- Учителю
- Методические материалы на тему 'Қазақ хандығына -550жыл' (9 класс)
Методические материалы на тему 'Қазақ хандығына -550жыл' (9 класс)
«Қазақ хандығына -
550 жыл» викториналық сайысы.
9 сыныптар арасында
Мақсаты: Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып,1465жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар ірге тасын қалаған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болған осы хандықтың тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
-
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады;
-
Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады;
-
Сыни тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады;
-
Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады;
Көрнекілігі: Безендірілген акт зал,буклет, тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел,слайд-шоу.
Түрі: Топтық сайыс.
Барысы:
Армысыздар бүгінгі «Қазақ хандығының құрылғанына - 550жыл» атты викториналық сайысын тамашалауға келген қонақтар және оқушылар! 1465жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар - ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту - сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар.
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.
Елбасы 2015 жыл - ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтудеміз.
Осы тарихи оқиғаға байланысты мектебіміздің 9 сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған сайысымызды бастасақ :
Сайысқа қатысушыларды ортаға шақырсақ:
9 «А» сыныбының оқушыларынан құралған _______________тобы.
9 «Ә» сыныбының оқушыларынан құралған _______________тобы.
9 «Б» сыныбының оқушыларынан құралған _______________тобы.
Бүгінгі векториналық сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтсек.
І кезең. Таныстыру. (әр топ өзінің тобын, эмблемасын таныстырады)
ІІ кезең. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. (әр топқа 8 сұрақ қойылады. )
ІІІ кезең. «Қазақстан - тарих қойнауында» (әр команда ұяшық таңдап, сұрақтарға жауап береді)
IV кезең. «Ұлт ұлыларын ұлықтаймын» (тұлға тану, суретте көрсетілген тұлғаларға қысқаша мәлімет беру. )
V кезең. «Білгенге маржан» (берілген кеспе қағаздардан 1 минут уақыт ішінде мозайка құрастыру)
VI кезең. «Топ жанашыры» (көрермендерге сұрақ қойылады. Дұрыс жауап берілген сұрақ жанашырлардың топтарына бал қосылады.)
Осы кезеңдер бойынша топтарымыздың біліміне шынайы баға беретін әділ қазылармен таныстырып өтейін.
1._________________________________________
2. _____________________________________________
3. ____________________________________________
4.______________________________________________
Ендеше сайысымыздың І кезеңін бастайық. Әр топ өз - өзін таныстырады.
1топ 2топ 3топ
ІІ кезең. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. (әр топқа 8 сұрақ қойылады. )
1топқа
1.Керей мен Жәнібек сұлтандармен бірігіп көшкен алғашқы ру-тайпалардың атауы? (үйсін, арғын,алшын)
2. Жеке хандықты құру қай жерде шешілді? ( Таңбалы Нұра)
3.Керей мен Жәнібек сұлтандарға қоныс,жер бөліп берген Моғолстан ханы? (Есенбұға)
4.Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп кеткен хандық? (Әбілхайыр хандығы)
5.Қазақ хандығының құрылуы туралы мәлімет беретін тарихи шығарма? (Тарих - и - Рашиди)
6.Қазақ хандығының алғашқы территориясы? (Шу мен Талас өзендері)
7.Қазақ хандығының Жәнібек ханнан кейінгі үшінші ханы? (Бұрындық хан)
8.Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы болған қала? (Сығанақ қаласы)
8.
2топқа.
1. Ұлт азаттық қүресті басқарған хан (Кенесары)
2. Абылай ресми түрде қай жылы хан болып сайланды? (1771ж)
3. Ел басқаратын ханның жеке шаруашылығын жүргізетін орданы қорғайтын адамдар? (төлеңгіт)
4. Қасым хан тұсында қазақтардың саны қаншаға жетті? (1млн)
5.Салқам Жәңгір қандай шайқаста қай жылы қайтыс болды? (жоңғар шайқасы, 1652ж)
6. Жетісуды мекен еткен жүз? (Ұлы жүз)
7. Қазақ хандығының құрылуы туралы жазылған "Тарихи Рашиди" еңбегінің авторы? ( Мұхаммед Хайдар Дулати)
8. Қазақ хандығының «алтын ғасыр» кезеңін билік еткен қай хан? (Тәуке)
3 топқа
-
Хақназар хан таққа қай жылы отырды? (1538ж)
-
Тәуке ханның билігі тұсында қазақтардың әдептік - құқықтық жүйесі? (Жеті жарғы)
-
Сабалаққа Нарқызыл атты сыйлаған батыр? (Бөгенбай батыр)
-
Хан кеңесіне кімдер кірді(3 би, басқа қалалардың өкілдері)
-
Сарыарқаны мекен еткен жүз? (орта)
-
«Абылайдың ғасыры қазақтың ерлік ғасыры болып табылады» деп айтқан қазақтың тұңғыш ғалымы? (Ш.Уәлиханов)
-
Тәуке хан қай елдермен тығыз дипломатиялық және сауда қарым - қатынас орнатты? (Жоңғария мен Ресей)
-
Абылай ханның билік құрған жылдары? (1771 - 1781жж)
ІІІ кезең. «Қазақстан - тарих қойнауында» (әр команда ұяшық таңдап, сұрақтарға жауап береді)
30
20
10
Жылдар
10
30
20
Терминдер
30
20
10
Жалпы сұрақ
Жылдар
10 - Қасым ханның билік құрған жылдары (1511 - 1522жж)
20 - Қазақ хандарының тарихы қай жылдарды қамтиды (1465 - 1847жж)
30 - «Ордабасы» Ұлттық тарихи, мәдени және табиғи қорығы құрылған жыл? (1993ж)
Терминдер
10 - Сұлтан деп кімді айтамыз? (Шыңғыс ханның ұрпақтары, хан тағының мұрагерлері).
20 - Ханталапай дегеніміз? (сайланған ханның мал мүлкін бөліп алу)
30 - Құрылтай дегеніміз? (аса маңызды мәселелерді шешу үшін шақырылатын кеңес)
Жалпы сұрақ
10 - «Еңсегей бойлы ер Есім» деп қай ханды атаған? (Есім хан)
20 - Сырдария маңын билеген хан? (Ахмет хан)
30 - 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып қай жерде ағаш үй салынды. (Есіл өзені, Жаңғызтөбе)
IV кезең. «Ұлт ұлыларын ұлықтаймын» (тұлға тану, суретте көрсетілген тұлғаларға қысқаша мәлімет беру. )
Әр топ бағдаршамдағы түсті таңдайды.
Қызыл түс - Жәңгір хан
Сары түс - Абылай хан
Жасыл түс - Қасым хан
V кезең. «Білгенге маржан» (берілген кеспе қағаздардан 1 минут уақыт ішінде мозайка құрастыру)
Өңтаңбаны таңдау арқылы (смайлик)
1.Керей мен Жәнібек құрған хандық 1864 жылдан 1847 жылы ең соңғы легитимді қазақ ханы Кенесары хан өлгенге дейін 4 ғасыр бойы өмір сүрді.
2.Неміс И.Шильтбергер ханның қалай сайланатынын былай суреттеді: «Ханды ақ киізге отырғызып, үш рет көтереді. Сосын шатырды айнала көтеріп жүреді, таққа отырғызады, қолына алтын қылыш ұстатады. Осыдан кейін өз ғұрыптары бойынша ант береді».
3. Керей хан - Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы болатын.
VI кезең. «Топ жанашыры» (көрермендерге сұрақ қойылады. Дұрыс жауап берілген сұрақ жанашырлардың топтарына бал қосылады.)
-
Өзің білетін 5ханның билік еткен жылдарын ата.
-
Қазақ хандарына айтылған өлең шумақтарынан үзінді.
-
Үш жүздің мекен еткен жерлері мен хандарын ата?
Ескерткіштер көрсетіледі қай қалада екенін табу керек!
ҮІ.Қорытынды.
Әділқазылар сайыста жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды
Құрметті ұстаздар қауымы және оқушылар бүгінгі іс шараға қатысқандарыңызға үлкен рахмет.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз мәңгілік ел болу арманы,- деп сайысымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге рахмет.
«Егемен Қазақстан» әні шырқалады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ
№1 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТА МЕКТЕБІ
Тақырыбы: «Қазақ хандығына - 550 жыл»
(9а,ә,б сыныптар аралығында)
Өткізетін: Кумарова А. - тарих пәні мұғалімі
2015-2016 оқу жылы
.