7


Адайдың алпыс батыры

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: «Өткенді ұмыту - өшкендіктің белгісі. Өткенді ұлықтау - өскендіктің белгісі. Өткен өмір дегеніміз - тарих қазынасына қосылған үлес. Ал осы үлес салмағын саралағандағы мақсат - дәріптеу, масаттану емес, келер ұрпаққа үлгі болар, қажетіне жарар деген ізгі ниет» - дейді белгі
предварительный просмотр материала

Аннотация

Зерттеудің мақсаты: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде тарихта ұмытылып бара жатқан тарихи деректі зерттеп оқушы назарына ұсыну. Адайдың 60 батырының қатарында кімдер және солардың бірі - Қабанбайұлы Мәліке екендігін кеңінен тереңірек мәлімет жинақтап таныстыру.

Зерттеудің болжамы: Адайдың 60 батырының шайқастағы ерліктері туралы ел жадында қалған әңгімелерді жинақтау, жазып алу. Батырлар есімін тарих беттеріне енгізуге деректер жинап дәлелдеу.

Зерттеу кезеңдері:

І кезең. Адайдың 60 батырының шайқастағы ерлігі туралы ел жадында қалған әңгімелерді жинақтау, кездесіп жазып алу.

ІІ кезең. 60 батырдың аттары жазылып қойылған ескерткішке барып суретке түсіріп материалдар жинақтау.

ІІІ кезең. Жиналған материалдарды компьютерге енгізіп, түптеу. Жинақталған материалдарды баспаға әзірлеу. Слайдтар дайындау. Ғылыми жобаны қорғауға дайындалу.

Қорытынды: Ел басына күн туған кезде туған елі, Маңғыстаудың ұлтарақтай жері үшін,қасық қандары қалғанша қорғаған қайталанбас батырлар туралы жинақталған деректерді әлі де болса зерттеулерді қажет ететін тұстарын жалғастыру. Осы 60 батырдың ерліктері туралы Маңғыстау тарихына енуін қамтамасыз ету.

Мазмұны


Аннотация.......................................................................................

Жоспар .........................................................................................

Кіріспе.............................................................................................

Негізгі..............................................................................................

Қорытынды.....................................................................................



Тақырыбы: «Адайдың алпыс батыры»- Мәліке Қабанбайұлы


Жоспар

І Кіріспе: Адай көтерілістерінің бірі - Балуанияз батыр бастаған

Адайдың соңғы көтерілісі туралы дерек беру.


ІІ Негізгі бөлім:

а) «Адайдың алпыс батырының бірі -Мәліке Қабанбайұлы

туралы деректер мен негіздерді жинақтау.

б) Адайдың алпыс батырының бірі - Мәліке Қабанбайұлы

ұрпақтары туралы.

ІІІ Қорытынды:

Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды зерделеп, оның ақтаңдақ беттеріне тереңірек үңілуге мүмкіншілік кеңінен жол тауып, аты атаусыз, құны сұраусыз, өлімі жылаусыз қалған асылдарымыз ақталып, олардың есімдерін мақтанышпен айта алатын жағдайға жеттік. «Алтын кездік қап түбінде жатпайды» деген осы шығар.


К і р і с п е

«Өткенді ұмыту - өшкендіктің белгісі. Өткенді ұлықтау - өскендіктің белгісі. Өткен өмір дегеніміз - тарих қазынасына қосылған үлес. Ал осы үлес салмағын саралағандағы мақсат - дәріптеу, масаттану емес, келер ұрпаққа үлгі болар, қажетіне жарар деген ізгі ниет» - дейді белгілі жазушы Ә.Кекілбаев.

Біз қазақ халқы ежелден өткенін ұмытпай, тарихын қастерлеген, бабаларын дәріптеген елміз. Ақберен бабаларымыздың рухын ұрпақ алдында жаңғыртып, әспеттеу, сауапты іс әрі перзенттік парызым болмақ. Одан қалды қазіргі заманның «Атымтай жомарты» атанып жүрген, ізгі де қайрымды істерімен жұртшылықтың ыстық ықласына бөленіп, елдің ақ батасын алып, патша көңілдің төрінен орын тепкен абзал азаматтар жайлы да толғанысымды қостым.

Сонымен қатар тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды зерделеп, оның ақтаңдақ беттеріне тереңірек үңілуге мүмкіншілік кеңінен тауып аты атаусыз, құны сұраусыз, өлімі жылаусыз қалған асылдарымыз ақталып, олардың есімдерін мақтанышпен айта алатын жағдайға жеттік. Бұл да бізге Алланың берген бір сыйы дер едім. «Алтын кездік қап түбінде жатпайды» деген осы шығар.



Мен оқып білім алып отырған қырық жыл тарихы бар аудан орталығында Кәрі шаңырақ Абай орта мектебі Қибас Мелькеев атындағы көше бойында № 4 ғимаратта орналасқан. Аты ауданға, облысқа, республикаға танымал майдангер- ұстаз Мелькеев Қибас атамыздың тегі кімдер екен деген ой мені мазалады. Қазір ғылыммен техниканың дамыған заманында ғаламтор арқылы іздеу салғанымда ол кісінің ұрпақтары арамызда екеніне көз жеткіздім. Майдангер- ұстаз Мелькеев Қибас туралы бұрында да талай кіші ғылыми жұмыстар жасақталып зерттеліп оңды бағасын алған екен. Түп - тамыры шыққан тегі жайлы толық мағлұматты , осы мен білім алып жүрген мектеп оқушыларда алсын деген ойдамын.

Майдангер- ұстаз Мелькеев Қибас, кезінде «бай баласы» атанып талай қасіретті бастан кешірген, әкесі Жалғасбай жаз жайлауын жарыса аққан қос өзен Жем- Сағыз бойына қоныстап, ал қысты Маңғыстаудың жылы құшағы «Қарамая- Кендірліге» қыстаған, танымал төрт түлігі түгел жаны жайсаң қолы жомарт, жалшы- малшы ұстамай барын оншақты үй ағайын-тумамен бөлісіп отырған бай болған екен. Сонау ақ қоянның жұтынан аман қалып, таяғын ұстап қалғандардың алдына мал беріп ел жадында қалыпты. Кеңес үкіметі құрылған кездегі асыра сілтеушілікке көне алмаған Жалғасбай бай Иран асып кетпек болған бетте Шағадам (Красноводск) маңында большевиктер малдарын тартып алған соң, шекараға бет алған жолда Жалғасбай кенеттен қайтыс болады.Ертеңіне Түркменстан шекарасына қойылған Красноводскінің Пятиверстьтегі УФРА (укрепление федерации Российской армии) бөлімшесі орналасқан «Кенар» поселкесі маңындағы зиратта Жалғасбай ата жерленеді.

Мәліке батырдың үш ұл, екі қызынан қалған жалғыз Жалғасбай осы Маңғыстауға танымал жаны жайсаң, қолы жомарт бай болған екен. Ол кісінің мырзалығы, мол адамгершілігі туралы шет жағасын көріп өскен Өрезек руынан 96 жас өмір сүрген Көптілеуов Айдархан ата Жалғасбай ұлы Қибасқа, Мәліке шөбересі Қибасұлы Сақиға, осы рудан тараған ағайындарға айтқан екен.

Ағайындар сол жерде екіге бөлінеді; бірі - Бесқалаға бет алса, ал екіншісі- Түркменстан арқылы шетелге бет алады. Майдангер - ұстаз Мелькеев Қибас сол кезде 12 жаста екен. Әкесі Жалғасбайдың қайырын көп көрген Қойжан ақсақал Қибасты Жалғасбаев емес, орысша қосып, Мәліке атасының атына « Мелькеев» деп, тегін өзгертіп жазып берген соң, қудалаудан құтылып, оқып-тоқып Мәліке атасының ұрпағын жалғыз осы Қибас ұстаз ғана жалғастырған екен. Мелькеев Қибас 50 жыл үздіксіз ағарту саласында еңбек еткен, соғыс және еңбек ардагері 1917-1999 жылдар аралығында еліне елеулі еңбек еткен танымал тұлға.

Енді «Адайдың 60 батырының» бірі - Қабанбайұлы Мәліке туралы жинақталған деректер туралы айтып өтейін. Адайдың Қосай руынан тараған Өрезек ауылы жаз жайлауын жарыса аққан қос өзен Жем- Сағыз бойына қоныстап, ал қысты Маңғыстаудың жылы құшағы «Қарамая- Кендірліге» қыстап мал бағып отырған ауылдың өрені.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың біздің жеріміз туралы айтқан мына сөздері, әсте есімнен шыққан емес: «Маңғыстау тұрғындарына көп адамдар өмірінде ең болмағанда бір рет барып көруді армандайтындай жерде тұру бақыты бұйырған. Осы қасиетті бір жерде әйгілі адамдар, әулиелер жаны тыныштық тапқан. Лайым олардың рухы Сіздерді корғап, қоршап жүрсін. Сіздерді қолдап, бақытты өмір жолына бағдар берсін...» Қандай тамаша көзқарас, керемет сөз. Рухы күшті ата- бабаңды ұмытпа, тарихыңды тереңнен танып, тектілігіңді ұлықта, таныта біл, дегенге үндеп тұр.

Қосай атамыздың үшінші ұрпағы, Өрезектің төртінші әулеті - Мәліке Қабанбайұлы болатын. Мәліке батырдың өміріне үңілсек, исі қазақтың айбарлы Адайдың қас батырының тұлғасын көреміз. ХІХ ғасырдың ортасында Балықшы Балуанияз батыр Мүсірепұлы бас қолбасшысы, Қосқұлақ Асар сұпы Жәркембетұлы Адай туын ұстаушысы, Шалбар Қалнияз ақын Шопықұлы ақпа- төкпе жалынды жырларымен жеңіске жігерлендіруші болған «Адайдың алпыс батырының» біреуі осы Мәліке атам Қабанбайұлы. Жауынгерлерге тән сақадай дайындық ерлікпен елді, жерді қорғау қасиеті тегімізде ертеден қалыптасқаны осыны айғақтап тұр. Осы батырлар тобы елімізді 1856 жылы Хиуа хандығы шапқыншылығынан қорғап қалғаны тарихтан белгілі. 1870 жылы Кетікте орыс озбырларына қарсы көтеріліске қатысқандар да осы батырлар тобы.Қазақ жерінің кеңдігін,халқының теңдігін сақтау үшін атқа қонған батыр бабаларымыз рухы алдында атқара алмай жүрген парызымыз аз емес-ау. «Өзгелерге құл болмаймыз, еркіндігімізді, елдігімізді сақтаймыз» - деген, тас - түйін шешімге белін буып, ерлік намыспен буырқанып өмір сүрген бабаларымыздың биік мақсатына кол жеткізу жолында шахит кеткендеріне 2020 жылы бір жарым ғасыр -150 жыл болады. Есіл ерлердің ерлігі толықтай ескеріліп, лайықты бағасын алатын уақыты келді»,- деп ойлаймын.

Тәуелсіздік арқылы ұлттық рең бояуға, болмысқа байып қайта түлеген санамыздың әмірімен аталарға аз көңіл бөлініп жатыр деп айта алмаймыз. Ал елім деп еңіреп, өткен ерлерге қанша құрмет көрсетсек те көп болмайды.

Маңғаз Маңғыстаудың әсем жеріне, еліне сырттай көз салушылардан, жаман ойлы саясаткерлердің пікірлерінің жүзеге асуынан сақтап қалу үшін қанша жан қан төкті. Елім, жерім деген абзал азаматтар күн демей, түн демей жерін қорғады. Қанша рет көтерілістер ұйымдастырылды. Маңғыстау жеріндегі Адайлардың соңғы көтерілісі: Адайдың Келімберді- Шыбынтай атасынан тарайтын батыры Балуанияз батыр.Оның ерлігі негізінен елін сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауда танылған.1856жылы жазда Хиуа ханынының жер қайысқан қолына қарсы саны 60- тан астам жасағын бастап шығып орасан зор ерлік көрсетіп жеңіске жеткен. Бірақ қапияда жау оғынан мерт болған. Сол қаза болған «Қараған -Босаға» жеріне жауынгер серіктерімен бірге жерленген. Батырдың бұл ерлігі Қалнияз ақынның «Балуанияз батыр» дастанында көрініс тапқан.1992жылы елдің бас көтерер азаматтары Саришан Сейілханұлы мен Сырпи Мамайұлының қолдауымен батыр басына әсем күмбез мазар тұрғызылды. Шебері Көпбол Демесінұлы. Атағы кезінде шығуға тыйым салынған осы 60- батырдың бірінің ұрпағы.

Маңғыстау ХVІІІ- ХІХ ғасырларда Хиуа хандыңғының қарамағында болғаны тарихтан белгілі. Бұл түбектің есепсіз байлығына қызыққан орыс отарлаушыларының жерімізде билігін, саясатын жүргізе бастаған кезеңі еді. «Қыр қазағы ақпатшаға сеніп, салықты төлемей, менсінбей кетті»,- деп Хиуа хандығы халыққа зұлымдығын асырып жіберген заман еді. Шындығында да елге емес жер байлығын иеменденуді көздеген орыс отарлаушылары адайларды жарылқап тастаған дәнемесі жоқ-тын. Екі өкпені тең қысқан озбырлыққа шыдамаған Адайдың жүректі жігіттері егеулі найза қолға алып, атқа қонды.

Маңғыстауда да ірілі-ұсақты қақтығыс, жерге таластың қызып тұрған уақыты. Елім деп еміренген ерлердің аты ауыздығы мен су ішіп, өздерінің қар төсеніп, мұз жастанған заманы «тұлымдым құл, бұрымдым күң болмай, ізімде азат ұрпағым қалсын»,- деген намысты, ердің бел шешпеген күндері еді. Ерлік, өрлік қанында қайнаған Мәліке, балықшы Балуанияз батыр бастаған батырлар тобына өз еркімен қосылды.

Бұл жігіттер Балуанияз батырдың басшылығында 1840 - 1857 жылы Хиуа хандығының негізінен түркмендерден құралған басқыншыларын жеңіп, дұшпандар иеменденген мал мен тұтқындарды азат еткен. Шешуші шайқас 1856 жылы Маңғыстау ойындағы «Қарағанды - Босағада» болып, шайқаста Балуанияз батыр шаһит кетті. Адай жігіттерінен шығын көп болды .

1856 жылы көрші елдің басқыншылары тұтқиылдан шабуыл жасап, бейбіт жатқан қазақ жеріне баса көктеп кіріп келіп, ойран салады. Тыныштықта өмір сүріп жатқан қазақтарды жазықсыздан-жазықсыз қызыл қанға бөгіп, ұлдарын құлдыққа, қыздарын күндікке алып, малдарын айдап елдеріне қайтады. Мұндай озбырлыққа шыдамаған қазақтың алпыс батыр жігіті жауға қарсы аттанып, «Ебелектің елу аңғары», «Қараған босаға» жерінде өздерінен үш есе көп қарсыластарының 200 әскеріне тойтарыс беріп, оларды тізе бүгуге мәжбүр етіп, 10 мыңдай адамды, малды аман алып қалып, елге жеңіспен оралған екен. Осы топтың ішінде болып, елін, жерін қорғаған батырдың бірі - менің атам Мәліке Қабанбайұлы еді. Осынау жан беріп, жан алысқан ұрыста балықшы Балуанияз бен інісі Балтеке қаза болады. Осы сапарда Балуанияз батыр мінген құла ат жау қолында кетеді. 11 айдай қараңғы қорада қамап ұстаған арғымақты далаға шығарып, аунап қунауына жағдай жасаған тұста тұлпар босап кетіп, құрсаудан шығып, Маңғыстауға тартады. Жануарға ие бола алмаған қуғыншылар сан соғып қала береді. Сол кезде Балуанияз батырдың жылдық асын беруге дайындық жүріп жатқан еді. Киелі жануар арада қанша уақыт өтсе де иесі тұрған жерге іздеп келіп құлап, жан тәсілім етеді. Мұндай құбылысқа риза болған жұртшылық көздеріне жас алып, батырдың тұлпарын адамша жерлеу рәсімін өткізеді. Ауыл адамдары «тірі кездеріңде де ажырамап едіңдер, енді о дүниеде де бірге болыңдар», - деген мақсатпен аттың бас сүйегін Балуанияздың тамына апарып қойып, құран бағыштайды. Иесіне адал, сезімтал жануар Балуанияз мінген құла атқа арнап Өмірзақ Озғанбаевтың тікелей басшылығымен Ақтау қаласымен әуежай аралығында ескерткіш қойылды.

«Пәлен ауылды бейқұт отырған орнында ойрандап кетіпті», «туталақай етіп тонапты», - деген суық хабар жиілеп кетті. Бір жағынан патшаның озбыр отарлаушы құзғындарының елге шүйлігіп, алым салықты үстемелеуі Мәліке батырдың намысын жанып, атқа отырып, қару ұстауына итермеледі.

Шындығында ХІХ ғасыр Маңғыстау халқы үшін үреймен дүрбелеңге толы заман болды. Хиуа хандығы үстемдігін қанауды шектен тыс күшейтіп жіберді. Орыс жағы алым- салықты еселеп көбейтіп, екі жақтан елдің есін шығарса, түркмен барымташыларының бассынуы Адайдың еркек кіндіктерін атқа қонуға, қару ұстауға мәжбүрледі. Жерден айырылмау, елді сақтау үшін Адай жігіттері жігерлерін шарқайрақтай шыңдап, денесін сомдап, жауынгерлік өнерді барынша жетілдіре түсті.

Ол кезде қазіргідей Армия, міндетті болмаса да әрбір ауылдың бозбаласы ат жалын тартып мінген күнінен бастап, жаугерлік іс- қимылдарды талай жорықты бастан кешіп ысылған батырлардан өз бетінше үйренуді бастайды. Қылыштасып, сойыл соғу, найза түйреуге машықтана беретін болған. Ал нағыз батырлар шабуыл- қорғану өнерлерінің тактикасын меңгерген нағыз жауынгерлер еді. Мақсаты - малын бағып жайбарақат отырған ауылдарды тұтқиылдан қан қақсататын түркмен басқыншыларынан қорғау . Өздері ешкімге өзге елге жөн- жосықсыз тиіскен емес. Қан төгуге аттап басуды қаламады. Мәліке бабам осы батырлардың арасындағы өжет, батыл әрі ақылдысы болған.

... Ауылды түркмен баспашыларының тұтқиылдан шабуға дайындалып жатқаны туралы хабар ұзынқұлақтан жетті. Сол күннен бастап ауыл жігіттері қырағылықты күшейте түсті. Шайқасты жеңіл өткізу, лажы болса адам шығынына жол бермеу туралы ақылдасты. Баспашылар ауыл жігіттерінің Жем бойындағы ауылдарға тойға кетуімізді аңдып бас салмақшы. Біздер тойға бармаймыз. Жауды орта жолда- қамсыз келе жатқанда бас салып, тырп еткізбеуіміз керек- деген ойға тоқтады.

«Ұзынқұлақ» шындыққа айналды. Тау жықпалдарына жасырынған қазақ қолы, түркмен жаудың қарасын екінші күні ұлы сәскеде көрді. Тар қыспалдақта төрт жағынан қоршап алған қолға дұшпандар лажсыздықтан берілді...

Алайда батырлар үшін әрбір шайқас бұндай жеңіл болған жоқ. Әсіресе, Форт- Шевченконың қасында орыстар мен болған шайқас сұмдық болды. Қаруы кемшін қазақ батырлары осыған дейін дала соғысының амал- айласын қолдана отырып озбырлаушыларды жеңіске жеткізбей- ақ қойып еді. Бірақ, қарсы тараптың күші күн сайын еселеп толықтырылумен болды. Әсіресе ажал отын бүріккен зеңбіріктер бет қайтарар емес.

... - Әттең, осы қару менің қолымда болар ма еді.

Ызы- қиқы, у - шу, қым-қуыт жанталас әрекет иемденген атыс майданында Мәліке батырдың ызалы сөзі тіпті өзіне де есітілмеді. Оның қанталаған көзі зеңбірікте. Міне, мына бүйірден орғытып жетіп барса, артындағы адамды қылышымен қақ бөліп, зеңбіректі жауға бұрар еді- ау. Осы ойға бекінген ол өзі көздеген тұсқа жақындай бергенде бес- алты атты бұны қоршап алды. Қылышын бір сілтегенде енгезердей біреуі, екіншіде тағы біреуі аттан құлап бара жатты. Өзіне де жанап болса да қылыш тиіп жатты. Өршелене ұмтылған Мәліке діттеген жеріне жетті. Зеңбірекшінің басы алдына домалап түсті. Сол кезде Мәліке батырда жүрегінің тұсынан қан ақтарыла аттан құлады.

  • «Қазақ даласы мәңгі қазақтікі»,- деген екен батыр бабам айқайлап.

Өз елімде, өз жерімде езіліп ез болып өмір сүргенше есемді алып, келімсектің бетін қайтарып, Адайдың тұяғы болып өтейін мына жалғаннан,- деп жігерленді

Қайран, ер Мәліке баба! Осындай көз қарасты ұстанған батыр. Жастық шағын жеріне, еліне арнаған бабам Арзықан әжемізбен бас қосып дүниеге Жалғасбай,Орындық, Әдемі, Әсем, Түркпен атты балаларын әкеліп, артында өшпес із қалдырды. Ерлікпен 53 жасында қаза тапқан бабам Форт- Шевченко Кетіктің шығыс маңындағы «Қырғын» деген әулиеге жерленген екен.

Шежірешілеріміз, тарихшыларымыз зерттеп, зерделей жүріп сол соғыста ерекше ерлік көрсетіп,тарихтың тасасында қалған «Адайдың 60 батыры» атанған аталарымыздың есімдерін анықтады. Сол 60 батырдың біреуі - Мәліке баба екендігін талай мәрте тарихи - танымдық баспасөз материалдарынан кездестірдім. Осы дерек туралы халық қалаулысы, халық мұрасын жинақтаушы, заңгер, еңбек ардагері Итемген Орынбайұлы 2009 жылдың 16 - желтоқсанында Маңғыстау ауданының «Жаңа өмір» газетінде «Адайдың алпыс батыры» атты деректі әңгіме, осы материалдағы тізімнің дұрыстығын қазақ шежірешісі Өмірзақ Қалбайұлы мақұлдады. Ұлт- азаттық ерлері болған «Адайдың 60 батырына» мәңгілік ескерткіш орнатуды ұсынды. Ал шежіреші Өмірзақ Қалбайұлы шәкірті Рейімбайұлы Қаржаубай ( шежіреші- ақын) « Жаңа Өзен » газетінің 2009 жылдың 25 қарашадағы № 48 (1435) санында «Адайдың алпыс батыры» атты материал жариялады.

Қазақ елі «Мәңгілік ел» идеясын ұсынып жатқан осы тұста патриоттық- отансүйгіштік рухты қалыптастыру аса маңызды шаруа болмақ. Сондықтан да Қарақия ауданы, Жаңаөзен қаласы әкімдерін, елдің тарихшы мамандарын, шаруашылық басшыларын сол бір тарихи орынға бастап барып аруақтарға тағзым етіп, дұға бағыштап, болашақта қойылмақшы тарихы ескерткіштің орнын анықтап, эскизін бекітіп, бір тоқтамға келтірген ғалым, академик, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев болатын. Одан кейін шаруаның ұршығы айналып жүре берді. Ақтау қаласындағы металл өңдеу зауыты тот баспайтын асыл металдан 9 найза, 3 қалқан ( әр қалған бетіне 20 батырдың аты жазылған) жасаттырып, 300 шақырымдай қашықтыққа тасымалдап, төңірегін абаттандырып ескерткіш қойдырып еді. Осы шаруаға белсене араласқан елдің азаматының бірі - Қарақия ауданы әкімі Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы болды. Кейін осы соғысқа қатысқан батырларға арнап Балуанияз төрткүлінің басында ас беріліп, аруақтарға құран оқылады.

Енді осы Өрезек ауылының малы , ел игілігі үшін қаздырған құдығы туралы тереңірек айта келіп, дәл осы жерде Мәлікенің өмір сүргенін, ұрпағы Жалғасбайдың малды танымал бай болғанын дәлелдейтін құдықтар бар. Ел арасында Өрезек Жалғасбай қазған, немесе Өрезек Мәліке батыр құдығы деп те аталады. Бұл құдық ХХ ғасырдың екінші жартысынан қазіргі Қарақия (Ералиев) ауданынының Қарақұдық кеңшарының Тоқабай руынан Абдікәрім, Мәжекен, Қамыт,Шоңай руынан Қабы деген түйеші, жылқышылары қыстақ етіп қоныстанған және Қаражар ферма орталығы, дүкен Жаңай Абыр қоныстанған жердің тұрғындары сол Өрезек Жалғасбай құдығын игілігіне пайдаланылып келеді. Негіздер бойынша аты бүкіл қазаққа мәлім Балуанияз батырдың зиратынан 15-25 шақырым батысында Бекет ата мекен еткен Оғыландының шығыс беткейінде Өрезек қазған үш құдығы да жаңағы аталған малшылардың игілігіне пайдаланылып отыр. Өрезек руынан шыққан батырдың осы Өрезек Жалғасбай қаздырған құдығы маңында болғанының дәлелі.


(Карта сельскохозяйственных угодов Проектный институт КазГИПРОЗЫСК. Каз Мангышлакская изыскательная экспедиция инв. № 9 07.01 1987 Карта составлена и размножена Каз фил. ВИСХАГИ в 1985г. Тир 30 экз. Заказ № 112)


Мәліке батырдың төртінші ұрпағы, яғни шөбересі Қибасұлы Сақи («Құрмет»орденінің иегері, көп жыл мекеме басқарған,қазіргі таңда жеке «Ғалымжан-Өрезек» шаруашылығының директоры,еңбек ардагері, бірнеше рет облыстық, аудандық кеңестің халық қалаулысы,танымал азамат) 2003 жылы қыркүйек айында Сүйіндік батырға арналған асқа барғанда, сол өңірдегі Қосай шежіресін көп білетін Бәли руынан Нурым Бекжанов деген азаматқа жол бастатып Бейнеулік Мәлікенің тумасы Салғара ұрпақтары Өрезек Нұржанов Жиенбай, Ашықбаев Сәду есімді тумаларымен Жалғасбай атасы жүрген жерлерге тағзым етіп, аруақтарды еске алып садақа беріп рухына құран бағыштатып қайтқан екен.

Ұлылардың ұлағатын ұмытпау- ел боламыз деген халықтың тарих алдындағы парызы. Заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың: «Өз жақсыларымызды өзіміз ұлықтамасақ, өз жайсаңдарымызды өзіміз қызықтамасақ, онда бұл өз ырысымызды өзіміз тепкендік қана емес, өз тілеуімізді кескендік те болар еді...» деген сөзі ойлы жанның санасын оятатын уақытта тұрмыз.

«Адайлар даңқына тамсанар дүние, ешқашан ұмытылмас тарих есінде»,- деп ақын шабыттана жырлағандай аталарымыздың есімдері ешқашан жадымыздан өшпек емес .

«Ата- бабаларды сыйламау- тағылық пен адамгершіліктен безудің бірінші белгісі», -деп айтып кеткен орыстың ұлы жазушы- ақыны А.С.Пушкин. Ақын өзінің ата- тек шежіресін қағазға да түсіріп кеткен. Мәдениетті орыс жұрты күні бүгінге дейін осы жанрдың үлгі өнегесі деп қарайды. Демек, ол бізге де жат шетен емес.

Қазақ халқы текті халық. Қаны таза, жаны жомарт, рухы асқақ,елдігін бірлігімен, ерлігімен қорғай білген халық. Сан нәубет, дүрбелең дәуірлерде жойылып кетпегендігінің себебі де осы тектіліктің арқасы деп ойлаймын. Ру тайпасының тектілік құрамын сақтау арқылы ағайын болып ауылдасып, қазақ болып қауымдасып, ұлт болып ұйысып, ұрандап ұйымдасып, ұлағатты - байтақ жерін қорғап, ұрпағына аманат етіп келіпті.Ұрпақ текті болсын деп, тексіздіктен аулақ жүрсін деп, тегін білсін деп қазақ шежіре түзіпті. Қазақ - руды білгеннен азбайды,білмегеннен азады.

Бұл зерттелген тарихтың тасасында қалған, ел есінде мәңгі сақталған деректі ары қарай жалғастыра зерттеп халқымның игілігіне жаратсам деген ойдамын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Газета «Жаңаөзен» Газета «Жаңаөзен» 2.Адай көтерілісі І том Алматы «Нұр Әлем» 2010 Ө.Озғанбаев.

3.Адай көтерілісі ІІ том Алматы «Нұр Әлем» 2010 Ө.Озғанбаев

4. Маңғыстау энциклопедиясы Алматы 1997 5.Маңғыстау-нама С.Қондыбай Алматы 2006

6. «Ұстаз» Ақтау Бабамұра 2007 Сақи Қибасов


Пікір


Әлімбетова Айгерім «Адайдың алпыс батырының бірі- Мәліке Қабанбайұлы» туралы жазған ғылыми еңбегінде батырдың өмірін терең ізденіспен зерттегені көрініп тұр. Жұмыс барысында батырдың ұрпақтарымен көз бе -көз сөйлесіп, материалдар жинақтаған. Ол өзінің жұмысының кіріспе бөлімінде Мәліке батырдың шыққан тегі туралы мәліметтер жинақтаса, негізгі бөлімінде батырдың ерліктері туралы, қорытынды бөлімінде батыр ұрпақтары туралы мәліметтер жинақтаған.

Адайдың алпыс батырының бірі Мәліке Қабанбайұлының Маңғыстау жерін Хиуа, Бұхар хандықтарынан қорғаудағы ерліктері, 1870 жылғы Патша үкіметінің озбырлығына қарсы күреске ұласады.

Қазақ жерінің кеңдігін, халқының теңдігін, жер асты байлығын сақтау үшін атқа қонған батыр бабаларымыздың ерліктері еңбекте терең көрсетілген.

Оқушы батырдың бүгінгі ұрпақтарымен қарым- қатынас жасай отырып, кейінгі ұрпаққа ел қорғаған батырлардың ерен ерліктерін саналарына сіңіру мақсатында әлі де жұмысын жалғастырып, тың деректермен ғылыми жұмысын толықтыра береді деген сенімдемін.


Пікір жазған: Бейнеу политехникалық колледжінің

Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері ,

жоғары санатты, тарих пәнінің

мұғалімі Отаралы Жұмасұлу Сәдуқызы

Кезінде тарихтың тасасында қалған тарихы оқиғаларымыз еліміз тәуелсіздік алғанан кейін ғана өздерінің бағаларын ала бастады. Маңғаз Маңғыстау тарихында сан алуан ел жадында қалған ұрпақтан- ұрпаққа жетіп енді ғана шындықтың беті ашылып келе жатқан тарихы деректің бірі Адайдың алпыс батыры болатын.

Біз қазақ халқы ежелден өткенін ұмытпай, тарихын қастерлеген, бабаларын дәріптеген елміз. Ақберен бабаларымыздың рухын ұрпақ алдында жаңғыртып, әспеттеу, сауапты іс әрі әрбір азаматтың перзенттік парызы болмақ. Одан қалды қазіргі заманның «Атымтай жомарты» атанып жүрген, ізгі де қайрымды істерімен жұртшылықтың ыстық ықласына бөленіп, елдің ақ батасын алып, патша көңілдің төрінен орын тепкен абзал азаматтарымыз шежіреші- ақын Қалбай Өмірзақов, шәкірті Қаржаубай Рейімбаев және де өлкемізге танымал ғалым, академик, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев сынды ағаларымыз игі істерді қолға алып халық игілігіне жаратты.

Сол атқарылған игі істерді сараптай келе елін, жерін жаудан қорғап, жанкештілікпен өмірден өткен қас батырлардың ұрпақтары бүгінде арамызда барма екен ой кім- кімді де толғантары анық.

«Өткенді ұмыту - өшкендіктің белгісі. Өткенді ұлықтау - өскендіктің белгісі. Өткен өмір дегеніміз - тарих қазынасына қосылған үлес. Ал осы үлес салмағын саралағандағы мақсат - дәріптеу, масаттану емес, келер ұрпаққа үлгі болар, қажетіне жарар деген ізгі ниет» - дейді белгілі жазушы Ә.Кекілбаев.

Мен оқып білім алып отырған қырық жыл тарихы бар аудан орталығында Кәрі шаңырақ Абай орта мектебі жанында Қибас Мелькеев атындағы көше бойында № 4 ғимаратта орналасқан. Аты ауданға, облысқа, республикаға танымал майдангер- ұстаз, ұстаздардың- ұстазы Мелькеев Қибас атамыздың тегі кімдер екен деген ой мені мазалады. Қазір ғылыммен техниканың дамыған заманында ғаламтор арқылы іздеу салғанымда ол кісінің ұрпақтары арамызда екеніне көз жеткіздім. Майдангер- ұстаз Мелькеев Қибас туралы бұрында да талай кіші ғылыми жұмыстар жасақталып зерттеліп оңды бағасын алған екен.

Майдангер- ұстаз Мелькеев Қибас кезінде «бай баласы» атанып көп қудалауды басынан өткізген жан екен. Әкесі Жалғасбай осы жарыса аққан қос өзен Жес- Сағыз бойында жаз жайлауда төрт түлігін маңғыратқан, Кендірлі- Қарамая, Қарабосағаның жылы құшағында қыстаған аты жомарт- мырзалығымен елге танылған бай болыпты. Оның әкесі Мәліке Қабанбайұлы Адай көтерілісінің соңғы белесі Балықшы руынан шыққан Балуанияз батырдың әскер тобына өз еркімен қосылған, арлы ,намысты, айбарлы, қайратты қас батыры болыпты.

Кезінде Жалғасбай Мәлікеұлынан көп қайыр көрген Қойжан деген ақсақал Түркменстанға ауа көшкенде ауыл советте қызметкер болып жүріп батырдың, жомарт байдан қалған жалғыз тұяқ деп, атасының Мәліке деген атын орысшаға бейімдеп «Мелькеев» деп жазып құжат берген екен. Содан кейін еркін жүріп білім алып, көптеген жетістіктерге қол жеткізген білікті де білімді азамат, Мәліке Қабанбайұлынан қалған Жалғасбайдан тараған жалғыз тұяқ Қибас Мелькеев жапырағы жайылған үлкен байтерек, танымал тұлға.

Адайдың алпыс батырының бірі -Мәліке Қабанбайұлы туралы тың деректерді зерделеп қарай ,көптеген деректер жинақтадым. Ел жадында қалған , бүгінде аңызға айналған, деректің арты ақиқат- шындық екенінде ешкімнің де таласы жоқ болар. Адайдың Қосай руынан тараған Өрезек ауылынан шыққан қас батыр туралы жазылған жыр күні бүгінге дейін сақталып келеді.

Осы тарихы деректі жинау арқылы ,қас батыр Мәліке Қабанбайұлы алдында кішкене де болса өзімнің перзенттік парызымды орындауға бастау алдым деп ойлаймын.


Сонымен қатар тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды зерделеп, оның ақтаңдақ беттеріне тереңірек үңілуге мүмкіншілік кеңінен туып аты атаусыз, құны сұраусыз, өлімі жылаусыз қалған асылдарымыз ақталып, олардың есімдерін мақтанышпен айта алатын жағдайға жеттік. Бұл да бізге Алланың берген бір сыйы дер едім. «Алтын кездік қап түбінде жатпайды» деген осы шығар.

19




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал