7


  • Учителю
  • Эссе, тақырыбы Мен шабыттандырамын, мені шабыттандырады'

Эссе, тақырыбы Мен шабыттандырамын, мені шабыттандырады'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақмола облысы

Көкшетау қаласы

Қазақ бастауыш мектебінің

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Шаменова М.Т.


«Мен шабыттандырамын, мені шабыттандырады...»

(эссе)

Мен шабыттандырамын...

Өзімнің сүйікті сабақтарым: музыка мен өзін-өзі тану пәндеріне дайындалғанда, әр түрлі әзірлемелер мен баяндама жазғанда шабыттанамын. Сол шабыттың арқасында ізденіп, зерттеп жүргенде бір жақсы дүниелер пайда болады. Өткізген сабақтарым оқушыларға ұнағанын оқушылардың көз қарастарымен қызығушылықтарынан сеземін. Уақыт өте келе бір күні баспалдақтан, дәлізден өтіп бара жатқанда кішкентай бірінші немесе екінші сынып оқушысы маған айтады: «Апай мен сізді жақсы көремін, сабағыңыз маған қатты ұнайды». Ол барлық түйсігімен жақсы көріп тұрғанын көріп, өзімнің жасап жатқан ісіме риза боламын және жаңа әдістерді тауып шығармашылыққа бой алдырып, оқушыларыма үйретсем, көрсетсем, сезіндірсем екен деп шабыттанамын.

Әріптестерімен, жолдастарымен немесе туыстарымен көрісіп қалғанда, олардың бойларындағы болмашы бір өзгерісті көрсем «сенің осы бір жақсы қасиетің маған ұнайды», «сені көргеніме қуаныштымын» деп ылғи бір жақсы нәрсе айтқым келеді. Оларды көргеніме қуанышты екенімді білдіремін. Бір ғажабы олардың кейбіреулері балаша қуанады. Көңілдері көтеріліп, қалжындасады, бойларында бір нұр пайда болады.

Мені шабыттандырады...

Қазір біз көптеген ақпараттардың ортасында өмір сүреміз. Өміріміздің көп уақыты жұмысымызда өтеді. Бір ақпараттарды қабылдап, екінші ақпараттарға жауап береміз. Бар санамыз ақпараттарды тез-тез қабылдап үйреніп алған, елегімізден өткізіп, таң аттырып, күн баттырамыз. Бірақ кейбір жайыттар санамызда орын қалдырмай өте алмайды. Соның ішінде өмірмен күресіп, тағдырының ауырлығына қарамастан жақсылық жасап жатқан адамдарды көріп мен өз өмірім туралы ойланамын. «Мен қандай жақсылық жасадым?» - деп іштей толғанамын. Міндетті түрде теледидардан көрсететіндей ұлы іс жасауға емес, жоқ, тым болмаса қарапайым жақсылық жасау. Сол сәттен бастап, әр басқан қадамыңды ойлап, саралай бастайсың. Үйден шығысымен уақытым болмай тұрсада кездескен көршімнің қалын сұрап, ол жағдайын айтады оған бір жақсы сөздер айтып жұбатасың, ол бір жасап, марқайып қалады. Сол сәтте сен бір жақсы әсер аласыңда, сол көңіл күйімен әрі қарай кете бересің.

Ән шығаруыма себеп болғаны бір өлең жолдарын оқып соған шабыттанып, әуеннің мыйыма қайдан келгенін білмеймін, тездетіп ыңылдап үнтаспаға жаздым.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал