7


  • Учителю
  • Мемлекеттік рәміздер арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыру туралы мақала

Мемлекеттік рәміздер арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыру туралы мақала

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала







Астана қаласындағы № 32

мектеп-гимназиясының

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Нуркина Т.Е.



Мемлекеттік рәміздер арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыру.







Тәуелсіз ел аталып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне мемлекеттік рәміздерді таныту мақсатында мықты көңіл бөлінуі қажет. Яғни, 1992 жылы 4 маусымда еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ту шашағын сүйіп тұрып, мазұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің, қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!» - деп тебіренді.

Ту, Елтаңба, Әнұран - біздің елдік белгіміз, елдің құтты қасиеті. Қазақстан - Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.[1]

Қазақстанның әрбір азаматы Қазақстан Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Бұл - туған ел алдындағы борышымыз. Әр сабақта оқушылардың шығармашылығын, логикалық ойлау қабілетін, талғампыздығын білім, білік дағдыларын, Отанға, мемлекеттік рәміздерге, елге деген сүйіспеншілігін арттырып, оқушыларды топшылдыққа, мейрімділікке, адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, батылдыққа, ел рәміздерін қастерлуеге тәрбиелеу мақсаты тұрады.

Мемлекеттік рәміздер арқылы Егемен Қазақстан Республикасының халқын, оның ішінде жастарды адал азамат, патриотты жанкүйер ретінде тәрбиелеп шығару - білім ошағында әр ұстазының негізгі міндеті болмақ.

Өз ұлтының, өз мемлекетінің ұлтжанды азаматы қайда барып, қайда жүрсін, ол ең алдымен өзгеге осы мемлекеттік нышандары арқылы мақтанып, мадақтануы қажет. Жергілікті жерлерде өтетін, тіпті шет ел мемлекетінде өтетін, әсіресе спорт сайыстарында біздің Қазақстан спортшылары өзін таныстырған кезде Әнұраннан бастайды емес пе? Әнұранды орындау арқылы өзінің қай мемлекеттен екенін танытады. Иә, бұл бір ғана мысал болмақ. Олай болса әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керегі екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Кез келген азамат желбіреген көкжалау арқылы ол жалпы азаматтың әлемге аяқ басып, өз халқының рәміздерін басқа халықтарға жақын да, түсінікті ете алды. Сондықтан әрбір ұстаз жеткіншек ұрпаққа әр сабағында мемлекеттік нышандар туралы терең ой қозғап, сол арқылы болашақ өмірдің өнегелі тұлғасы болуға, оларды жан-жақты даярлауы қажет.

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы алты жасар бала мен алпыстағы қарияның өзі нақты түрде біліп тұрса, әрине, бұл қуаныш. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпіріндегі бала бақшаларда мемлекеттік рәміздер аясында мектеп жасына дейінгі балалармен сабақтар өтеді. Сол сабақтар арқылы жас бүлдіршіндердің де бойына міндетті түрде патриоттық сезім дариды, - деп айта аламын.

Өскелең ұрпақ Отан-ананың киелі ұғымдарын әрқашан жадында сақтауы қажет. Жалпы біздің ұлттық тәрбиемізде адамгершілік, ар, ұят, намыс, адалдық, әділдік, үлкенге құрмет сияқты адамдық қасиеттері айрықша орын алады. Бұл қағидалар адамдардың бірлесіп, тату-тәтті өмір сүруінің мызғымас негізін қалайтыны белгілі. Олай болса мемлекеттің басты белгісі болып тұрған мемлекеттік рәміздерді білмегенге білдіртіп, танытқанның өзі - үлкен адамгершілік. Рәміздерді жатқа білу - әр қазақтың, тіпті елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің басты міндеті.

Егер, ол Қазақстан Республикасының азаматы болса - бірінші орында.

Мемлекеттік рәміздердің ерекшелігін, авторларын білуге тиісті.

Мәселен, «Елтаңба қандай белгі?» - деп сауал тастасақ.

Елтаңба - шаңырақ арқылы көмкерілген.

Шаңырақ - Елтаңбаның жүрегі. Ол әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын және «Отан отбасынан басталады» деген киелі ұғымды білдіреді. Ал ондағы тұлпар - мәңгіліктің белгісі, ал Елтаңбадағы қыран қанатты мүйізді пырақ бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін, рухани байлығын, өсіп өркендеуінің өміршеңдігін көрсетеді.[2] Авторлары: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалиханов деп аса бір зор тебіреніспен жауап беру керек.

Ал, жалау жөнінде: «Тудың көгілдір бір түстілігі бұлтсыз ашық аспан күмбезін еске түсіреді, күннің нұры шұғылалы алтын бейнесі байлық пен берекенің, тыныштықтың нышаны. Дала қыраны Қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, ой-ниетінің биіктігін білдіреді, авторы - Шәкен Ниязбекұлы», - деп айтқаны жөн. [3]

Әнұран деп жарсалғанда, еліміздің әр азаматы әнұранды оң қолымен жүрегін ұстап жатқа шырқау керек.

Біз Қазақстанның патриот азаматы екенімізді мемлекеттік рәміздерді осылай таныту арқылы мақтан етеміз.

Дербес тәуелсіз ел болу қандай бақыт!

Бүгінгі Қазақстан білімді, дербес, жоғары мәдениетті, дамыған ел. Гүлдей бер, Қазақстан - менің Отаным!







Пайдаланылған әдебиеттер



1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Астана, 2007жыл

2.Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің

2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.Қазақстан

Республикасы Президентінің №200 жарлығы 10.10.2006ж.



3. Құсайынов А.Қ., Демеуова М.Е., Қазақстан Республикасының

мемлекеттік нышандары., әдістемелік нұсқау-Алматы, 2006жыл- 6 бет



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал