- Учителю
- Внекласный урок на тему 'Білгенге маржан'
Внекласный урок на тему 'Білгенге маржан'
Тақырыбы: «Білгенге маржан» (зияткерлік ойын)
Барысы:
1 - жүргізуші:
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ білім беоген.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін - дей отырып, "Білгенге маржан" атты зияткерлік ойынымызға қош келдіңіздер демекпіз.
2 - жүргізуші:
Өмірден қымбат нәрсе барма адамда,
Орындыға жұмсасан өлмес дәрі.
Қасиетін өмірдің білу керек,
Басында ми бар болса, - деп Шәкәрім жырлағандай, біздің жастарымыздың өз өмірлерін босқа өткізбей, күш-қуатын өнер, білімге жұмсауы, сол білімнің арқасында мәнді де сәнді өмір сүру өз қолында екені даусыз. Ендеше "-------" және "------" топтарының білімін сынайық.
1 - жүргізуші:
Сайыс 4 кезеңнен тұрады, әрбір кезең кейін тиісті бағаланып, қорытынды баға сайыс соңында шығарылады.
Сайыс кезеңдері:
1-кезең: "Таныстыру" (Әр топ өз топтарының атымен, ұраны, топ белгісімен таныстырады).
2-кезең: "Атамұра" (әр түрлі сұрақтар қойылады).
3-кезең: "Қазына" ( өлең үзінділері оқылады).
4-кезең: "Жұмбақ кейіпкер". ( көріністерден үзінді қою).
2 - жүргізуші:
Әділдік әркімге өз тиістісін беруден тұрады - деп терең ойдың көсемі Цицирон айтқандай, тиісті бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
ІІ кезең тапсырмалары
"------" тобына:
-
Құтты болсын тойыңыз, той иесі,
Той есесін тәңірім толтырады...
...Құтты болсын айтамыз тойыңызға,
Той иесі, тойыңыз тойға ұлассын!
Бұл үзінді халық ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?
-
Мақалдарды толықтыр.
Кім күлкіге, кім ұйқыға тоймайды? (ақымақ, жалқау)
Кімнің егіні піспейді? (еріншектің)
Ата-ананың қадірін қашан біледі? (балалы болғанда)
Жағадағы құндыз бен аспандағы жұлдыз кім? (қыз бен ұл)
-
Жұмбақтардың шешуін табыңдар.
Жол үстінде қу қазақ,
Мергеншіге жол азық. (қоян)
Таптым, таптым тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға. (түйе)
"-----" тобына:
-
Үш жастан мергеншілік кәсіп қылдым,
Ши оқпен мың құланды атып қырдым.
Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,
Ұялмай жүз тоқсаннан сатып тұрдым - деген өлең-жыр халық ауыз әдебиетінің қай түріне жатады?
2. Мақалдарды толықтыр.
Киіз қазықтың жерге кіріуі неге байланысты? (тоқпағы мықты болса...)
Мұз қашан ериді? (мезгіл жетсе...)
Ненің сүті қорғасын? (қойдың)
Кімге дүние жарық,
Кімнің күні ғаріп? (білімдіге, білімсіздің)
-
Жұмбақтардың шешуін табыңдар.
Жез отаудан жездем аты кісінейді. (қоңырау)
Бесін, бес іннің аузы - бір ін. (қолғап)
ІІІ - кезең.
1 - жүргізуші.
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойыңы жұқпай сырғанар
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
2 - жүргізуші.
"Сөз өнерінің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы көрінеді" - демекші дала философиясын жалғастырушы, дамытушы жыраулар поэзиясынан оснс көруге болады.
ІV- кезең
1 - жүргізуші.
Енді ІV- кезеңнің тапсырмаларына тоқталайық.
Өнер дегеніміз - адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі демекші, ендігі кезекте қарсылас топтардың білімі мен қоса өнерпаздық қасиеті де сыналады.
2 - жүргізуші.
(Әділқазылар алқасына сөз беру, қорытынды шыққанша, бір әнге кезек беру)
1 - жүргізуші.Бүгінгі кешті "Мұралардың ең қымбаты - сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды", - деген Ғ. Мұстафиннің асыл сөздермен аяқтағымыз келеді.
Қош сау болыңыздар!