- Учителю
- ҚАзақстан тарихы пәнінен ҚР Ассамблеясының 20 жылдығына арналған 'Ынтымақ - достық кепілі' атты тарбие сағаты
ҚАзақстан тарихы пәнінен ҚР Ассамблеясының 20 жылдығына арналған 'Ынтымақ - достық кепілі' атты тарбие сағаты
Тәрбие сағаты, 5-сынып | Күні: | ||
Тақырыбы: | Қазақстан - біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ!
| ||
Мақсаты: | Мемлекетіміздің өркендеп, ілгері басып келуінің бір себебі - елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының нық болуын жалғастыру, татулықты дәріптеу, ұлттар достығын сақтау мен нығайтудың маңызы зор екеніне көз жеткізу. | ||
Күтілетін нәтиже | Оқушылар ұлттар достығының маңызын түсінеді, ұлттар арасындағы достықты нығайту қажеттігін біледі. | ||
Керекті жабдықтар | Интерактивті тақта, көрмеге арналған кітаптар | ||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Кіріспе | Оқушылармен амандасу. Әр топқа «Достық, ынтымақ, бірлік» деген ат беру. | Топтарға бөлінеді. | |
Тұсаукесер | Білу.
| Сұрақтарға жауап береді | |
Негізгі бөлім | Түсіну. Қазақстан халқының бірлігі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің нәтижесі. Халық бірлігі ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Еліміздің басты қорғаушы күші - қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді - сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық - біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Айтыңдаршы, балалар, қазақстанда қанша ұлт қкілдері мен этнос бар? Дұрыс, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 130 аса ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Бұның барлығы достық, татулық, бірліктің арқасында болып отыр.
Енді, балалар,бүгін бізге қонақтар келді, соларға сөз кезегін берейік
Келесі кезекте сергіту сәті...
Қазақ халқында шашу шашу дәстүрі бар, Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Жақсылық күндерде тағы дабасқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Енді, мен сендерге алып келген шашу тапсырмаларымнан берейін.
Қорытындылау Берілген тапырмалар бойынша өз ойларын оқушылар қорытындылайды.
| Мұғалімді тыңдайды, сұраққа жауап береді Өзара пікір алмасады
Шашудан алып, мақал-мәтелдердің жалғасын табады Тапсырмаларды жалғастырады | |
Қорытынды | "Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба, қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін!" иә, көңілік көк жайлаудан кең қазақ халқының құшағына бәрі сияды. Сайын даласы кімдерге мекен болмады?! Жүрегі мен пейілі көпке жайылған ұлтымыздың ырысы мен берекесі құдайындай сыйлап, төріне көтерген қонағымен артқан. Ассамблеяның, ынтымақтың ізгі мерекесін бәріміз бірге тойлайық! Шынайы бірліктің шырайлы мерекесінде түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, ынтымағымыз жараса, тойлауға асығайық. | Өз пікірлерін қосады | |
Рефлексия. Бағалау. |
|
|
Досыңды мақтағаның - ...
Досы көппен сыйлас, ...
Досы жоқ адам - ...
Досы көптің жаны семіреді, ...
Досы көпті жау алмайды, ...
|
|
|
|