7


  • Учителю
  • 'Темекінің адам ағзасына зияны' тәрбие сағатының жоспары 10-сынып

'Темекінің адам ағзасына зияны' тәрбие сағатының жоспары 10-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ТЕМЕКІНІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ


Сабақтың тақырыбы: "Темекінің адам ағзасына зияны".
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойында темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.
2 Күтілетін нәтиже: оқушылардың бойында темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптасады.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Интерактивті тақта,Жасөспірімдерге арналған ереже.
2. Темекіден болатын аурулар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.Амандасу,Сергіту сәті ,топқа бөлу
II.Ой қозғау. Видеокөрініс «Темекінің зияны».

1-тапсырма

I топ. Бұл көрініс сіздерге қандай ой тастады?
II топ. Жас өспірімдердің, адамдардың темекі тартуының себептері неде деп ойлайсындар?

Мағынаны тану: «Темекінің шығу тарихы»

2-тапсырма. Көрініс (Бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді).
Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба?
Дұр-ы-ы-ы-с Қалай сабағың жақсы ма?
Бала: Жақсы ғой папа, бірақ сені мұғалім мектепке келсін деді.
Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші күнделігіңді (күнделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. Сынып жетекшісі
- Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой.
Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып тұрған шығар. Өзің тартқан шығарсың.
Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, сіріңке шығарады).
Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба?
Бала: Жо-о-оқ папа, мамам салып қойған шығар.
Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды).
Бала: Ұрмашы папа, ұрмашы ой-ой!
Мамасы: жүгіріп Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап қушақтай бастайды).
Әкесі: Андағы ақмақтан сұра, не істеп жүргенін, енді темекі тартуды бастаған.
Шешесі: Балам-ау не Көрініс дейді. Қашан тарттың, кім үйретіп жүр?
Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем.
Шешесі: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой (басынан сипайды).
Бала: Мама, алғаш аузым мен танауымды ашытты, түтінін будақтата шығардым.
Шешесі: Күнім сол, будақтата шығарады.
Бала: сөйтіп тағы сордым, сол кезде басым айналып кетті, түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей бөлме іші шыр көбелек айналып кетті.
Шешесі: Әбден қиналған екен ғой шырағым.
Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым. Мама, көзім қасқырдың көзіндей алайып кетіпті.
Әкесі (балаға тағы ұмтылып): Сонда неге өле қалмаган екенсің.
Шешесі: Қой, қой деймін (Баласын қорғайды).
Бала: Мама, сосын әрең дегенде диванға отырдым. Жүрегім айнып, құсқым келеді, тұла бойым әлсіреп, демім бітіп, тұншығып кеттім.
Әкесі: Енді неғып тартып жүрсің.
Бала: Мама сосын диванға құлап ұйықтап қалыппын.
Әкесі: көрдің бе, мұның істеп жүргенін (тағы да ұра бастайды, енді неғып тартасың).
Бала (шешесіне қарап): Мама папам да тартады, тартса не болады. Қазір менің бұрынғыдай құсқым келмейді, басым айналмайды, көршінің баласы екеуміз күнде тартып жүрміз. Қазір мен одан да жақсы тартамын.
Әкесі: Ойбай-ой мектебіне, сыныбына, жетекішсіне не дейміз.
Шешесі: Тартпайды дей сал.
Ой-толғаныс: 3-тапсырма

Осы көрініске қатысты презентация қорғау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал