- Учителю
- 16 Желтоқсанға тәрбие сағаты 6 сынып
16 Желтоқсанға тәрбие сағаты 6 сынып
Күні: 15.12.2015
Сыныбы: 6 «Б»
Мұғалім аты-жөні:
Қанатова А.Д
Мунайлы ауданы
Батыр ауылы,
№10 мектеп
Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілікке есте қалған Желтоқсан»
Сабақтың мақсаты: Бүгінгі тәуелсіздігіміз қандай қиындықпен келгеніне, қалай қол жеткізгенімізге, оларды Отан үшін отқа түсетін елжанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу. Отанды сүюге, елін қорғауға, Қазақстанның көркеюіне өз үлестерін қосуы, тәуелсіздік алғалы қандай жетістіктерге жеткеніміз жайлы түсіндіру, білімдерін жетілдіру.
Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздерме ұстаздар, ата-аналар, оқушылар. Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Мәңгілікке есте қалған Желтоқсан» атты 6 «Б» сыныбының дайындаған тәрбие сағатына қош келіпсіздер! Туелсіздіктің оңай келмегенін білесіздер. Тәуелсіздік үшін жандарын берген ер азаматтарды, батырда қайсар апаларын ешқашан ұмытпас үшін жыл сайын жас ұрпақтың санасына құюымыз керек. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік алғалы 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, осы кезеңде Қазақстанды бүкіл дүние жүзі танитындай ең мықты мемлекетке айналдырған, тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев. Тәуелсіздік күні еліміздің әрбір азаматы үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Әнұран
2-жүргізуші:
1986 жылдың 16 желтоқсаны қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары әліде есте. Бұл ел үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған батыр аға апаларымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз. Бұл күн халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтар күні.
1 минут үнсіздік
1-жүргізуші:
Ия 1986 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары (студенттер) наразылық білдіріп, шеруге шықты. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары: (интерактивті тақтада портреттері көрсетіледі) Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова, Жансая Сәбитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз.Біз Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне,күнәсіз күйіп кеткен келбетіне әрқашан ұмытпай басымызды иеміз.
2-жүргізуші:
«Тәуелсіз Қазақстан» әні. Орындайтындар: Избасаров Ринат, Эреджеп Елдос
1-жүргізуші:
Желтоқсан құрбандары Сабира Мұхаметжанова және Ләззат Асанованың өмір жолдарынан
Дүйсенбаева Ұлданай
(Слайдтан желтоқсан құрбандарының суреттері көрсетіледі)
2-жүргізуші:
Желтоқсан құрбандары Ербол Сыпатаев және Қайрат Рысқұлбековтің өмір жолдарынан
Жаумытбаева Айнұр
(Слайдтан желтоқсан құрбандарының суреттері көрсетіледі)
1-жүргізуші:
Желтоқсан құрбандарына арналған өлең шумақтар:
Тугулбаев Берік
Әбен Аружан
Сабирова Бану
2-жүргізуші:
Қазақстан тәуелсіздігінің арқасында дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, кең даласы, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақ елім көрдің талай қиындық
Жеттің міне осынау аңсаған күнгеде
Бала ойнап, мал көбейіп даламда
Қазағымның батырлары арқасыда
1-жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Батырларымыздың арманы орындалып, 1991 жылы желтоқсан айында «Қазақстан -тәуелсіз мемлекет» деп жарияланды.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
Желтоқсан құрбандарына арналған өлең шумақтар :
Адырова Гүлназ
Эреджеп Елдос
Еркінбеков Нұрсұлтан
2-жүргізуші:
«Көрініс» Қайраттың өмірінен.
Қатысушылар:
Сабирова Бану
Еркінбеков Нұрсұлтан
Избасаров Ринат
Қуанышов Нұрбек
Амандық Бекболат
Тугулбаев Берік
Парахатов Бегарыс
Адырова Гүлназ
1-жүргізуші:
Осыдан кейін жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 жасында қаза тапты.
2-жүргізуші:
Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.
Ән «Елім ай» Орындайтын Еркінбеков Нұрсұлтан
1-жүргізуші:
Міне бүгін желтоқсан құрбандарының арман тілегі орындалды. Біз соның куәсіміз. 1991 жылы 1-ші желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенті етіп сайлады. Қазақстан біздің сүйікті атамекеніміз.1991жылы желтоқсанның 16-сы президентіміздің тарихындағы ұлы күн, маңызды күн. Сол күн Қазақ елі өз тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына қол жеткізді. Еліміз егемен мемлекет болды.
Ән: «Көк тудың желбірегені» 6 «Б» сыныбы (хор)
2-жүргізуші:
Қорытынды сөз:
Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына бір тәуелсіз мемлекет болып отыр. Әрбір Қазақстан азататы Елтаңбаны, Туды,Әнұранды тұмардай қасиет тұтуы қажет. Қазақ елі мәңгілік биіктерден көріне берсін, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Қазақстанды бүкіл әлем танитындай ел болайық. Бұл біздің, яғни жас ұрпақтың қолында. Бұл біздің парызымыз. Мереке тағыда құтты болсын. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар!