- Учителю
- Методический материал на тему 'Дешті Қыпшақ жері - менің атамекенім'.
Методический материал на тему 'Дешті Қыпшақ жері - менің атамекенім'.
Дешті Қыпшақ жері - менің атамекенім
(Эссе)
ХІ ғасырдың басы. Қыпшақтар күшейіп, тарих сахнасына билік жүргізуші қағанат ретінде шыға бастаған уақыт. «Қыпшақ» дегенде ойға жалғыз қыпшақтар ғана емес, бір тудың астына біріккен көптеген, тұтас түркі халықтарының бірігуін айтамыз.
Қыпшақтар түркі, оғыз тайпаларын біртіндеп күйрете отырып өз жерлерін кеңейтті. Осылайша, Шығысы Алтай мен Ертістен басталып, батысы Карпат пен Дунайға дейін созылып жатқан кең байтақ ұлы даланы, жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені, асыл мекенді - «Дешті Қыпшақ» жері деп атадық. Ең алғаш «Дешті Қыпшақ» сөзін Наср ибн Хұсрау өзінің «Диуан» атты еңбегінде қолданды. Бұл сөздің мағынасы парсы тілінен аударғанда «Дала» дегенді білдіреді. Бұл аумақты қыпшақтар мекендеп, билеп-төстегендіктен Дешті Қыпшақ даласы деп аталады. Ал, сан мыңдаған тарихи деректер мен дәлелдемелер бойынша қазақтардың түп-тегі осы Қыпшақтардан шыққан. Мен - Қазақпын! Сондықтан, Дешті Қыпшақ жері менің атамекенім! Мен өз елімді, өз жерімді, атамекенімді мақтан етем, мәңгі қорғаймын! Дешті Қыпшақ жері маған ыстық! Олай болса, Мұқағали атамыздың «Туған жер» өлеңі текке айтылмаған:
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай кетпеңдер!
Мына өлке,Мына аймақ -
Бұл маңда Құлшылық етемін тұрғанға!
Құлшылық етемін құмдарға!
Тағзым жасаймын қырларға.
Шүкірлік етемін қашанда,
Осы бір өлкеде тұрғанға!
Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қандырған.
Көктемі - балауса, балдырған,
Ал күзі - алып бір, ақ қырман!
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған
Қырына еріксіз қондырған!
Қыпшақ хандығы
PEST анализ
Оң факторлар
Теріс факторлар
Political
Қимақтардан бөлініп шығып, еркін саяси билікке қолы жетіп, тарих сахнасында билік жүргізуші ел ретінде танылды. Жері аумағы үлкен болды. Оғыздар мен тайталаста болды. Әкімшілік және саяси
басқару жүйесі болды.
Елде тек елбөрілі тайпасының ақсүйектері ғана хан болып сайланды. Меніңше, бұл басқа тайпалардың ақсүйектерінің көңілінен шықпауы тиіс.
Economical
Шаруашылықтың көптеген мал шаруашылығы, егіншілік, аңшылық, сауда-саттықпен және қолөнермен айналысты. Шаруашылық мәдениеті қалыптасты. Әрбір кәсіптің кілтін таба бастады.
Дешті Қыпшақ жері түгелімен игерілді деп айта алмаймын. Сауда-саттықты да дөңгелетіп алып кете алмады.
Social
Күнделікті айналысатын кәсіптері болды. Сол жұмыстарынан өздеріне пайда түсіп тұрды. Осылайша, әрбір тұрғын өзінің күнін өзі көре алатын болды. Және негізгісі: Қағанат халқы діни наным-сенімдерге: ата-баба әруағына, жұлдыздарға, Күнге, табиғаттан тыс күштерге сене бастады.
Еуропа, Шығыс Азия елдерімен мәдени, саяси, әлеуметтік жағынан болсын теке тіресіге әлі де өте-өте ерте болды. Елде тек ханұрпағы елбөрілі тайпасының даңқы төстеп тұрды. Әлеуметтік титулдар (басқақтар, бектер, тархан) болып, құлдардан ерекшеленді. Құлдар қоғамы сақталды.
Technology
Материалдық қажеттіліктерін өз ойлау дәрежелерінде өтей алды. Әдемі, көрікті, бекініс-қорғандар мен қалалар, кесенелер сала бастады. Мүмкіндігі толық жетті.
Шаруашылық құрал-жабдықтармен толық қамтылмады. Құралдарды жасау қиыншылық тудырды. Өйткені, тау-кен істері мен қазба байлықтарды игеру қолға алынбады.