- Учителю
- Бейнелеу өнері пәнінен 'Графикалық натюрморт' тақырыбында сабақ жоспары. 6 Сынып.
Бейнелеу өнері пәнінен 'Графикалық натюрморт' тақырыбында сабақ жоспары. 6 Сынып.
Бөрлі ауданы
Ақбұлақ мектеп-балабақша кешені
Кіріктірілген сабақ
Сабақтың тақырыбы:
«Графикалық натюрморт»
Өткізген: жас маман
бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Утегалиев Ержан Спортович
Ақбұлақ 2014-2015 оқу жылы
Сабақ: № 15. Күні: 18.12. 2014 жыл
Пәні: Бейнелеу өнері
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Графикалық натюрморт
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Графика және оның түрлері жайлы терең мағлұмат беру. Графикалық натюрморттың композициясын құрастыру.Сурет салудың заңдылықтарын үйрету.
б) дамытушылығы: Оқушыларға натюрморттың заңын меңгерту, ойлау, есте сақтау қабілетін және шеберліктерін дамыту;
в) тәрбиелігі: Көзбен елестетуге, ұқыптылыққа , әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Репродуктивті әдіс, түсіндіру,әңгімелесу,
затқа қарап сурет салу
Қажетті технологиялар: Компьютер, интербелсенді тақта.
Сабақтың көрнекілігі: Суретшілердің шығармалары, презентация,
графикалық материалдар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
-
Сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу.
II.Өткен материалды қайталау:
Әңгімелесу: (әңгімелесу арқылы бүгінгі тақырыпты ашу )
-
Оқушылар қандай бейнелеу өнерінің түрлерін білесіңдер?
-
Кескіндеме,графика,мүсін,қолөнер,сәулет өнері.
-
Жарайды,енді бейнелеу өнерінің жанрларын атайық.
-
Пейзаж,портрет,натюрморт.
-
Мына суреттерде қандай жанрлар бейнеленген?
-
1-суретте портрет жанры. 2-суретте пейзаж.3-суретте натюрморт.
(Оқушылар жанр түрлерін ажыратады)
−Натютморт дегенді қалай түсінеміз? (мұғалім натюрморт туралы сұрайды)
−Натюрморт дегеніміз - өлі табиғатты,қозғалмайтын денелерді бейнелетін бейнелеу өнерінің жанры.
-Өте дұрыс.
III.Жаңа материалды меңгерту:
Оқушылар біз бүгінгі сабақта «Графикалық натюрморт» тақырыбында
жұмыстанамыз.
−Графика - бейнелеу өнерінің бір жанры. Графика дегеніміз − тырнау, жазу, салу деген мағынаны береді. дейін графика мен түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке - қолмен салынатын жұмыстарды: , , т.б. жатқызады.
Графика өнері
, тығыз байланысты деп табылады. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада сызықтар, штрихтар,ашық және қара дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады.Салынатын бейне қарындашпен, көмірмен, бормен, қаламұшпен
тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға немесе тасқа бедерленіп, содан қағазға басылады.Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында,кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатура, шарж, жалпы нобай,композициялық эскиздер салу үшін, т.б. заттарды көркемдеуде кеңінен қолданылады. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, т.б.
жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 - 50 жылдары аралығында қалыптасты.
Қазақстан суретшілері арасында графикалық туындыларымен танымал график суретшілер баршылық. Олар Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева, Ә.Рахманов, Т.Ордабеков.
.
−Графикамен натюрмортты бір − бірімен байланыстырып қарайтын болсақ, «Графикалық натюрморт - бір түсті бояу, қарындаш, тушь арқылы орындалған заттардың немесе бұйымдардың суреті» − болып табылады.
-Балалар, сендер барлықтарың бүгін график- суретшісіңдер. График - суретші болу үшін график қарындашымен натюрморт салып үйренуіміз керек.
−Алдымыздағы бірнеше натюрморттарға қараймыз,графика тәсілімен салынған,өз қалауымыз бойынша натюрморттардың бірін саламыз .
Сергіту сәті
Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында орындалады. Түстердің пайда болуына байланысты оқушылар көз және дене жаттығуларын орындайды.
IV.Сарамандық жұмыс:
• Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады. (затқа қарап сурет салу) Сурет салудың кезеңдері айтылады.
• Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі.
-
Қойылған заттарды салу симметрия сызығын сызудан басталады.
-
Қойылған әр заттың пішіні қандай геометриялық денелерге ұқсас,сол геометриялық денелердің көмегімен заттарды жұмыс дәптерге орналастырады.
-
Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз.
V. Бекіту
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1. Адамның бет әлпетін бейнелейтін көркем шығарма.
2. Түстерді зерттейтін ғылым?
3. Бейнелеу өнерінің жанры?
3. Күн сәулесіндегі барлық түстердің толқынды құралы?
4. Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады?
5. Мата бетіне сурет салу қалай аталады?
6. Табиғатты бейнелейтін жанр.
Графика
VI. Қорытындылау.
«Графикалық натюрморт - бір түсті бояу, қарындаш, тушь арқылы орындалған заттардың немесе бұйымдардың суреті»
VII .Үйге тапсырма:
Графикалық натюрмортты аяқтау.
«Графика өнері» тақырыбын оқып келу
Оқушыларды бағалау: