7


  • Учителю
  • 'Денсаулық' тақырыбындағы ашық сабақ үлгісі

'Денсаулық' тақырыбындағы ашық сабақ үлгісі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

А.С. Пушкин атындағы № 1 мектеп- гимназия

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:Ахмедова Э.А.

Қысқа мерзімді ашық сабақ жоспары

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 5 «Б»,«В», «Г», «Д», «Е»

Мерзімі: 13.10.2015жыл.

Тақырыбы:

Денсаулық

Мақсаты

Тақырыптың маңыздылығын түсінуге жағдай жасау, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге, топтық жұмысқа дағдыландыру. Қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге, жазуға дағдыларын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге, топтық жұмысқа дағдыланады. Қазақ тілінде дұрыс сөйлеу, жазу дағдылары жетіледі.

Кіріктірілген модульдер

Сын тұрғысынан ойлау; АКТ; оқытуды басқару және көшбасшылық; оқу үшін және оқыту үшін бағалау,

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар, құралдар, көрнекіліктер

Сергіту сәті (3мин)

«Тамақтану», «баскетбол», «Жуыну»

«Тамақтану», «баскетбол», «Жуыну» сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.


Топқа бөлу (2мин)

Түрлі-түсті фигуралар арқылы

«Дәрумендер», «таза ауа», «күн тәртібі» жазылған кеспе қағаздар арқылы бөлінеді, әр топ аталған сөздерге түсініктеме беріп кетеді.

Кеспе қағаздар

Кіріспе (3мин)

Ой қозғау

Таныстырылымда берілген суреттер туралы өз пікірлерін айтады, сабақтың тақырыбы ашылады.

1.«Денсаулық» ұғымын қалай түсінесіңдер?

2.Денсаулығымыз жақсы болу үшін не істеуіміз керек?

3.«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесіңдер?

Интербелсенді тақта, таныстырылым.

Негізгі бөлім (32мин)

Постер әзірлеу (8мин)


1-топ «Денсаулыққа пайдалы кеңестер» гүл жапырақтарына пайдалы кеңестерді жазып жабыстырады.

2-топ Дұрыс тамақтану (берілген суреттерді екі бағанға дұрыс жабыстырып, түсіндіреді.

3-топ Тазалықты сақтау затарын таңдап түсініктеме береді.

Түрлі-түсті қағаздар, желім, А3 формат парағы, суреттер

Мәтінмен жұмыс (10 мин)

І-топ 53-бет, 3-тап. Оқып, сөздікті пайдалана отырып, орыс тіліне аударады,

ІІ-топ 53-бет, 4-тапсырманы оқып, орыс тіліне аударады,

ІІІ. Берілген кеңестерді орыс тіліне аударады

1. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақытында алып тұру.

2. Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау қажет.

3. Жеміс-жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу.

4. Спортпен айналысып, таза жүру әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды.

5. Адам еңбекке қабілетті болып өссе дене құрылысы сымбатты болады. Үнемі таза жүрсе денене жаман жаралар шықпайды.

Қазақ тілі 5-сынып, Атамұра 2015 ж.,Т.М Артыкова, Л.З Бейсенова М.Б Боранбай

Жазбаша жұмыс (5мин)

Сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлемдер құрастырады.

1.Ең, байлық, үлкен, денсаулық.

2. болса, денсаулық, еңбек етеді, бақытты өмір сүреді, адам.

3. Байланысты, өзіне әр адамның, сақтау денсайлықты.

оқулық

Өлеңді мәнерлеп оқу(5мин)

І. Өлеңді оқып, түсіндіріп, етістіктерді атап көрсетеді.

Дос бол сабын, сумен сен, (етістіктерді табу)
Жиі - жиі жуын сен:
Таңертең де, кешке де,
Жуын күндіз - түсте де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде

ІІІ.Өлеңді оқып, түсіндіріп, сан есімдерді атап көрсетеді.

Мен айтайын тақпақ,
Алғын оны жаттап.
Тісіңді жу, тазарт
Маржандай болсын аппақ.
Атқаратын қомақты
Ауыз қуыс ісі бар:
Ұсататын тамақты
Отыз екі тісі бар.
Алғашқы тіс - сүт тістер
Түсіп бірте тынады.
Алты жастан нық тістер -
Тұрақты тіс шығады.

ІІІ. Өлеңді оқып, түсіндіріп, Денсаулық сөзін тәуелдейді.

Денсаулық ол - шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол - күлуің
Көңіл - күйің жадырай,
Денсаулық ол - жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

Кеспе қағаздар

Блиц-турнир сұрағы (4 мин)

а) Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста)

ә) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)

б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие)

в) Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)

г) Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)

ғ) тазалық кепілі (денсаулық)

ИТ

Қорытынды (5 мин)


Ой тұжырымы

- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
- Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз?
- Сендер қандай азамат болып өсулерініңіз керек?
(оқушылар жауаптары тыңдалады)

Рефлексия

Үйге тапсырма береді:


«Маған ұнады»

«Мен білдім»

«Мен үйрендім»


Денсаулық мықты болу үшін біз не істеуіміз керек? Эссе жазу

Стикерге өз ойларын жазып жабыстырады

Күнделік

Смайликтер салынған сурет





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал