- Учителю
- Конспект урока на тему' Сақтар'
Конспект урока на тему' Сақтар'
Сабақтың тақырыбы: «Сақтар» қайталау сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні: Ежелгі Қазақстан аумағында мекендеген сақ тайпаларының аймағы және өмір тіршілігі мен шаруашылығы, сақ қоғамындағы басқару ісі және өз тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі және мәдениеті туралы алған білімдерін жүйелеу, нақтылау, қорытындылау.
Дамытушылық мәні:Оқушылардың сақтар туралы алған білімдерін одан әрі жетілдіріп және ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік мәні:"Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз"- дегендей өз Отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отаншылдыққа, мемлекетті және тәуелсіздікті сүюге, ұлтжандылыққа тарихи тұлғалардың ерлік ісі негізінде тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:карта, суреттер, сызба.
Сабақтың түрі: Қайталау - жинақтау.
Сабақтың әдісі: Сүрақ - жауап, картамен, әңгімелесу, суретпен, тестпен жұмыс, интерактивті тақтаны қолдану.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу
- Түгендеу
Жоспар: - Ал енді бүгін сабақтың жұмыс жоспарымен танысайық :
1. Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы
2. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
3. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
4. Сақтардың мәдениеті
5. Қорытынды тест
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма беру
Қайталау сабақ:
мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бірегей халықпыз бір қара тамыр,
Сақтардан басталады ата дәуір.
Қаны мен жанын берген туған жерге,
Бар қазақ бір-біріне туыс бауыр.
Деп осы өлең жолымен бүгінгі сабағымызды сақтар жерлеріне саяхат жасаудан бастаймыз.
Ой шақыру стратегиясы:
Оқушылар сақтар туралы өз ойларын тездетіп айтып шығады.
Құдіретті еркектер
Теңіздің арғы жағындағы сақтар
Азиялық скифтер
Әскери - демократиялық
Абыздар
Шошақ бөрікті сақтар
Жүйрік атты турлар
Жауынгерлер
Хаома сусынын дайындайтын сақтар
Парсылар
Парадария
Гректер
Қауым мүшелері
Ақ түс кигендер
Парсылар
Ирандықтар
Қызыл түсті кигендер
Хоумаварга
Сары мен көк түсті малшылыр мен егіншілер
Сызбамен жұмыс:
Оқушылар сақтарды басқаша қалай атағанын және қай жерде мекендегенін айтып береді.
Шошақ бөрік киіп жүретін сақтар (тиграхауда) Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу
Теңіздің арғы жағындағы сақтар (Парадарайа) Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңы, Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы
Хаома сусынын дайындайтын сақтар (Хаумаварга) Мургаб аңғары
Карта мен жұмыс: Сақтардың мекендеген жерлерін көрсету
Сызба арқылы түсіндіру. Бұл сызба арқылы оқушылар сақ қоғамы неше топтан тұрғанын және олар қандай түсті киім кигендерін, сонымен қатар басқа елдер қалай атағанын атап кету.
Сақ қоғамын атап кету:
Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобы
Жауынгерлер
Абыздар
Малшылар мен егіншілер
Сақтардың негізгі шаруашылығы:
Көшпелі мал шаруашылығы және егіншілікпен
Сақтардың тұрмысында үйдегі өндірістің
Қазақстан, Орта Азия және Сібір территорияларының ертедегі халықтары
Сақ шеберлері өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға арнап алуан
Металл еңдеу мен көркем құйма өнерінің биік деңгейге
Шаруашылықтардың жаңа формалары, мәдениеттің біршама биік деңгейге жетіп
Ертедегі құймашылар ат-тұрманын, қару-жарақ пен үй-ішінің керек-жарағын жасауға
Қару-жарақ жасау ісі кең өріс алды. Ертедегі қару-жарақ
Сақ заманында Қазақстан территориясындағы мал өсіретін тайпалардың мәдениеті
Евразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде бір тұтас
Тұрғын үй мен киімі ғылымда сақтардың тұрмыс салты
Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал өсіретін тайпалардың
Археологиялық деректер бойынша, қола дәуірінде даланы мекендеушілер күмбез
Діни нанымдары мен ғұрыптары.
Оқушылармен мына суретке қарап отырып әңгімелесу.
Төрт түлік малдан алатын пайдалы жағы және не үшін пайдалы екенін айту және малдан алатын пайдалы жағын әр малға апарып қою.
Сақтардың тәуелсіздігі үшін күреске қатысқандар кімдер?
Оқушылар сақтардың тәуелсіздігі үшін қатысқан адамдардың есімін атап суретін көрсете отырып, қозғау арқылы апарады. Қатысқандар үстінде қалады, қатыспағандар астында қалады.
Ой жинақтау: Томиристің бойындағы жеке қасиеті
Сақ шеберлері жасаған заттарында қандай бейнелерді өрнектеді? Олар қандай мән-мағынаны бере білді.
Сұрақтарға жауап беру:
Шірік-Рабат - б. з. б. 4 - б. з -дың 13 ғасырларына жататын ежелгі қалашық
1. Қала қай тайпалардың астанасы болған?
2. Қалай қорғаған?
3. Қала бөліктерін ата.
«Алтын киімді адамға»сипаттама: бойы-165см, 17-18 жастағы сақ ханзадасы -киімі алтыннан жасалған
Абыз- бас киімі
Жауынгер- қасында семсер, қанжар
Малшы -қамшы табылған.
Қазақстаннан табылған алтын адам. Қазақстан мен Алтайдың шекаралас Локоть жерінде 1997 жылы "Алтын адам" табылған.
Оның киімі сақтарға тән "аңдық стильде " және алтыннан жасалған.
Сақ тайпасының қалалары туралы мұғалім өзі айтып өтеді.
Шірік-Рабат - б. з. б. 4 - б. з -дың 13 ғасырларына жататын ежелгі қалашық
Бәбіш-молда қаласы.
Сабақты қорытындылау:
Тест тапсырмаларын орындау,ребус,жыл санау тапсырмалары арқылы сабақты қорытындылау.
1. Қазақстанда ең алғашқы пайда болған тайпалық одақтар қалай аталады?
А. Ғұндар В. Үйсіндер С. Қаңлылар Д. Сақтар Е. Түркілер
2. Мына тайпалардың қайсысы "Азиялық скифтер"атына ие болды?
А. Қаңлылар В. Сақтар С. Монғолдар Д. Түріктер Е. Үйсіндер
3. Иран жазбалары сақтарды:
А. "Дала скифтері" В. "Азиялық скифтер" С. "Күймелер" Д. "Көшпелілер" Е. "Жүйрік атты турлар" деп атайды.
4. Қай сақ тайпалары Жетісуды мекендеді?
А. Массагеттер В. Хаомоварга С. Тиграхауда Д. Апасиактар Е. Аримаспалар
5. Сақ тайпаларының бірі массагеттер жайлы жазған грек тарихшысы:
А. Страбон В. Диоген С. Птоломей Д. Геродот Е. Аристотель
6. Сақ тайпалар одағының жоғарғы билеушісінің титулын атаңыз:
А. Патша В. Қаған С. Хан Д. Елтебер Е. Гурхан
7. Сақ қорғанынан "Алтын адамды" археологтар қашан тапты?
А. 1979ж. В. 1950ж. С. 1940ж. Д. 1969ж. Е. 1989ж.
8. Б. з. д VI ғ. сақ тайпалары кімдермен соғысты?
А. Ғұндармен В. Славяндармен С. Монғолдармен Д. Парсылармен Е. Аландармен
9. Парсылармен соғыста сақ малшысы ерлік жасады.
А. Рүстем В. Фадлан С. Эсхат Д. Шырақ Е. Камбиз
10. Сақтарға қарсы соғыста жеңіліп, өлтірілген парсы патшасы кім?
А. Дарий В. Камбис С. Полиэн Д. Ксерк Е. Кир
Бағалау:
Үйге тапсырма:
Арал өңірінен табылған ескерткіштер: Бәбіш молда, Шірік Рабат, Баланды туралы зерттеу жұмыстарын жүргізіңдер (реферат жазу)