7


  • Учителю
  • Тарбие сагаты Құстар біздің досымыз (3 класс)

Тарбие сагаты Құстар біздің досымыз (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.



Мақсаты:



1. Білімділігі:Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардаң мағнасы жайлы мағлұмат беру,барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау, оларды қарсы алу. Халық қазынасы мақал- мәтелді, жұмбақ болжамдарды пайдалана білуге үйрету.2. Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту.3. Тәрбиелік: отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге, аң- құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, үнтаспа, қанатты сөздер, шар, гүл, көктем көрінісі.

І. Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! «Құстар біздің досымыз » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Мен баршаларыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын.Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі. Жер бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500- дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз.



· Бейбітшілік құсы қай құс?

· Көгершін.

· Балалар сендер білесіңдер ме биылғы жыл қай құсқа беріледі?

· Қарлығаш.

ІІ.Ө Көктем:



Ал құрметті халайық,

Мерекені бастайық.

Жұмбақ шешімін тапсаңдар,

Құстарды қарсы алайық.

ІІІ. Жұмбақ.

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды

Көктем жұлдыз қаққандай. (қарлығаш)

Орман іші солқылдап,

Жаңғырықты түнімен.

Ұрды ағашты тоқылдақ,

Тұмсығының түбімен. (тоқылдақ)



ІҮ.Сұрақтар.

А) Көктем айларын ата!

Б) Құстар балапандарын қайда өсіреді?

В) Ең алғаш шығатын гүл?

Г) Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?



Д) Киелі құс?

Е) Қандай құстың құйрығы айыр?

Ү. Ән «Ақ көгершін» 4а - сынып



Сұрақтар.

А) Адамдар көктемде қалай киінеді?

Б) Түнде ұшатын құсты ата!

В) Орман дәрігері?

Г) Өз атын өзі шақыратын құс?



Д) Сөйлейтін құс?

Е) Көгершін қандай құс?

ҮІ. Кім құстарға арналған тақпақ оқиды?

« Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.» - деп Абай атамыз жырлағандай өлең жолдарына кезек берейік.

Оқушылар өлең оқиды.



ҮІІ. Ән «Торғай» 3а- сынып.

Кім көп құс біледі?

Құс аттарын параққа жазу.

ҮІІІ. «Мақал- мәтел, жұмбақ» сайысына кезек берейік.

Бұлбұл үнді, жылап тілді.



Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.



Ер жаңылып қолға түсер,

Құс жаңылып торға түсер.



Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ.



Қаз келсе, жаз келер.



Жұмбақтар:



Сайрайды бір талмайды,

Әнші құс бұл таңдайлы. (бұлбұл)



Қараңғыда ұшады, құбылады.

Жарық көрсе қашады, тығылады. (жарқанат)



Шарлап келіп даланы,

Үйіне үй салады. (қарлығаш)



ІХ. «Аққу биі» 3-4 сыныптар.



Ал, балалар құстарға байланысты қандай халық болжамдарын білесіңдер?



· Құс жүнін үрпитсе- жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

· Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.

· Шымшық ұя салса- қыс қатты болады.

· Қарға қарқылдаса - қар жауады

Х. Қорытынды.



Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық. Оларға қамқор болайық.

Әрқашан аспаның ашық болсын деген ниетпен «Құстар қайтып барады» әнімен аяқтауды жөн көрдіе.

Оянып бар табиғат ұйқысынан,

Жадырап құтылғандай құс қамынан.

Көктемді шуға бөлеп әнге ораған,

Тыңдаймз алуан сыр жыл құсынан.



. Құстар,соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау. ә. Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру,құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу. б. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру,яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу. Ашық сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар - біздің досымыз!», нақыл сөздер. Ашық сабақ әдісі: әдеби-монтаж,түсіндіру, ойын. Ашық сабақ жүрісі: 1-бөлім «Құстар - біздің досымыз!» 2-бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу) 3-бөлім Ертегілер елінде 4-бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары) 5-бөлім «Оқушы шығармашылығы» 1-жүргізуші Құрметті ұстаздар, ата-аналар.Қадірменді достар!Хош келдіңіздер! Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз! Құстар,құстар келеді Жерді шуға бөледі Көктем келді деп бізге Жақсы хабар береді. Ән құрадым әніммен Сән құрадым гүліммен Қуантамын бәріңді Құт-береке күнімен 2-жүргізуші Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар -біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз. Сәлем достар аман ба? Мынау бейбіт заманда Шат--шадыман көктемің Шаттық болсын қашанда Бейне көктем жырлары Сағынышпен жеткен Құстардың әуенімен Куанта бер көктем 1-оқушы Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар.Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды.Сондықтан олар табиғат емшілері. 2-оқушы Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді.Балапандарын қанаттандырып,жауларынан қорғайды. 3-оқушы Құстар табиғатқа сән береді.Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп.Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек. 4-оқушы Жыл құстары дегеніміз-Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар.Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл,тоқылдақ,үйрек,қаз ,тырна. 5-оқушы. Құстар туған жерге топ-тобымен ұшып келіп жатыр.Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді.Биік асулардан асады.Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған. 6-оқушы Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік.Мысалы:қарлығаш-адамға дос.Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады.Оның өз әні бар.әні құлаққа жағымды. 7-оқушы Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді.Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген. 8-оқушы Қарылғашпын мен Адамның тұрағымын Мекен етіп тұрамын Тазалаймын үй-ішін Ел аузында мақтаулы Тазалықшымын төселген 9-оқушы Қараторғай-өзі кішкентай,өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы.Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып,шырқаған. 10-оқушы Мен қараторғаймын Шегірткедей жұртыңды Қырғи болып қиямын Егістікке жайылымға Қорғаушы боп тұрамын Жәндіктерді зиянды Құртатұғын батырмын Дайындайтын ұямды Достарға келе жатырмын 11-оқушы Құс сұлуы аққумын Табиғат көркін сыйлаған Мылтығын кезеп еш мерген Атуға көзі қимаған. Сұлулықты паш етіп Жырлаған талай ақындар Нәзік үнді,көл көркі Құс патшасы мен болам 12-оқушы Аққу-30-40 жыл өмір сүреді.Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс.Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген,адамдар да аққуды атпаған.Ол киелі құс.Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген. 13-оқушы Халық көктем келсе көкек келді дейді.Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен.Не деген ғажап ,көкек деген.Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады.Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған. 14-оқушы Жаршысымын көктемнің Көкек дейді мені жұрт Өз атын айтар құс менмін. Көктемді күтсең мені күт. 15-оқушы Мен еркін бақытты бұлбұлмын Бұлағын тасытқан ән-жырдың Тамаша тамылжып шырқаймын Шаттығын тауыса алмай әр күннің 16-оқушы Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт-құмырсқадан тазартады. 17-оқушы Құртты іздеп ініне Қарағайды үңгіген Тоқылдақ құс дәрігер Қашан да ол әбігер 18-оқушы Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған.Шебер әншісін-бұлбұлға теңеген.Азаматын-сұңқарға,сұлуын-аққуға,ез жігітін-жапалаққа теңеген. 2-бөлім Жұмбақтар шешу Туысы дейді құстардың Інісі дейді тышқанның Тышқан да емес,құс та емес Екеуінен де тыс қалдым (Жапалақ) Қызығып әр адам Ұстап ап даладан Жүнімен жұлып ап Бесікке қадаған Бұл қай құс? (үкі) Қашаудай мықты тұмсығым Бәсеке тігем бұл шыным Құрт,қоңыз,аулап жарысам Орман дәрігері боп табылам (Тоқылдақ) Түсі қара мақпалдай Төсі ақ сыр жаққандай Ұшса оқтай зулайды Көктен жұлдыз аққандай (Қарылғаш) Биікке салған ағаш үй Сол ғой оның мекені Жаздай сайран салып ап Қыста алысқа кетеді (Қараторғай) Он екі айдың біреуі Сірә оның атында Өзге ұяға із тастап Мен деп жар сап жүреді (Көкек) 3-бөлім «Ертегілер елінде» (Интерактивті тақтадан көрсету арқылы ертегіні рольге бөліп айту) 4-бөлім «Халық болжамдары» 1-жүргізуші Халқымыз құстардың келуіне,кетуіне қарап болжамдар жасаған.Енді солардың біразына тоқтала кетейік. Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады,ал төмен ұшса жаңбыр жауады. Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,су тасқыны болады. Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады. Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады. Шымшық ұя салса,қыс қатты болады. Шағала келсе сең бұзылады. Жыл құсы қаптап келсе,көктем ерте келеді.



Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/sabak/2003-dosym.html

© www.ZHARAR.com





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал