- Учителю
- ҚАзақ тілі 'Үстеудің емлесі'
ҚАзақ тілі 'Үстеудің емлесі'
Сабақтың аты: Қазақ тілі
Сынып: 6 «б»
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Үстеудің емлесі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың үстеу туралы алған білімдерін пысықтау. Үстеу түрлерін ажырата білуге, танымдық қабілетін арттыру, ойын арқылы білімдерін пысықтап бекіту.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабактың әдісі: сұрақ-жауап, логикалық және деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі,
3. Журнал бойынша түгендеу.
4. Сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сүрау.
1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
2. Үйге берілген жаттығуларын дәптерлерінен тексеремін.
б) Жаңа сабаққа көшу.
І кезең «Күннің көзі». Бұлттарда жазылған сұрақтарға жауап беру арқылы күннің көзін ашу.
Бұлттардағы сұрақтар:
1. Үстеу дегеніміз не?
2. Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады?
3. Үстеудің құрамдық түрлері қандай?
4. Туынды түбір үстеулерді тудыратын жұрнақтарды атап, мысал келтіріңдер.
5. Үстеу тудыруда кейбір септік жалғауларының қандай мәні бар?
6. Күрделі үстеулердің жасалуы, мысал келтіріңдер.
7. Үстеудің мағыналық түрлері мен әрқайсысының ерекшеліктері қандай?
ІІ кезең «Ойлан, тап»
Үш тақырыптағы ұяшықтар беріледі, әр ұяшықтың өз атына сай тапсырмалар болады. Берілетін ортақ тапсырмалар: үстеулерді тауып, мағыналық түріне ажырату.
1-ұяшық Мақал-мәтелдер:
-
Қонақ аз отырып, көп сынайды.
-
Ұлыңа қалынды төменнен бер,
Қызыңа қалынды жоғарыдан бер.
-
Бұрын туғаннан ақыл сұра,
Бұрын қонғаннан қоныс сұра.
-
Ілгері кеткен жасты, кері кеткен кәрі тоқтатады.
-
Жақсылық қылсаң, бүгін қыл.
-
Жуан жіңішкергенше, жіңішке үзілер.
2-ұяшық Тұрақты тіркестер:
1.Қас пен көздің арасы (өте жақын)
2. Қас қараю (кеш бату)
3. Төбеге жай түскендей (ойламаған жерден)
4. Сүт пісірім уақыт (5-10 минуттық уақыт)
5. Аяқ астынан (ойламаған жерден)
6. Қас қағым сәт (тез арада)
3-ұяшық Өлең жолдары:
-
Ата - үлкен, кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
-
Қорыққандай біреуден,
Болмас қарап тұрғаным.
Отыра қап жүремнен,
Мен де төмен зуладым.
-
Таңертең де, түсте де,
Күнге бетін бұрады.
Тостағанын кішкене
Тосады да тұрады.
-
Ызбарланып, күйініп,
Қарды қойдай иіріп:
Ашуланып боран жүр,
Жел-қамшысын үйіріп.
-
Бір қылығы тым ұят:
Жаман сөзге үйір-ақ.
Мектепке ертең ала ма?
Дәл осындай баланы, ә?!
-
Қара бұлт күн көзін шалмасын,
Қуаныш жер-көкті шарласын.
Сәбише шаттанып ұшырған
Ақ кептер аспанда самғасын.
ІІІ кезең. Оқулықпен жұмыс. Әр қатарға бір жаттығудан ауызша орындатамын.
292,293,295-жаттығу сөйлемдерді оқып, үстеулерді табыңдар.Оларды түріне қарай ажыратыңдар. Әр жаттығудан бір сөйлемді тақтаға сөйлем мүшесіне талдау.
296-жаттығу сөйлемдерді оқып шығып, негізгі үстеулерді бір бөлек, туынды үстеулерді бір бөлек тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңдар. (жазбаша)
Сабақтың қорытындысы:
1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
3. Үйге тапсырма: 295-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: сөйлемдерден негізгі үстеу мен туынды үстеулерді ажыратып, олардың қалай жасалғанын айтыңдар.