- Учителю
- Сабақтың тақырыбы 'Астана қаласы'
Сабақтың тақырыбы 'Астана қаласы'
Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы
Сабақтың мақсаты: Елордасы - Астана туралы жан-жақты білімдерін кеңейту, алған мәліметтерін тапсырмалар арқылы бекіту.
Сабақтың міндеттері:
-Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру;
-Сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, дұрыс сөйлеуге үйрету;
-Өз Отанын, халқын, жерін сүюге, отансүйгіш ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу;
-Ойларын жеткізіп айтуға үйрету;
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, тексеру, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, суреттер
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.
-Қонақтармен амандасайық.
-Ал, енді балалар ортаға шығып, шеңбер жасап тұрайық.
-Бұл шеңбер «сиқырлы шеңбер» деп аталады (тренинг жасау)
-Алдымен ішкі шеңбер жасаймыз және сыртқы шеңбер жасаймыз. Менің алақанымның соққанымды тыңдап, тақырып бойынша бір-бірлеріңе сұрақ қоясыңдар, жұппен жұмыс жасайсыңдар.
-Мен қандаймын?
-Менің көңіл күйім қандай?
-Ауа райы қандай?
-Біздің мұғалім?
-Біздің сынып?
-Қазақстан Республикасы?
-Астана қаласы?
-Ал енді балалар үлкен шеңбер жасаймыз.
-Сендерге кімнің жауаптары ұнады?(кімге-кімнің жауаптары ұнағандарын айтып шығады).
Ал енді балалар осы қорапшадан суреттерді таңдап аламыз, суреттерге қарап 2 топқа бөлінеміз.
1 топ-Петропавл қаласы
2 топ-Астана қаласы
ІІ кезең: Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
-Ал балалар енді үй жұмысын тексерейік.
-Үйге сендерге шығармашылық жұмыс берілген.
1 топ-Ойын-сауық орталықтары
2 топ-Мәдени ағартушылық мекемелері
III кезең: Ой шақыру кезеңі. Сөзжұмбақ шешу кезеңі.
-Ал енді барлығымыз тақтаға назар аударамыз.
-Қазір біз сендермен сөзжұмбақ шешеміз.
-Ол үшін берілген сөздерді қазақ тіліне аударамыз.
1) Век
2) Памятник
3) Независимый
4) Народ
5) Реки
6) История
-Балалар қандай сөз шықты? (Астана)
-Олай болса бүгіңгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Астана қаласы».
(Бүгіңгі сабағымыздың мақсаты-өз ойларын еркін айта білу, топпен және жұппен жұмыс істей білу, сөздік қорымызды арттыру).
-Жақсы. Ал енді дәптерлеріңді ашып бүгіңгі күнді жазып қояйық.
-Балалар сендер Астана қаласы туралы не білесіңдер?
(оқушылар өз білгендерін айтады)
IY кезең:Астана сөзіне морфологиялық талдау жасау
-Бір оқушы тақтаға шығып тақтада орындайды, қалғандары дәптерлерінде.
Y кезең:Бейнетаспа көру
-Ал енді тақтаға назар аударайық
-Қазір біз сендермен Астана туралы бейнетаспа көреміз, сендердің мақсаттарың көре отырып, өзара әңгімелесіп, алған әсерлеріңмен бөлісу.
-Балалар бейнетаспадан қандай әсер алдыңдар?
(оқушылар нені көргендері туралы айтып, әңгімелейді)
-Астана туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
(2 оқушы тақтаға шығып жатқа өлең оқып береді)
YI кезең: Сөздік жұмысы
Зәулім- высотные
Тұрғын- житель
Ғимарат-здание
Бой көтерді-выстроились
Қасиетті-священный
Танымастай- неузнаваемо
Ұлт өкілдері- представители нации
Болашақ- будущее
-Мұғалім оқиды, оқушылар бірге қайталайды
-Сөздер орысга шығады, балалар қазақ тіліне аударады
-Сөздік дәптерге осы сөздерді жазайық
(1 сөйлемнен құрастыр)
-Берілген сөздерді оқып , сөздік дәптерге жазып алу.
YII кезең Постермен жұмыс
-Ал енді балалар Астана туралы сөздерді және бейнетаспаны пайдалана отырып топта постермен жұмыс жасайсыңдар.
-Жұмыстарын қорғау кезеңі
YIII кезең: Қорытынды
-Балалар сабақта нені білдіңдер?( сөздер, постер құрастыруды)
-Нені үйрендіңдер?(мәтін құрастыруға)
Бағалау
-Енді балалар қазір бір-бірлеріңді бағалайсыңдар
Үй жұмысы:
Сөздерді жаттау;
Сөз тіркестерін құрастыру;
Диалог құрастыру;
Шағын әңгіме жазу;