз,
Сиынарым әулие Бекет атамыз.
Дарынды Дариға Нұрсұлтанқызы Дариға,
Руым тобын қоянмын
Туған ауылым Үшқұдық
Барлығына аянмын!
Нысанбай атам, әжем Дина Папам мамам бәрі де.
Абыроймен осы ауылда Еңбек етер әлі де.
Сәлем берем ұстаздарға,
Сәлем берем бәріңе!
Алтын ұл мектебім,
Білім ұл мектебім,
Білім алып шаттанамын.
Жақсы оқып, тәртіпті топ
Би билеймін, мақтанамын! Сымбатты Сағыныш.
Ата - әжемнің қуанышы, қызығы - Атам - Сағыныш,
Нұрболаттың қызымын.
Мінезі ұяң, инаббатты
Отбасымның еркелеткен гүлімін
Үшқұдығым - туған жерім, кең далам
Өнер қуған өнегелі мен балаң
Уа, халайық, қарсы алыңыз қол соға
Саматова Сағынышың мен болам!
Айбынды Алишер. Жиналған қошеметке, уа, халайық
Сөзімізге жырдан алқа тағайық.
Сәлемдесу - ата салты қазақтың,
Алдыменен амандасып алайық.
Аруағы аунасыншы аталардың,
Бүгінге күн қабыл болғай аталардың.
Тілеуін қос баланың тілеп келген.
Арайланған Альмира.
Армысыздар, бармысыздар ағайындар,
Жарысқа келіп тұрған талайын бар.
Иіліп сәлем берем, әділ қазы,
Білінсін гүл - қыздардың ерке назы.
Жайнаған гүл бәйшешек жаздың кезі,
Құлпырған гүлдерменен жердің жүзі.
Әкем Қобдыбай, анам Лаззат Альмира деп қойған екен есімімді.
Жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан, Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден. Ортада сайыскерлеріміздің «Өз өнерлерін»тамашалайық.
Енді әділ қазы алқаларына сөз береміз. Жүргізуші: Күз келді, хан мен ханшайым,
Өткізді күзгі бал айын.
Ағызар сөйлеп сөз майын,
Ал ханымыз ақылды.
Барша жұртты шақырды,
Би де билеп ән айтты.
Қуаныштан шалқыды.
Әділқазылар бағаларын берсе.
Мендібайбай Ақжүніс пен Бақытқали Ақниет орындауында Алтын күз тақпағы.
Дамылдап жатқан балғандай
Тоқтатты сулар тасуын.
Ағаштар алтын Жамбыдай
Шашады жерге шашуын.
Жүрексіз қоян безеді,
Жөңкілсе қаңбақ күздегі
Қиқулап көкте жүзеді,
Құстардың керуен тізбегі
Күйекте күйлі мал қанша.
Алтын күз, әсем айналам
Қараймын көзім талғанша.
1-жүргізүші: Алтын күздің сыйлықтарын алдық біз, Қызығына қандық біз. Молайтайық шаттықты, Ән айтып, би билейік бәріміз,- дей келе командаларымызды өз өнерін көрсетуге шақырамыз. 2 ведущий: А теперь следующий конкурс. Приглашаем команд показать свой творческие способности.
Дереккөзі: ?Like
©
2- жүргізуші:
Ендеше, осы сайысымызды саралап, даралап, әділ баға беретін әділ қазылармен таныстырып өтсек. Әділ баға берушілер:
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Асамадинова Гүлжан Ерғалиқызы
2. Директордың орынбасары: Қарасаева Ұмытқан Жолмырзақызы
3. Музыка пәнінің мұғалімі: Қондыбаева Күнсұлу Әділбекқызы
4. Бастауыш сыныптың оқу ісінің меңгерушісі: Қуанова Бақтыгүл Кеңесқызы
5. Хореография пәні мұғалімі: Хайрмухамедова Алина Амангелдіқызы
2- жүргізуші: Сайысымыздың шарттарымен таныстыра өтсек:
1. Таныстыру.
2. Сән үлгісі
3. Экибана.
4. Күз өлеңдері.
5. Би сайысы.
1-жүргізуші: Таныстыру бөлімі.
Өнер қуып жұптарымыз өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген жұптар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер дейміз, - дей келе, жұптарымыздың таныстыруына кезек берейік.
2- жүргізуші: Сән үлгісі
Ал, халайық, ықыласпен демелік,
Жұптарымыздың сән үлгісін көрелік.
Сырыменен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік.
1-жүргізуші: Экибана
Еңбек деген байлық бар,
Ерінбеген алатын.
Жадырап жан сарайын,
Демалып бір қалатын - дей келе, әр жұптың өзінің қолдарынан жасаған қолөнер бұйымдарын тамашалауға шақырамыз.
2- жүргізуші: Күз өлеңдері
Мәнерлеп оқу сайысы,
Қандырар көрермен айызын,
Мына жұптар ішінен,
Шығасың жарып қайсысың? - дегендей, бұл бөлімімізде жұптарымыз күз өлеңдерін мәнерлеп оқумен қатар, өлең мазмұнына байланысты көрініс көрсетуі керек.
9 «А» сынып: Мұқағали Мақатаев «Күзгі жолда».
9 «Б» сынып: Шәкәрім Құдайбердиев «Күз».
9 «В» сынып: Мақсұт Неталиев «Күз суреті», Тұманбай Молдағалиев «Күз».
10 «А» сынып: Айтқали Нәпіров «Күз», Ақберен Елгезов «Сары күз».
10 «Б» сынып:
11 «А» сынып: «Бүгінгі күз».
11 «Б» сынып: Мұқағали Мақатаев «Күз».
1-жүргізуші: Би сайысы
Мың бұралған, билеген,
Өренді кім сүймеген.
Аққудайын қалықтар,
Түрлі ұлт биін билеген.
Ендеше, би сайысына кезек берелік.
9 «А» сынып: хип-хоп стиліндегі танго.
9 «Б» сынып: қазақ эстардалық би.
9 «В» сынып: биден попури. Аелин-инт аут оф лав.
10 «А» сынып: Руsyccat dols - sway, Jennifer Lopes - papi.
10 «Б» сынып: Руsyccat dols - Джейхо және үнді биі.
11 «А» сынып: Лиона Луюс - bleading love. Ю оно мейк мей си.
11 «Б» сынып: Руsyccat dols - sway. Элэмфауо (LMFAO) - паитрок энзель (Party rock and them).
2- жүргізуші: Сайыстың барлық кезеңдерін аяқтадық. Әділқазылар әділ шешімін шығарғанша,
Шалқытып «Алтын күзде» ән салайық,
Өнерпаз, өрендерге тамсанайық,
Ән-шашуын біздерге алып келген,
Аружанды ортаға шақырайық.
дей келе, Аружанды әсем әнімен ортаға шақырамыз. «Балалық шақ» әні.