- Учителю
- Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ (Сыныптан тыс шара)
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ (Сыныптан тыс шара)
Тақырыбы: Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ (Сыныптас тыс тәрбиелік шара)
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.Оқушылардың
қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
Көрнекіліктері: слайдтар, презентация.
Ойын барысы:
1. Ұйымдастыру
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді балалар екені даусыз. Осы мақсатпен 4-сынып оқушыларының арасында «Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ» атты интеллектуалды сайыс өткізгелі отырмыз.
Көңілді тапқыштар мен алғырлар,
Бар өнерін ортаға міне салады.
Кім білімді,көп оқыған болса егер,
Бұл сайыстың жеңімпазы болады!
Мемлекетіміздің ертеңі сендерсіңдер. Біздің міндетіміз- сапалы, білімді балаларды тәрбиелеу. Олай болса, бүгінгі сайыстың шарттарымен таныс болайық!
1. «Ұшқыр ой» (қойылған 10 сұраққа жауап береді. Әр жауап 1 ұпаймен бағаланады.)
2. «Құпия сандық» (3 жұмбақ оқылады. Жұмбақты шешіп, оның жауабын 2 тілде айтады.Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.)
3. «Айшықты сөздер сыры» (тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді. 5 сөз тіркесі беріледі)
4. «Ұшқыр ой» (берілген тақырыпқа ой толғау- постер қорғау)
5. «Ойлы болсаң, озып көр» (логикалық тапсырмалар)
І-айналым: Әр оқушыға ғылым салалары бойынша сұрақтар беріледі.Тез, жылдам, нақты жауап беруі керек.
1-оқушыға:
1. Адам алғашқы құралды неден жасады? (тастан)
2. Бір сағатта неше минут бар? (60 минут)
3.Түйенің пірін ата (Ойсылқара)
4. 22 наурыз қандай мереке? ( Наурыз)
5.Киелі құс (Аққу)
6. Екі кісінің сөйлесуі (Диалог)
7.Баланың тұсауы қандай жіппен кесіледі? (ала жіп)
8.Шөлге төзімді жануар (түйе)
9. Мен бір сан ойладым. Оған 30-ды қосқанда 80 шықты.Мен қандай сан ойладым? (80)
10. Топырақ дегеніміз не?(Жердің өсімдік өсетін беткі қабаты)
2-оқушыға:
1. Заттың атын білдіретін сөз табы (зат есім)
2.Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынтығы (алфавит)
3. 1 метрде неше сантиметр бар (100 см)
4. Жылқы атасын ата (Қамбар ата)
5. Жігіттің неше жұрты бар? (3)
6.Үш кемеңгерді ата (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
7. Мәтіннің түрлерін ата (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
8. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)
9. М- қандай дыбыс? (үнді, дауыссыз дыбыс)
10. Ертегілердің қандай түрлері бар? (шыншыл, қиял-ғажайып, тұрмыс-салт)
3- оқушыға:
1.Монолог деген не?(адамның ішкі сөйлесуі)
2.Сиыр атасын ата (Зеңгі баба)
3. Мұсылманның қасиетті кітабы (Құран)
4.Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т.Әубәкіров)
5.Сын есімнің сұрақтарын ата (қандай? Қай?)
6.Қасиетті тағам (нан)
7. Қиылыспайтын екі түзу (параллель)
8. Ұлттық тағамдарды ата (қазы-қарта, жал-жая, құрт,т.б)
9.Жылдың төрт мезгіліне өлең шығарған ақын (Абай)
10. Жуан дауыстыларды ата (а, о, ы, ұ)
4-оқушыға:
1.Әлемдегі ең көп таралған тіл (ағылшын)
2.Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
3. Қазақ хандығына неше жыл толады? (550 жыл)
4. Ұлттық аспап (домбыра)
5. Еңбекшіл жәндік (құмырсқа)
6.Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан? (Есіл)
7.Теңіз жыртқышы (акула)
8.Тропикалық жеміс (ананас)
9.Сын есімнің сұрақтары (қанша? неше? нешінші?)
10.Қай құс өз атын қайталайды? (көкек)
ІІ бөлім «Құпия сандық» Бұл турда 3 жұмбақ жасырылады.Жұмбақтың шешуі екі тілде айтылуы керек.
1-оқушыға:
1.Қолы мен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп (аяз- мороз)
2.Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық (қар-снег)
3.Жұқа тақтай бөлшегі, Ұзындықтың өлшемі (сызғыш- линейка)
2- оқушыға:
1. Әттең даусым, тілім жоқ,Құшағымда білім көп (кітап- книга)
2. Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (күн- солнце)
3. Өзі үлкен жануар, үстінде екі тауы бар (түйе- верблюд)
3- оқушыға:
1. Өзі айлакер, өзі қу, Жүрген жері айқай-шу (түлкі- лиса)
2. Сандығымда сары аяз (тоңазытқыш- холодильник)
3. Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,Ол тынымсыз домалап,Зыр жүгіре береді (доп- мяч)
4-оқушыға:
1.Көктемде ақ гүлге оранады, Күзде қолға доп болып оралады (алма- яблоко)
2.Жолбарыстан аумайды, Тышқандарды аулайды (мысық- кошка)
3. Қанаты бар, ұшпайды, Су астында қыстайды (балық- рыба)
ІІІ кезең «Айшықтан сөздер сыры». Бұл турда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі.
1- оқушыға:
1. Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
3. Ит өлген жер (алыс)
4. Ит тұмсығы батпайтын (қалың, ну)
2- оқушыға:
1. Ине шаншар жер жоқ (бос орын жоқ)
2. Төбе шашы тік тұрады (қорықты)
3. Ат құйрығын кесті (араздасты, ренжісті)
4.Үріп ауызға салғандай (әдемі, ажарлы)
3- оқушыға:
1.Қас пен көздің арасында (тез, жылдам)
2. Тонның ішкі бауындай (ең жақын)
3. Ағынан жарылды (ештеңені жасырмады)
4. Көзі қырағы (көреген жігіт)
4- оқушыға:
1.Айды аспанға бір-ақ шығарды (аты шықты)
2. Қара қылды қақ жарған (әділ, тура)
3. Айы оңынан туды (жолы болды)
4. Аузын буған өгіздей (жуас)
ІҮ кезең: «Ой жүйрік» бөлімі. Бұл кезеңде белгілі бір тақырыпта ой толғау немесе постер қорғайды.
1. Астана- арман қала
2. Менің отбасым
3.Анашым- асыл әнім
4. Ұлы Наурыз
Ү кезең: «Ойлы болсаң озып көр» бөлімі. Логикалық тапсырмалар беріледі.
1- оқушыға:
1.Егер тырна бір аяғымен тұрса, 3 кг болады. Ал екі аяғымен тұрса салмағы қанша болады?(3 кг)
2- оқушыға:
1.Үстел үсті төртбұрышты Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрышы қалады? (5 бұрыш)
3- оқушыға:
1. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
4- оқушыға:
1.Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның неше баласы бар? (6 бала)
Қорытындылау.
</<br>