- Учителю
- И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған халық – азаттық көтерілісі»
И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған халық – азаттық көтерілісі»
Тақырыбы: «И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған халық - азаттық көтерілісі»
Өткізген мұғалім: Карагойшина З.Т.
Сыныбы: 8 а
Пәні: Қазақстан тарихы
Күні: 27.11. 2014
Негізгі дереккөздер: Қазақстан тарихы 8 сынып, «Аңыз адам» журналы
Мақсаты: Ішкі Ордада орын алған Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық -азаттық көтеріліс барысын, басты шайқастарын оқып үйрену
Күтілетін нәтижелер:
-
Көтеріліс барысымен танысады
-
Көтерілістің шығу себептерін анықтайды
-
Көтерілістің басты шайқастарына талдау жасайды.
Керекті жабдықтар: оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта, жеке, топтық жұмыс.
Сабақ кезеңдері:
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
1. Оқушылармен амандасу.
2. Психологиялық дайындық. (Шаттық шеңбері)
3. Топқа бөлінеді. ((Бөкей хан, Жәңгір хан) Үй тапсырмасына қатысты жылдармен, атауларға байланысты 2 топқа бөлінеді)
«Бөкей» тобы: 1799 жылы, І Павел, 70 мың шақырым, 5 мыңға жуық отбасы, 1812 жылы, 207 мың, 1815 жылы, Орынбор шекара комиссиясы
«Жәңгір» тобы: Андреевский, 14 жас, «орыс, араб, парсы», 6 құнды қолжазба, 1824 жылы, Хан ордасы, «тархандық жүйе», билер соты
4. Үй тапсырмасын тексеру.
-
«Жәшіктегі сұрақтар». (В,С деңг оқушыларға қойылады)
1. Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері (1. Мал жайылымдарынан тапшылық көрді; 2. қазақтар өздерінің ата қонысына қайтып баруға тырысты; 3. С. Датұлы көтерілісінен кейін қуғын - сүргін жиелеп кетті;
4. Патша үкіметі С. Датұлы мен Е. Пугачев көтерілісінен кейін Кіші жүзді әлсіретуге тырысты; )
-
Ішкі Орданың шекаралық шектесуін атап, картадан көрсет. ( Батысында Астрахань, Солт мен шығысында Саратов, Орынбор губернияларымен, Оңт және Оңт- шығ/да Каспий теңізі мен жайық шекарасымен шектеседі.
-
Жәңгір хан енгізген жаңалықтарды ата.
-
Барлық азаматтық және қылмыстық істер қаралатын сот ісіне ханның өзі тікелей қатысып отырды және шығарған үкімге шағым жасауға рұқсат етілмеді. 2. Ішкі Ордада жер учаскесін жеке меншікке беру кеңінен орын алды. 3. Жерді жалға берді. 4. Жаппай отырықшы салтына көшу күшейді. 5. Сауда саттық дамыды. Жәрмеңке ұйымдастырылды. )
А деңгейіндегі оқушыларға тапсырма.
Карточка №1
Жәңгір ханның сүйікті ісі. (аң аулау)
Карточка №2
Ағашты кескен, сындырып бүлдірген айыпты адамға қолданылған жаза қандай? (25 рет дүре соғу)
Карточка №3
Жәңгір хан қашан қайтыс болды? (1845 жыл)
Карточка №4
Ішкі Орда қашан Астрахан губерниясының құрамына берілді? (1872 жылы)
Карточка №5
Жәңгір хан қандай іске көп көңіл бөлді? (ағаш отырғызу ісіне)
Мұғаліммен амандасады.
Сергіту сәтіне қатысады
Топқа бөліну барысында тақырыпқа қатысты жылдармен, атауларға жауап береді
Сұрақтарға жауап береді.
Тұсау - кесер
Өлең жолдары.
Хан емессің - қасқырсың.
Қара албасты басқырсың.
Достарын келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің - ылаңсың,
Қара шұбар жылансың.
Хан емессің - аянсың,
Айыр құйрық шаянсың!
Атаулар бойынша 3 сұрақ.
-
Бұл кімнің өлең жолдары ? Кімге арналған?
-
Өлеңнің мағынасын қалай түсінесің?
-
Жәңгір хан Махамбетті өзінің ұлы Зұлқарнайынмен бірге оқытты. Қамқорлық танытты. Алайда Махамбет хан Жәңгірді барлық сұлтандардың көзінше осылай әшкерелеуіне не себеп?
-
Өлең жолдарын тыңдайды.
-
Атаулар бойынша 3 сұраққа жауап береді.
Негізгі бөлім
«Бағытталған оқу»
Ұзақ күйші Жиделі ауылына келіп, бір үйге ат басын тіреді. Өзінің бірде - бір қозғалысын қалт жібермей, аңдып отырған жас балаға Ұзақтың назары ауып, домбыра ұсынды.
Сұрақ: Ұзақтың әр қимылын қалт жібермей қарап отырған жас бала кім?
Құрманғазы күшінің орындаған күйін алып, қалт жібермей орындайды. Содан ол Ұзақ күйшіге еріп, ел аралап, талабын ұштап, шеберлігін шыңдайды. Осындай дарынды жасқа 30 жылдың соңында Бөкей Ордасында орын алған Исатай мен Махамбет көтерілісі қатты әсер етіп, «кішкентай атты тұңғыш күйін шығарған еді.
Сұрақ: Құрманғазы неліктен күйін «Кішкентай» деп атады?
Алғаш күйін шығарған Құрманғазы 17 жаста болатын. «Кішкентай інісінен ағасы Исатайға арнауы» деп есептеген. Сондықтан күйдің атын осылай атаған.
Күй тыңдату. Құрманғазы «Кішкентай»
1 - тапсырма.
-
топ. «Жылдармен жұмыс».
1. 1808 жылы -
2. 1836 жылғы ақпанда
3. 1836 жылы көктемде -
4. 1836 жылдың күзінде -
5. 1837 жылдың бас кезінде -
6. 1837 жылдың жазы мен күзінде -
7. 1837 жылдың қазан айының соңында -
8. 1837 жылы 15 қараша -
9. 1837 жылғы 13 - желтоқсанда -
10. 1838 жылғы 12 шілде -
-
Топ. «Сәйкестендіру кестесі»
1. 20 мыңға жуық отбасы
2. Юсупов пен Безбородко
3. Жайық әскери кеңесі өз пайдасына басып алды
4. 21 жасында Жайық атасына старшын болды
5. И. Тайманұлының өмір сүрген жылдары
6. М. Өтемісұлының өмір сүрген жылдары
7. В.И. Дальмен, Г.С. Карелинмен жақсы таныс болды
8. Ханға табыс етілген талап - петицияға
9. Көтерілісшілерден 80 - ге жуық адам қаза тапты
10. Басына 500 сом ақша, қолға түсіргенге 1000 сом тігілді
А. 1791- 1838 жылдары
Ә. Исатай Тайманұлы
Б. 300 рубасы мен старшын және батырлар қол қойған
В. Исатай Тайманұлы
Г. 1804 - 1846 жылдары
Ғ. Ақбұлақ шайқасы
Д. Жер тапшылығынан зардап шекті
Е. Үлкен және Кіші өзен бойын, Қамыс -Самар көлдерінің төңірегін
Ж. Каспий теңізі жағасында орасан жер телімдері болды
З. Махамбет Өтемісұлы
3 - тапсырма. А деңгейіндегі оқушыларға арналған. (Тақтада орындайды)
Тірек -сызбаны толтыру.
-
Көтеріліс болған жыл:
-
Көтеріліс қамтылған аумақ:
-
Көтерілістің басшылары:
-
Көтерілістің шығу себебі:
-
Көтерілістің қозғаушы күші:
-
Көтерілістегі басты шайқастар:
Оқиғаны тыңдай отырып, сұрақтарға жауап беру.
Күйді тыңдайды, сергиді.
1. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.
2. Айналмалы бекет арқылы келесі топтың орындаған тапсырмасын тексеріп, бағалайды.
3. Әр оқушы берілген сұрақтарға жауап береді.
Қорытынды
2 - тапсырма.
1 - топ Махамбеттің тұлғалық қасиетін сипаттау.
2- топ Исатайдың тұлғалық қасиетін сипаттау.
Балама жауапты тест.
Берілген тапсырманы топ болып постерге орындайды, әр топ жұмыстарын таныстырады.
Бағалау
Смайлик арқылы, блоб ағашы арқылы, Өзін-өзі формативті бағалау
«3 -минуттық үзіліс» стратегиясы
1. Мен .................... туралы көзқарасым өзгерді.....
2. Мен.......... ..........жайлы хабардар болдым......
3. Менің .......... жайлы айқын түсінік қалыптасқан тұсы......
4. Мені.................. таң қалдырғаны.......
Оқушылардың әр жауабын мұғалім бағалайды, бірін - бірі бағалайды, өткен сабақты бағалайды
Үйге тапсырма
-
Исатай мен Махамбет туралы қосымша деректер жинау
-
«Кейіпкерге хат». (Жәңгір хан, Исатай, Махамбет)
Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.
Рефлексия
Мен бұл сабағымды жаңа формат оқуы бойынша 7 модульді (оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер, сыни тұрғыдан оқуға үйрету, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, бағалау, көшбасшылық және АКТ, дарынды және талантты оқушылар) ықпалдастыра отырып құрдым.
Кіріспе бөлімінде оқушылармен амандасып, ортаға шақырып, сергіту сәтіне шеңбер болып дөңгеленіп көтеріңкі көңіл сыйлайтын өлең жолдарын айттыру арқылы оқушыларға сергіту жаттығуын жасаттырдым. Бұл қолданған психологиялық дайындық оқушылардың көңілін көтеріп, өз -өзіне деген сенімділігін арттырып, сабақта өзін еркін, әрі ашық ұстауға септігін тигізді. Өйткені, оқушылар өз ойларын еркін, ашық айта отырып, сабаққа бар ынта - жігерімен қатыса білді.
Топқа үй тапсырмасына байланысты атаулар, жылдар, терминдер берілді. Оқушылар сол бойынша, тез әрі дұрыс жауап бере отырып, 2 топқа топтасты. Үй тапсырмасын тексеру барысында А деңгейіндегі оқушыларға карточка беру арқылы, В,С деңгейіндегі оқушыларға үй тапсырмасы бойынша «Жәшіктегі сұрақтар» әдісі арқылы тексердім. Барлық оқушылар белсенді қатысып, берілген сұрақтарға нақты, әрі дұрыс жауап беріп, картамен жұмысты өте жақсы орындады. Оқушылар бұл бөлімде өз белсенділіктерін көрсете білуімен қатар, «Бөкей хандығының құрылуы» мен «Бөкей және Жәңгір хан тұсындағы Бөкей хандығының дамуы» туралы өткен екі тақырыпты толық түсінгенін көрсетті. Себебі, оқушыларға берілген тапсырмаларда екі тақырыптың өзекті мәселелері туралы сұрақтар қойылды. Сондықтан үй тапсырмасын тексеруде қолданған «Жәшіктегі сұрақтар» әдісі, уақыт жағынан ұтымды, әрі сәтті шыққан әдіс деп білемін. Үй тапсырмасы бойынша дұрыс жауап берген әр оқушыға бір смайликтен беріп, бағалап отырдым.
Тұсау -кесер бөлімінде оқулықта жоқ, бірақ бүгінгі сабақтағы тарихи тұлғаларға қатысты М. Өтемісұлының өлең жолдарын алу арқылы «Атаулар бойынша 3 сұрақ» әдісін қолдандым.
-
Бұл кімнің өлең жолдары ? Кімге арналған?
-
Өлеңнің мағынасын қалай түсінесің?
3. Жәңгір хан Махамбетті өзінің ұлы Зұлқарнайынмен бірге оқытты. Қамқорлық танытты. Алайда Махамбет хан Жәңгірді барлық сұлтандардың көзінше осылай әшкерелеуіне не себеп? Сынды сұрақтарды қоя отырып, оқушылардан ұтымды жауап алып, жаңа сабаққа көштім. «Атаулар бойынша 3 сұрақ» әдісі қазақ әдебиеті пәнімен пәнаралық байланыс орната отырып, үй тапсырмасынан жаңа сабаққа көшуде қолданылған тиімді әдістердің бірі деп білемін. Осы бөлімде жауап берген, сабаққа белсене қатысқан әр оқушы смайликпен бағаланып отырды.
Негізгі бөлімде, шағын әңгіме дайындап келіп, оқушыларға « Бағытталған оқу» әдісін қолдандым. « Бағытталған оқу» әдісі өте сәтті шықты. Мен бұл әдісте бағытталған сұрақтар қойғанда оқушылар өз деңгейлеріне сай ойларын айқын, нақты, жүйелі, еркін жеткізе білді.. Сондықтан Жаңа тақырыпты оқушыларға үйден оқып келу тапсырылған болатын. уақытты ұтымды қолдану үшін Құрманғазының «Кішкентай» күйін тыңдай отырып, оқушылар топтық тапсырманы орындады. Оқушыларға «блоб ағашы» арқылы бағалау парағы беріліп, өзін -өзі бағалаудың бірінші сатысын бояды.
1 - топқа «Жылдармен жұмыс», ал 2- топқа «Сәйкестендіру» кестесі берілген болатын, Тапсырманы әр топ орындап болған соң «Айналмалы бекет» әдісі арқылы бір -бірінің тапсырмаларын тексеріп, бірін - бірі смайлик арқылы бағалады. Бағалау барысында оқушылар бірін - бірі әділ бағалады.
Қорытынды бөлімде, 2 топқа постер қорғау тапсырылды. 1 - топқа Махамбеттің тұлғалық қасиетін сипаттау, 2 -топқа Исатайдың тұлғалық қасиетін сипаттау тапсырылды. Оқушылар постерді қорғауда жауапты толық, нақты бере білді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушылар арасында бәсекелестік пен белсенділік артты. Екі топқа бір -бірін толықтыруды сұрағанымда бір топ Махамбеттің Исатайға арнаған өлеңін оқып, өз ойларын айтып толықтырса, сыныптағы талантты, ақын оқушы Казихан Тұрдыбек сабақ барысында Махамбеттің ел үшін көрсеткен ерлігінен әсер алып, Махабетке арнау арнап шығарды.
Қазихан Тұрдыбек: «Махамбет - өр рухты батыр бабам!»
Қазақта ерлер азба елді ойлаған,
Жат қолға кетпесін деп жерді ойлаған.
Отан үшін отқа да түспек болып,
Бәйгіге басын тігіп бел байлаған.
Шайқалмасын деп, елімнің шаңырағы,
Қанша ердің қабырғасы қаңырады.
Сонын бірі Махамбет ер еді ғой,
Атадан асып туған аруағы.
Қорғаймын деп дұшпаннан қандастарын,
Қалап еді күрестің жалғасқанын.
Армен жуып азалы көкірегін,
Қанмен жуды амалсыз алдаспаның.
Нарында ел біледі нар тұлғасын,
Қалайша батыр жүрек алқынбасын.
Ар алдында еңсесін биік ұстап,
Хан алдында имеген алтын басын.
Тағдырдың дөп тиседе шіркін оғы,
Жүрегінде сақтайды жұртым оны.
Ұрпақ оны тиісті ұмытпауға,
Ұлықтауға тиісті ұлтым оны!
Осы өлеңді оқушы оқып тұрған сәтте Махамбеттің тұлғасы, елі үшін жүргізген ұрыстары, күресі көз алдымнан құдды бір кино көргендей жүріп өтті. Оқушының талантының алдында бас идім. Және бір түйгенім «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін әр сабақ сайын қолдану тиімділігі мен қатар оқушылардың жан -жақтылығын ашуда маңызды болып саналатындығы.
Бүгінгі өткен сабақта бағалаудың үш түрін (смайлик, блоб ағашы арқылы бағалау және Өзін-өзі формативті бағалау
«3 -минуттық үзіліс» стратегиясы) қолдандым. Үш бағалау түрінен оқушыларға бүгінгі сабақ өте ұнағаны көрініп тұр. Сабақтың оқушыларға ұнағанын тек сабақты бағалаудан ғана емес, сабаққа қатысуынан да көруге болады.
Үйге тапсырма ретінде Исатай мен Махамбет туралы қосымша деректер жинау«Кейіпкерге хат». (Жәңгір хан, Исатай, Махамбет)тапсырмалары берілді.
Сабақтан алған өз әсерімді қорытындылай келе, «Жаңа әдіс - тәсілдерді» сәтті пайдалана отырып, оқушыларды сабаққа бағыттауға зор ықпал тигізе отырып, психологиялық дайындықты шебер қолдана біліп, жүзеге асыруым менің бүгінгі сабақта көшбасшылығымды көрсетеді деп ойлаймын.
Бүгінгі сабағым құрылымы жағынан оқушыларымның жас ерекшеліктерін ескере отырып, АКТ мүмкіндіктерін ұтымды қолданып, «Сыни ойлауға үйрету» моделінің тиімді әдістерді қолданып, бағалауды жүзеге асыру көшбасшылық қабілеттің болуы деп білемін.