7


  • Учителю
  • Вне классные мероприятия на тему: 'Балалар үшін қауіпсіз жол'

Вне классные мероприятия на тему: 'Балалар үшін қауіпсіз жол'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін

Диретордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары:

......................... Т.Д.Ткенбаева

«.....» ............. 2015 ж

№10 С.Мұқанов атындағы орта мектебі



Өткізген: 1 сынып жетекшілері

Смағұлова Ұ, Тоқтарова М, Айтпанова З, Адиева Ж

2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: Балалар үшін қауіпсіз жол

Мақсаты: Жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол белгілеріне жалпы түсінік беру. Жол бойында өзін дұрыс ұстап жүруге, ұқыпты қимыл жасап, сабырлы бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырыптық суреттер, «Жол белгілері» суреттер топтамасы, таныстырылым (презентация)

Күтілетін нәтиже:

  • Жол белгілерімен танысады;

  • Жолда жүру және көлік жолдарынан өту ережесімен танысады;

  • Қайғылы апаттардың алдын-алу жұмыстары жүргізіледі;

Жүру барысы

Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі - көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.

1.«Бағдаршам» дегеніміз не?

Көлік жолдарынан өтуде бірінші болып бізге көмекке келетін -Бағдаршам. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Бағдаршам-жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Оның кескін келбеті де құрылысы да әлденеше рет жаңарды.Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.

2. «Жол белгілері»

- Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

  • Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.

  • Тыйым салу жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.

  • Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.

  • Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны - 12.

  • Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері келісімімен орнатылады.


3. «Белгілер сөйлейді» көрініс

1-оқушы «Сақтандыру белгісі:

Қып-қызыл үшбұрыш,

Ескерту белгісі мен болам!

«Қауіптен сақ бол!» деп

Сәт сапар жолдаған.

2- оқушы «Тыйым салу» белгісі:

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.

Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге,

Қауіп бар бағдарла, көз салып жан-жаққа,

3- оқушы «Міндеттеу» белгісі:

Белгілік көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол, шартымды міндетті орында!

4-оқушы «Нұсқау» белгісі:

Баратын жерінің бағытын, тұрағын

Үн-түнсіз жөн сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

5-оқушы:

Төрт топтан құралған белгілер туыстай,

Жол сілтеп тұрамыз, у-шусыз ұрыспай.

Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз,

Келіп жүр біздерге, балалар, ұмытпай.

Барлығы:

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік!

4. Жолдағы қауіпсіздік ережелері:

Көшеде сақ бол!

  • Тротуардың оң жағымен жүр.

  • Жол жиегімен жүргенде жолдың шетінен қашықтау жүр.

  • Көшенің немесе жолдың жүріс алабына шығушы болма.

  • Тар тротуармен келе жатқаныңда алдыңнан қарсы келе жатқан жасы үлкен кісіге жол бер.

  • Қақпа маңынан өтіп бара жатқаныңда өте сақ бол.

  • Тоқтап тұрған автомобильдің қасынан абайлап өт

Автобусқа қалай міну керек?

  • Автобусқа немесе өзгеде қоғамдық көлікке тек артқы есіктен кір.

  • Түсерде тек алдыңғы есіктен шық. Шығуға алдын-ала дайындал, ілгері жақындап дайындалып тұр.

  • Көліктің тек артқы тұсынан,жаяу жүргіншілер өтпесінен өт.

5. «Қай жерде ойнауға болады?» ойыны.

Шарты: Қойылған сауалдарға «болады», «болмайды» деп жауап береді

  • Мұз айдынында, парктерде, стадиондарда ойнауға ...

  • Велосипед пен самокатты жол бойына тебуге ...

  • Жол бойына доппен ойнауға ...

  • Спорт алаңына доппен ойнауға ...


Қорытынды: Айналайын абайла

Жан-жағыңа қарайла

Жолда-жүру ережесін

Есте сақта қалайда.

Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз.

Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек.

Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз.

Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал