- Учителю
- Урок по казахском языке 'Жоңғар хандығының құрылуы. XVII ғ Қазақ-Жоңғар қатынасы. ' (11-Сынып)
Урок по казахском языке 'Жоңғар хандығының құрылуы. XVII ғ Қазақ-Жоңғар қатынасы. ' (11-Сынып)
11-сынып Қазақстан тарихы
Тақырып:Жоңғар хандығының құрылуы.XVII ғ Қазақ-Жоңғар қатынасы.
Мақсаты:
Білімділігі: Қазақ-Жоңғар қатынасын түсіндіру
Тәрбиелілігі:Отанды сүюге,ерлікке,елжандылыққа тәрбиелеу
Дамытушылығы:Оқушылардың ой-өрісін ,жеке қасиеттерін дамыту
Пән аралық байланыс:география,әдебиет
Көрнекілігі:ДЖ.саяси карта,суреттер
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:Баяндау
Сабақтың барысы:
А)Ұйымдастыру кезеңі
Ә)Жаңа тақырыпты баяндау
Жоспар:
1.Жоңғар мемлекетінің құрылуы.Қазақстан жеріне басып кіруі.
2.Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама
1635 ж Батыр Қонтайшы Жоңғар хандығының негізін қалады.1640 ж Жоңғарлар «Далалық жарғы» атпен әскери-азаматтық заңдар жинағын шығарды.Жоңғарлардың рухани бірлігін Тибет ламалары қамтамасыз етті.Халқының саны 1 млн жуық,60 мың тұрақты әскері болды.Жоңғарлар жалпы 100 мыңға жуық атты әскер шығара алды.XVII ғ аяғында оларда білтелі мылтық болды.Швед тұтқыны Иоган Густав Ренат жоңғарларға зеңбірек құюды үйретті.Жоңғарлардың Қазақ жеріне жорық ұйымдастырудың себептері:
-
Жетісумен Сырдария өңіріндегі сауда жолдарын басып алу.
-
Солтүстік шекарасын нығайтып,қазақтардан салық жинау.
-
Қазақтардың шұрайлы мал жйылымына иелік ету.
-
Еділ мен Жайық бойындағы қалмақтармен байланысын нығайту.
-
Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып,ұлан- байтақ жерді өзіне қарату.
Батыр қонтайшы 1635-43-52 ж Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға жойқын жорық жасады.Қалдан Башок кезіндеде жалғасын тапты.1697 ж Жоңғар хандығына жас әрі қуатты Цеван-Рабтан келді.1698 ж40 мың ә скермен Ұлы жүздің жерін шапты.1710-18 ж ең ірі жорықтары болды.Қарақұмда 1710 ж Бөгенбай бастаған қазақ жасағы құрылып,1711ж жоңғарларға тойтарыс берді.1718 ж Аягөз шайқасына Қабанбай,Жауғашар батырлар басшылық етті.Көктемде жоңғарлар Арыс,Бөген,Шаян өзендеріне жетті.1722ж Цин императоры Канси қайтас болған соң ,1723 ж жоңғарлар Қазақстанға баса көктеп кірді.1724-25ж Ташкентпен Түркістанды жаулап алды.1723-27 ж Ақтабан шұбырынды болды.Орта жүздің рулары Самарқанға көшті.Әсіресе қатты ойрандалған Жетісу өңірі болды. «Елім-ай» жыры дүниеге келді,әуенің ақын әрі жауынгер Қожаберген шығарды.
Өткенді қайталау .
1.Орбұлақ шайқасын айтып бер
2.1680-1715ж Қазақтың ұлы ханы
3. «Жеті жарғы» заңдар жинағы қай ханның тұсында шығарылды?
2.Сандар сөйлейді. 0 1 3
1 7 2
8 1 6
3.Бұл қай тарихи тұлға?
1.Қазақ хандығын құрған хандар кім?
2.Керей ханның ұлын ата?
3.Хақназар хан қай ханның баласы?
4.Қай ханның тұсында қазақтар 1млн-ға жетті?
5.Қай хан 1715 ж қайтыс болды?
6.Тәуке ханның мұрагері кім?
7.Кіші жүз ханы,ол үш жүздің әскеріне қолбасшылық еткен?
8.Қазақ хандығының «алтын ғасыры» қай ханның тұсында болды?
9.Түргештің қайсы қағанын «сүзеген» деп атады?
Қорытындылау.Қазақ халқы сан жағынан басым жоңғарларға қарсы ұлт азаттық күресінде табандылықпен ерлік көрсетті.
Үйге тапсырма.Қазақ батырлары жайлы мәлімет жинау.