7


  • Учителю
  • Разработки уроков по казахскому языку за 5 класс

Разработки уроков по казахскому языку за 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: ҚазақстанРеспубликасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін  арттыру курсы (3 базалық деңгей) өткенненкейін, 5 сыныпта  өткізілген  қазақ тілінен  ашық сабақтар Сабақ жоспарларының  авторы:Жұмабекова Қуаныш Бақытжанқызы Түсінік хат Біз заман талабына сай білім
предварительный просмотр материала

Сабақ: № 1


Тақырыбы:Біздің Отанымыз. Тәуелдік жалғау..

Мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың тәуелдік жалағаудың игеруіне, тақырып аясында

сөздік қорларының арттырылуына ықпал ету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың тақырып аясында ауызекі сөйлеу, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын арттыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды тіл өнеріне, сыйластыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Түйінді идеялары: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер әр түрлі деңгейдегі балалардың диалогтік әңгіме, топпен жұмыс, өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдалану арқылы қол жеткізетін білім, білік, дағдыларының дамуын көздейді. Берілген жұмыс формалары оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің дамуына, өздерін бағалай білу, реттеу қабілеттерінің дамуына, оқуға деген ынталарының артуына ықпалын тигізеді.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, «Айналмалы шеңбер» ойыны, рөлдік ойын, өзін-өзі бағалау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта (Power Point презентациясы), магнитті тақта, түрлі-түсті стикерлер, ватман, маркерлер, үлестірме кеспелер.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012, Үшінші (негізгі) деңгейге арналған оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, «Қазақ тілі» 5-сынып, Алматы «Атамұра» 2010.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

Кезеңдері

Жоспар

7 модульді іске асыру

Қосымша

Ұйымдас-тыру кезеңі:

Ауызекі сөйлесу

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

- Көңіл-күйлерің қалай?

- Қане, балалар сабақты бір-бірімізге жақсы сөз айтудан бастайықшы!

- Өте жақсы, жарайсыңдар!

- Сыныпта бүгін кім кезекші?

- Сыныпта бүгін кім жоқ?

- Үй жұмысы қандай болды?

- Рақмет, отыра ғой. (2 минут)

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

(Диалог: мұғалім-оқушы,

оқушы-оқушы)


Үй жұмысын тексеру

«Айналмалы шеңбер» ойыны (5 минут)

- Балалар, бірінші-екіншіге саналыңдар.

- Біріншілер ішкі шеңбер, екіншілер сыртқы шеңбер құраңдар, бір-біріңе қарама-қарсы тұрыңдар.

- Бірінші ішкі шеңбер сағат тілі бойынша, екінші сыртқы шеңбер сағат тіліне қарама-қарсы жылжып отырасыңдар.

Сұрақтар:

1. Жалғаулар нешеге бөлінеді?

2. Атаңдар. 3. Қандай ерекшелітері бар?

Мінеки, бір-біріне түсіндіріп, өткен тақырыпты да қайталап алдыңдар. Өткен тақырып бойынша әлі де түсінбеген жерлерін, сұрақтарын бар ма?

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

(Диалогтік әңгіме:

оқушы-оқушы)


Жаңа сабақ

(Тақтаға бүгінгі күнді жазу)

Оқушыларға түрлі-түсті қағаз тарату.

-Балалар, сендерге түрлі-түсті қағаз таратылды. Бірдей түстер бір топқа жиналыңдар.

- Мінеки, 3 топ пайда болды. Өте жақсы, бүгін сендер осылай жұмыс істейсіңдер.

- Балалар, бүгін сабақта сендер өздеріңді бағалай аласыңдар. Ол үшін әр топ қазір 1 минут ойланып, 2 бағалау критерийлерін тақтаға жазасыңдар.

- Алдарыңда бағалау парақтары жатыр, сол парақтарда көп нүктенің орнына өздерің ойлап тапқан критерийлерді жазып алыңдар. (2 минут)

- Сабақ барысында сендер, 4 тапсырма орындайсыңдар, оған қоса, үй жұмысына қатысу тағы бар, сол бойынша өздеріңе 5 баға қоясыңдар. Соңғы қорытынды бағаны мұғалім, яғни, мен қоямын.

1-тапсырма

- Алдарыңда флипчарт жатыр, сол флипчартта Венн диаграммасы сызулы, бір жақта «мектеп», екінші жағында «мектеп өмірі» деп жазулы тұр. Екі жақтың өзіне тән ерекше белгілерін жазып, ортасына ұқсастықтарын жазыңдар. (1 минут)

Ұқсастықтары

Сөйлем құрайды.

Менің елім

Өзіне тән белгілері:

Екі сөзден құралған.

Мағыналық байланысқа

түскен сөздер.

Отан

Өзіне тән белгілері:

Сұрағы: не?

Сөз табы: зат есім.

Туған жер.



Тапсырма: Сабақтың лексикалық және грамматикалық тақырыбы қандай?

(Топтан спикер немесе бірнеше спикерлер шығып флипчарттарын қорғайды) (2 минут)

- Осы тақырып бойынша сұрақтарың болса, тақтаға жазып қойыңдар.

- Ендеше, сабақтың мақсаты қандай? (Осы сұрақтарға жауап іздеп, табу)

2-тапсырма

- Алдарыңдағы үлестірме кеспелерде жауаптар қатары берілген.

Тапсырма:берілген сөздерді тәуелдеп, басқа оқушылардың жауаптарымен салыстырыңдар. (4 минут)

1-топ

2-топ

3-топ

Отан

Ел


Атамекен


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

(Формативті бағалау)


Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету.

(Венн диаграммасы. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын анықтай білу)


Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету.

(Негізгі дерекөздерге сәйкес сұрақтар қою)


Бекіту кезеңі

3-тапсырма

- Алдарыңдағы үлестірме кеспелерде «Отан» тақырыбына негізгі сөздер қатары берілген. Сендер сол қатардан тыс сөзді таңдап, таңдауларыңды түсіндірулерің керек. (4 минут)

1-топ

2-топ

3-топ

Мектеп, туған жер, ата-ана,астана, өлке

Республика, халық, өшіргіш, ауыл, рәміз, аю

Мемлекет,мысық Елорда, көктем, тәуелсіз


Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету.

Талантты және дарынды балаларды оқыту.


Қорыту кезеңі

4-тапсырма

- Әр топта 4 рөл бар: 1.Президент; 2. Премьер-министр; 3. Әкім ; 4. Қызметкер

Сөздіктерді пайдалануларына болады.

Тапсырма: Тақырып аясында сөздік қорларыңды пайдаланып, мемлекет басқару жүесінен үзінді көрсетіңдер. (Дайындыққа 10 минут; үзінді көрсетуге төрт топқа 2 минуттан)

Қорыту

-Ал енді балалар сабақтың басында сендер бүгінгі тақырып бойынша тақтаға сұрақтар жаздыңдар. Сол сұрақтарға жауап таптыңдар ма? Егер, «иә» десеңдер, сұрақтарды өшірулеріңе болады.

Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету.

(Рөлдік ойын)


Үй жұмысын беру

«Туған жер» тақырыбына презентация жасап келу. (1 минут)

Оқыту мен оқуда АКТ қолдану. (Power Point презент-сы)


Бағалау кезеңі

Бағалау парақтарын оқушылардан алып, соңғы қорытынды бағаны қойып, түсініктемелер айту.

(5 минут)

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.


6




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал