7


  • Учителю
  • Вне классная работа на тему СПИД

Вне классная работа на тему СПИД

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп мекемесі

Тақырыбы:

« Адамзатқа төнген қауіпті дерт»

Ұйымдастырушы:Жаксыбекова Л.


2015 ж. оқу жылы.


Мақсаты: Оқушыларға СПИД ауруының адам өмірі ұшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру.


1 жүргізуші: Айбек: Ассалаумағалейкум қадірменді қауым,

2-жүргізуші: Ардақ: Саламатсыздарма, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!


1 жүрг: Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030»стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен.

2 жүрг: Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін «1Желтоқсан- Бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған «Адамзатқа төнген қауіпті дерт» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

1 - жүргізуші:

Өмірге адам бір - ақ рет келеді,

Жастық шағың өміріңнің кемелі.

Күте білсең саулығыңның өрелі,

Табиғаттың бергеннен көп берері.

Бала адамның жүрек еті сенері,

Болашағы, демеушісі, жүрегі.

Сені ойлап үлпілдеген жүрегі,

Ата ананңның бір үстінде тілегі.

Күтін жастар, алдыңда өмір сүбелі,

Ақылды алсаң тиер саған көмегі.

Ешбір затпен уламай жас денені,

Бағытталған мол қозғалыс керегі.

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Сіздердей жаңа ғасырдың жас буын өкілдері, жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз жастармен кездесіп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Адамның жастығы дегеніміз тамаша сәулетті көктем, ол өмірде бір - ақ рет беріліп, қайтып келмейтін адам баласының өте бір естен кетпес бақытты шағы.

Би «флеш моб»

1 - жүргізуші:

Жігерің бар, талабың бар қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз - өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі солмайтын

2- жүргізуші:

Кесір сумен санаңды сен улама,

Көкірек қапқан көк түтінге жолама.

Өзіңді қорға, ортаңды қорға ағайын,

Саулық керек, саулық керек адамға - дей отырып 10 в сынып оқушыларының «темекі туралы» көрінісін тамашалайық.

2 - жүргізуші:

Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау ерте заманнан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу - маржандай асыл да даналы сөздері бар.

1 - жүргізуші:

Иә, мақал мәтелдер ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, дана ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті, емші де. Олай болса кезекті мақал - мәтелге берейік. Мақалды мен бастаймын, сен Әсел жалғастыр

  1. Ұзартқың келсе, ғұмырды,

(Таста арақ пен шылымды)

  1. Темекінің кермегі,

(Еріккеннің ермегі)

  1. Ішпеген, шылым тартпаған,

(Денсаулығын сақтаған)

  1. Көзге түскен қауыз жаман,

(Шылым шеккен ауыз жаман)

  1. Түтіні тісіңді сарғайтады,

(Уы ерте қартайтады.)

1 жүрг: Бәрекелді Әсел, Келесі кезекте «Қазақ пен арақ»атты өлең шумақтарымен Байсұлтанды ортаға шақырамыз.

1жүрг: Қор болған темекіге қайран жігіт,
Тұрады-ау танауынан түтін шығып,
Сасығы ық жағынан жүргізбейді,
Жағымсыз көңірсіген исі шірік.
2 жүрг: Күрк-күрк көк жөтел,
Күркілдеген көк жөтел.
Жасыңнан шексең темекі,
Түбіңе сенің сол жетер , Қымбатты көрермендер «Бауырсақ» ертегісінің желісімен жасалған көріністі тамашалаңыздар.

2 - жүргізуші: 1 желтоқсан СПИД-ке қарсы күрес күні. Спид - бұл бойдағы қорғаныш қабілетінің әбден әлсіреуінен туындайтын синдром, адам организміндегі иммундық жүйенін бұзатын және бүкіл аурулар қатарына төтеп беретін мүмкіндігін жоқ қылып, өлімге әкеп соқтыратын дерт. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша осы аурумен ауыратын 65млн адам тіркелген және 25млн адам кейінгі жылдары осы дерттен қайтыс болған. СПИД - үміті жоқ болашақ, оған бүкіл дүние көмектесе алмайды. СПИД адамға көп бақытсыздық әкелетін қатерлі, жазылмайтын ауру.

1 - жүргізуші: «Әрбір жаманшылықтың жағасында түрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» - деп Абай атамыз айтқандай әр оқушы аурудың алдын алу үшін ауырмай түрып, ауырмайтын жол іздеу қажет. Салауатты өмір салтын ұстану, жеке бастың тазалығын сақтау арқылы айналасындағыларға дерттің алдын алуға мүмкіндік жасайды.

2 - жүргізуші:

Есірткі жойылсын,

Ішімдік құрысын.

Дені сау қазақтың

Ұрпағы көбейсін

Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп,

Қазақтың сымбатты

Ұл - қызы көбейсін

Ән айтылады

1 - жүргізуші:

ХХІ ғасырда, ашық аспан астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын

2 - жүргізуші:

Отбасыларыңыз қуанышқа толсын,

Өмірлеріңіз салауатты болсын!

Би флеш моб

1 - жүргізуші: Ауруды жүқтырмау, жаман әдеттерден бойды аулақ ұстау өз қолымызда, салауаты өмір - жарқын болашақта өмір сүрейік.

2жүрг: көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал