- Учителю
- Тәрбие сағаты 'Ұстаз Ұлы тұлға'
Тәрбие сағаты 'Ұстаз Ұлы тұлға'
Ұстаз - ұлы тұлға.
Сабақтың мақсаты
:а)Оқушыларға ұстаз-екінші ана екендігін түсіндіру .Мерекелерімен құттықтау.
ә)Танымдық қабілетін арттыру.Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты нығайту.
б)Айналасына білім,тәрбие ұрығын шашып,адамгершілік нұрын төгетін
ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету,лебіз білдіру,адамгершілік қасиеттерге тәр-
биелеу.
Сабақтың түрі:Әдеби-музыкалық бағдарлама.
Әдіс-тәсілі:Өлеңдер оқу,ән шырқау.
Көрнекілігі:Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер,өлеңдер,гүл шоғырлары,
шарлар.
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің құттықтау сөзі:Сәлеметсіздер ме,құрметті ұлағатты ұстаздар!
Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Баршаңы-дың отбасыңызға амандық ,бақ-береке ,еңбектеріңізге шығармашылық табыстар
тілейміз.
Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына ,қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі»-- деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар
.Ол-ұстаз!Ұстазсыз өмірдіңнақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі -- ұлы еңбек.Сонымен «Ұстаз--ұлы тұлға»! атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.
1- жүргізуші.
Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, ? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші: мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы -
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі-ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?!
1-Жүргізуші:
Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
2-жүрг. Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
1-Жүргізуші: , екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
3-оқушы: Сымбат
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
4-оқушы:Анеля
Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!
5-оқушы: Бағдат
Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
6-оқушы Айнур
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
8-оқушы Даурен
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
9-оқушы Арслан
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2-жүргізуші: Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, , білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
1-жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз, -дей келе алдарыңызда сыныбымыздың мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
Каникул - жылдың ең қысқа күндері.
Күнделік - үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.
Математика - мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін "жаңғақ".
Дос - бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
Сабақ - үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
Спорт секциясы - әжеме айтатын басты сылтауым.
"Апайға айтам" - қыздардың негізгі қаруы.
1- Жүргізуші: Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
2-жүргізуш сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
1- Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
2-Жүргізуші: -ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге сыйлық салынған қорапшалар үлестіріледі. Әр қорапшаның ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер қорапшаны ашып, сұрақтарға жауап беруі керек/.
Сұрақтар:
1-Жүргізуші: Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
№3 билет. Сабаққа оқушыларыңыз жиі кешігіп келе ме?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма?
Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.
2-ж
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін
Ұстаздық алып жүрген атын еркін
Біз сізге алуан гүл ғып ұсынамыз
Жүректің алғысы мен рахметін.
(Өздерінің гүлдерін ұстаздарға беріп, құттықтайды)
Мұғалім:Ендеше ұстаз сөзінің формуласы қандай?(сол сәтте бес оқушы шығып ұстаз сөзінің формуласын көрсетіп айтады)
Ұ - ұлағатты
С - салмақты
Т - тапқыр
А - ардақты
З - замандастай зиялы
Сөз сөйлесе,жарқын-ақ
Күніміздей жарқылдап
Қызық өтіп сабағы
Өсіреді ой- сананы ,
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі
Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді.
Риза
Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзіңе
Өсиет көп өзінде
Көзімнің хошын-ай
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті, кеңпейіл
Ұстаздарым осындай.
Ернар
Мынау менің сезгенім
Ол-сыныптың анасы
Өзінің де,өзгенің
Баласы-оның баласы
Жансая
Күнде бестік алсаң сен
Онда басқа жоқ арман
Ал, оқымай барсаң сен
Бір тал шашы ағарған.
Мұғалім:Сүйікті ,парасатты мұғалімім
Өзіңдей жанымды ұғады кім?
Бас иіп,шәкіртіндей құрмет тұтып
Алдыңнан алғыс өлең шығар бүгін.
Қолыңнан әр шәкіртің ұшқан түлек
Сыйлайды еңбегіңе алғыс, құрмет
Мақтан!Мақтан!Мұғалім армиясы!--
деп,Мұзафар Әлімбаев атамыз өлең шумақтары арқылы өзінің ұстазына деген сезімін осылай білдірген екен.
Мұғалім:Келесі кезектіұстаз ұлылығы жайлы айтылған ұлағатты сөздерге береміз.
Ұстаздық-ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.
Мұғалім-оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.Сондықтан да,ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
Мұғалім-өзінің білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары мінезімен,тіпті сырт- пішіні, киген киімімен оқушысына жақсы әсер етеді.
Мұғалім-өзінің бойындағы,барлық жігерін,білімін,бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына,халқына беріп отырады.
Көрдім де соларды-қызықтым ісіне
Сан сұрақ оралды-ұстаздың ісіне
Ұстаз кім?Ұстаз ба, ол-Ана!
Өмірдесеніде,мені де ешкімге қаққызбай,
Ұстаз кім?Мұғалім ол-дана!
Жасқа да,қартқа да қамқоршы сол ғана
Ұстаз ба?Ұстаз ол-ер диқан.
Бәрі (Хор)
Ұстаздарға мың алғыс! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі
Тәрбие сағаты: Ұстаз- ұлы тұлға
Мұғалім: Умбетьярова Б. Н.
2015-2016 оқу жылы