7


  • Учителю
  • ХІ-ХҮ ғасырдағы Англия сабақ жоспары 7 класс

ХІ-ХҮ ғасырдағы Англия сабақ жоспары 7 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Тарих пәнінің мұғалімі Шалабаева Дания Ниязмановнаның

қысқа мерзімді жоспары


Күні: 14.11.2015

Пәні: Қазақстан тарихы


Сыныбы: 7 а

Сабақтың тақырыбы:

ХІ-ХҮ ғасырдағы Англия

Жалпы мақсаты:

Оқушыларға ХІ - ХҮ ғасырлардағы Англияны нормандардың жаулап алуы, Парламенттің құрылуы, Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісі туралы түсініктерін арттыру.

Сілтеме:

Тесля А. А. История государства и права средневековой Англии VI-XII вв. - Изд-во ДВГУПС, 2006.

  • Маркова С. П. Англия эпохи Средневековья и раннего Нового времени - Изд-во КДУ, 2007.

  • Глебов А. Г. Англия в средневековье - Изд-во Евразия, 2007 г.

Оқу нәтижесі:

ХІ - ХҮ ғасырлардағы Англия тарихы жайлы білімдерін жетілдіріп, жеке, топпен, өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді.

Негізгі идеялар:

Мәтіндер, іс-әрекет сұрақтары

Қолданылатын материалдар:

АКТ

Дүние жүзі картасы, Англияның саяси картасы, постер, фломастерлер, сызбалар, кесте.

Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:

Топпен жұмыс, іздену сабағы.

Блум таксономиясы.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру бөлімі

(1 мин)

Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

Оқушылар назарын сабаққа аударады.

І. Білу (10 мин)

1. Үй тапсырмасын сұрау /7 мин/:

Үй тапсырмасын пазлдар құрастыру арқылы сұрау.

І топ:

1. Франсуз жерлерінің бірігуіне және ұлғаюына кімдер үлес қосты?

2.Жүз жылдық соғысының себебі неде?

ІІ топ:

1.Жүз жылдық соғыста Жанна д´Арк қандай рөл атқарды?

2. Жакерия дегеніміз не? Ол қай жылдары болды?

ІІІ топ:

1. ХІ Людовик пен Батыр Карл арасындағы соғыс не үшін болды?

2.Франция мемлекетінің біріктірілуі қашан аяқталды?

2. Ассоциация құру /3 мин/

Англия





Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, пазлдарды құрастырады. Пазлдардар құрыстырылғаннан кейін бір жағында Франция елінің туы екінші жағында Англия елінің туы бейнелеген сурет құрылады.


Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап, үй тапсырмасын бекітеді.

Жаңа сабаққа көшу мақсатында Англия мемлекетінің туын оқушыларға көрсетіп, бұл ел жайлы оқушылардың білімдері тексеріліп, тудағы ақ, қызыл және көк түстері бойынша 3 топқа бөлінеді:

І топ - «Көк қайық»

ІІ топ - «Ақ қайық»

ІІІ топ - «Қызыл қайық»


Оқушылар ауызша «Англия» сөзіне ассоциация құрайды.

ІІ.Түсіну (15 мин)

Оқушыларға «ХІ-ХҮ ғасырдағы Англия мемлекетінің тарихы» жайлы презентация көрсетіледі.

«ЖИГСО» әдісі арқылы жаңа тақырыпты игереді.

І топ: Ангияны нормандардың жаулап алуы.

ІІ топ: Англияда бір орталыққа бағындырылған мемлекеттің күшеюі мен парламенттің құрылуы.

ІІІ топ: Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісі мен Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы (1455-1485)

Оқушылар презинтация көргеннен кейін

«ЖИГСО» әдісі бойынша 1,2,3 сандары арқылы топқа бөлініп, әрқайсысы барған топтарына өз тақырыптарын түсіндіреді.

Қайтадан бастапқы тобына келіп саралап, шығып қорғайды.


ІІІ. Қолдану (10 мин)

І топ: «Кестені толтыр»

ІІ топ: «Терминдермен жұмыс»

ІІІ топ: «Венн диаграммасы»

1-ші топ кестені толтырады.

2-ші топ терминдермен жұмыс жасайды.

3-ші топ Венн диаграммасына АКТ қолдану арқылы Англия мен Қазақстан арасындағы ұқсастығы мен айырмашылықтарын жазады.


ІҮ. Талдау (6 мин)

Эссе жазу.

Мына ойды жалғастыр

Егер мен Ортағасырлық Англияда тұрсам......................

Жаңа сабақты қорытындылау үшін оқушылар «Егер Ортағасырлық Англияда тұрсам...» деген фразаны аяқтау қажет.

Ү.Бағалау (2 мин)


Критерий бойынша оқушыларды бағалау.


VІ. Үйге тапсырмасын беру

(1 мин)

§14, Қазіргі Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар туралы эссе жазып келу.


VIІ. Рефлексия

(2 мин)


Оқушылар кемелерінің бортына сабақтан алған әсерлерін жазады.

Әр топта оқушылар сабақтан алған әсерлерін оқиды.

Оқушы үні І,ІІ,ІІІ тобының оқушыларын бағалауы.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал