7


  • Учителю
  • Қош бол, құтты әліппе! (1 Сынып)

Қош бол, құтты әліппе! (1 Сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппе!
Тәрбие сағатының мақсаты:Оқушылардың сауат ашу барысындағы алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеті арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу. Өнерлерін тамашалау. Әліппе оқулығының қадір-қасиетін ұғындыру.
Көрнекілігі: сөздер жазылған шарлар, слайд, суреттер мен плакаттар, көрініске қажет заттар.
Барысы:
Ханшайым:(Асия)

Армысыздар, аналар,

Бармысыздар, балалар,

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!

Күлдіргі : (Аяулым)Армысыздар балалар!

Буратино: (Мадина)Армысыздар халайық! Бұл жерде не болып жатыр өзі? Қандай той? (Екеуі Асияға қарап) Біз сені танымадық қой? Сен кімсің?

Ханшайым:(Асия)Мен Ханшайыммын. Мен білім ғаламшарынан келдім.Мұнда әліппемен қоштасу тойы өткелі жатыр. Мені мұнда балалардың әліппеден алған білімдерін тексер деп Білім ханшайымы жіберді. Мен балалардың берген жауаптарына қарап, әліппені қалай аяқтағанын бақылаймын.

Күлдіргі : (Аяулым)Олай болса не тұрыс, әліппені аяқтап , сауатты оқушы атанған 1 «а» сынып оқушыларын сынып жетекшісі Әсем апайымен бірге ортаға шақырайық. (Музыка әуенімен оқушылар ортаға шығады)

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн - «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - «Әліппемен қоштасу» . Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы 4 ай ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар.

Өсті міне бойларың

Өсті ақыл - ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың

Сонымен, мерекемізді бастайық.

  1. жүргізуші: (Нұрбек)

Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға,
Хош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға!

Баршаңызға сәлем бердік, қымбатты оқушылар мен құрметті ата-аналар, ұстаздар!

  1. жүргізуші: (Нұрислам)
    Қыр гүліндей жайнаймыз,
    Ән сап билеп ойнаймыз,
    Бүгін бізде мереке,
    Қоштасуды тойлаймыз!
    Біз бүгін өте қуаныштымыз! Себебі оқуды, жазуды үйреткен, алғашқы оқулығымыз - әліппемен қоштасамыз!
    1- оқушы: (Айша)
    А әріптің абыройы асқар ма?
    Ай сәулесі жарқырайды аспанда.
    Адам, ата, ана, менің де атым Айша
    А әрпінен басталар.

2- оқушы: (Айым)
Ата анамның еркелеткен
Жарқыраған жұлдызымын,
Сабақты жақсы оқитын
Айым деген қызымын.
3- оқушы: (Мұрагер)
Жақсы әдетті, жақсы істі,
Бойыма әркез теремін
Қиын-ау деп қайыспайтын
Ер мінезді Мұрагермін.
4- оқушы: (Нұрдос)
Нұрдос деген балаңмын,
Таудай биік талабым,
Жақсы оқып сабақты,
Білімді адам боламын.
5- оқушы: (Аружан)
Ай нұрынан жаралған
Ай мен күні анамның
Ақылдысы баланың
Кілең бестік сабағы
Аружан деген сұлуың
Мен боламын ағайын.


6- оқушы: (Нұрасыл)
Ұстаз ұғар қашанда
Дамуын әр баланың.
Жақсы оқитын сабақты
Нұрасыл атты баламын.

7-оқушы: (Қасиет)
Баршаңызға иіліп сәлем берем
Мен қызымын Ардақтың Қасиет деген,
Оқуды да, жазуды да тез меңгердім,
42 әріпті де жатқа білем!
8- оқушы: (Мансұр)
Суретті шебер саламын,
Есепті тіпті шағамын,
Білімді де өнерлі,
Мансұр атты баламын.
9-оқушы: (Қыдырәлі)
Жеңу үшін қиынды
Еңбегіңді аяман
Алдарыңда тұрған ұл
Қыдырәлі мен болам.
10-оқушы: (Әділ)
Әділ деп қойыпты есімімді,
Бұл әрине ата-ана шешімі де.
Ақылды боп көп істер атқарамын,
Ұстаз сөзін ұғамын жатқа бәрін.

11-оқушы: (Нұрбек)
Әліппені жатқа білем бүгінде
Өз бетіммен оқи алам ертегі
Танысыңыз, ақылды ұл Нұрбекпін
Болармын мен еліміздің ертеңі.

12-оқушы: (Нұрислам)
Шәкіртінсіз ұстаз ісі
Жарқырай ма,жана ма?
Жеті өнер де жеткіліксіз
Нурисламдай балаңа.

13-оқушы: (Әлібек)
Сабақтан еш қалмаған,

Ерінбей оқып талмаған,

Боламын мен үлгілі,

Әлібек атты бір балаң.

14-оқушы: (Мейіржан)
Мейіржанмын атамның баласымын,
Әжемнің тәттісімін, дарасымын.
Қашанда қатарластың алды болып,
Сенімін ақтаймын анашымның.

1-жүргізуші: (Нұрбек)

Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы.

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан?

Бәрі: Әліппе.

2- жүргізуші: (Нұрислам)Біз оқи аламыз, жаза аламыз. Оны біз қайдан үйрендік?

Бәрі: Әліппеден үйрендік.

1-жүргізуші: (Нұрбек)Сонымен қатар өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді оқуды, әуелі жаттауды үйрендік. Осының барлығын бізге үйреткен сүйікті Әліппемізді ортаға шақырайық.

Әліппе: Сәлеметсіңдер ме жас достар! Бүгінгі мерекелерің құтты болсын!

Ән «Менің атым Әліппе» орындайтындар Жұлдызай, Нұрдос, Аружан

2- жүргізуші: (Нұрислам)Ал, балалар, Әліппеге арнаған өлеңдерімізді айтып берейік.

15-оқушы: (Айша)

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

16-оқушы: (Айым)

Әліппем, менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

17-оқушы: (Мұрагер)

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те

Үйреткен оны әліппе

18-оқушы: (Нұрдос)

Партаға тұңғыш отырдым

Қалам алып қолыма

Сызықтарға толтырдым

Қалдырмай дәптер жолын да!

19-оқушы: (Аружан)

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа

20-оқушы: (Нұрасыл)

Әріптерді жаттаймыз

Есте мықты сақтаймыз

Ұмытпаймыз бәрін де

Атын, затын түрін де

Бәріміз сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен!

Хормен:

Әліппем, менің Әліппем,

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет,

Өзіңе көп-көп рахмет!

Ән «Әліппе» орындайтын Қасиет

Әліппе: (Жұлдызай)Бұл жерге менің әріптерім менен бұрын келіп қалыпты ғой.
Мұғалім: Әліппе, өзіңіз әмір бергендей әріптеріңіз дыбысталуына қарай 2 топқа бөлініп тұр. Не бұйырасыз?
Әліппе: Ал ендеше мұғалім, осының сыры неде екенін мына көрермендерге айтып берсең.
Мұғалім: Жарайды, Әліппе. Балалар бұл бір үлкен ертегі. Ертегі тыңдағыларың келе ме?
Балалар: Ия
Мұғалім: Ендеше ертегілер еліне саяхатқа барайық.
Ән: «Ертегілер» орындайтын Айым
Мұғалім: Ерте, ерте ертеде, Ешкі жүні бөртеде,
Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты.Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөйлем пайда болыпты. Ендігі кезекті осы әріптерге берейік.

21-оқушы: (Қасиет)

Ал әріптер, шығыңдар

Орындарыңа тұрыңдар

Бастайық кәне айтысты

Жібермейік намысты.

22-оқушы: (Мансұр)

«А» дегенің - «Ана» ғой,

«Ана» деген дана ғой.

23- оқушы: (Қыдырәлі)

«Б» дегенің «бала» ғой,

Жұмсаса апаң бара ғой.

24-оқушы: (Әділ)

Ғалым, ғылым, ғасырды

«Ғ» білімге асырды.

25-оқушы: (Нұрбек)

Елге есті ер керек.

Ер жет өсіп ертерек.

26-оқушы: (Нұрислам)

Жыр алыбы- Жамбыл ата

Ардақтайды оны бала.

27-оқушы: (Әлібек)

Игі істе батыр болам,

Игілікке жақын болам


28-оқушы: (Мейіржан)

Уық деген немене

Уыз деген немене

У әрпінен атаулар

Басталып тұр балалар

29-оқушы: (Қасиет)

«Н» әрпінде екі тіреу,

Ортасында басқыш біреу.

30-оқушы: (Айша)

«О» кәдімгі дөңгелек,

Кетпесін ол дөңгелеп

31- оқушы: (Айым)

Партамызға отырдық,

Парақтап кітап оқыдық.

32- оқушы: (Мұрагер)

Сыйламаған жолдасын

Сыйлай алмас өз басын.

33 - оқушы: (Нұрдос)

«Ф» - ның екі көзі бар,

Футбол деген сөзі бар.

34- оқушы: (Аружан)

Ш әрпін айтсақ жасырмай

Ұшы аша айыр басындай

35-оқушы: (Нұрасыл)

Дыбыс емеспіз, таңбамыз,

Оқылмаймыз, жазыламыз,

Біраз сөзден табыламыз.

Хормен:

Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды!


Ханшайым:(Асия)Балалар, ал енді осы уақытқа дейін не үйреніп, не білдік, қане ортаға салайық. Балалар мен қазір сендерге сұрақтар қоямын. Сұрақтың жауабын білетін оқушы қол көтеріп жауап береді.
1. Біздің елбасымыз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
2. Президент күні қай күн? (1 желтоқсан)
3. Біз қандай мемлекетпіз? (Тәуелсіз, егеменді)
4. Еліміз қалай аталады? (Қазақстан)
5. Ел ордамыз қалай аталады? (Астана)
6. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? (Ту, елтаңба, әнұран)
7. Ең алғашқы қоңырау біз үшін қай күні соғылды? (1 қыркүйек)
8. Ең алғаш қолыңа алған кітабың? (Әліппе)
9. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
10. У дыбысы қандай дыбыс? (Дауысты да, дауыссыз да)
11. 2 дыбыстан тұратын әріптерді ата (ю,я,ё)
12. Дыбыс бермейтін әріптер (ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі)
13. Сөз неден құралады? (Буындардан, дыбыстардан, әріптерден)
14. Бір аптада неше күн бар? Ата (7 күн Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі)
Буратино: (Мадина)Міне құрметті қонақтар балалардың қандай білімді болып өсіп келе жатқандығының куәсі болған шығарсыздар.

Әліппе: (Жұлдызай) Жарайсыңдар,балалар Енді айтыңдаршы кім сендерді сауатты оқып, жазуға үйреткен, көп еңбек сіңіріп, санауды үйреткен?
Хормен: Ол біздің мұғалім апай ғой
36-оқушы: (Мансұр)

Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейірмен
Қадамымды құп алып.

Хор: «Ұстазым»
Мұғалім: Рахмет балалар.Әліппені оқуға тек қана мен емес, ата-аналарыңның да көмегі көп тиді сондықтан ата-аналарымызға да рахмет айтайық.
Бәрі бірге: Рахмет сіздерге ата-әже, әке-ана!
1- жүргізуші: (Нұрбек)

Бізге қарап елжіреп

Сүйсе беттен күнім деп

Құшақ ашса келші деп

Жүгіреміз күлімдеп

2- жүргізуші: (Нұрислам)

Ел басқарған ағам бар

Жасыл жайлау далам бар

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Әкем мен анам бар

Сондықтан да елімде

Біз бақытты балалар!

Бүгінде біз кез келген ертегіні оқи аламыз. Анамыздың, апамыздың, әкеміздің, ағамыздың маған мынаны оқып берші деп есін шығармаймыз.

Біздің аналарымыздың құрметіне « Анашым» әнін орындап береміз. Қабыл алыңыздар! Хор: «Анашым»
1- жүргізуші: (Нұрбек) Нұрислам біз Әліппені бітірген соң не істейміз?
2- жүргізуші: (Нұрислам)Соны мен де ойлап тұрмын, Нұрбек.
1- жүргізуші: (Нұрбек)Шынымен де не оқимыз?
2- жүргізуші: (Нұрислам)Қиналатын түгі де жоқ
1- жүргізуші: (Нұрбек)Ана тілі деген досымыз бар.
Әліппе: (Жұлдызай)Балалар мен сендермен қоштасамын. Енді сендер қолдарыңа басқа кітап алатын боласыңдар. Ол кітап ана тілі деп аталады. Ендеше жаңа достарыңыз ана тілін қарсы алыңыздар.
Оқушылар: Қош келдің, ана тілі!
Ана тілі: (Бекзат)Сәлеметсіңдер ме менің жаңа достарым. Енді мені оқитын боласыңдар.
Мен де келдім дайындалып тойыңа,
Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек.
Сыр құямын, нұр құямын бойыңа,
Таза ұста, оқы мені қастерлеп.
Оқушылар: Оқимыз, таза ұстаймыз.

Ана тілі: (Бекзат)Мен сендерге бүгінгі мерекелеріңе сыйлық ретінде бірнеше кітап ала келдім. (Кітаптарды балаларға таратады).
Әліппе: (Жұлдызай) Ал енді балалар мен кетейін. Алда қыс, көктем, жаз бар. Жақсылап демалып сен сияқты балаларды күзде қарсы алып әріптеріммен таныстырамын
38-оқушы: (Әділ)
Білімге жолды бастаған
Әліппем саған,мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған, мың алғыс
39-оқушы: (Әлібек)
Қош бол,құтты «Әліппе»
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
40-оқушы: (Мейіржан)
Қош бол құтты Әліппем!
Тіл тұсауын кестін сен.
Аяулы анам болып сен
Айыбыңды кештің сен.
Хор: Рахмет саған, Әліппе, қош сау бол!
Әліппе: (Жұлдызай)

Оқуда зейінді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар.

Кір шалмасын қабақты,

Ақ жол болсын балалар.

Оқығандарың есте болсын

Күнделіктерің беске толсын.

-Ал балалар сау болыңдар!

-Қош болыңыз (Бәрі бірге)

Мұғалім: Балалар, бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр. Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізейік. Ортаға 5 ата-ана шыға қойсын. Манадан бері балалар әріптердің сырын ашуға тырысты. Ендігі кезек сіздердікі. Сіздерге Ж, Қ, А, О, Т әріптерін береміз. Мен қойған сұрақтарға тек сіздерге берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер.
-Балаңыздың аты кім?
-Балаңыздың досы кім?
-Балаңыз қандай?
-Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?
-Балаңыз бос уақытында немен айналысады?

1-жүргізуші: (Нұрбек)

Ертегіден көрініс «Алтын балта»

Көрініске қатысқандар диірменші Мансұр, кедей шаруа Әділ, байдың рөлінде Нұрдос.

2- жүргізуші: (Нұрислам) Қыздарымыздың орындауында «Барбарики» биін тамашалаңыздар.

Ұлдар биі

Флешмоб биі

1-жүргізуші: (Нұрбек)

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты болып шықты, міне балаңыз.

Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілінде «Әрқашан күн сөнбесін» өлеңін айтады.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар, осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Құттықтау сөз беріледі.

11





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал