7


  • Учителю
  • 'Ағылшын тілі сабағында тілдік тіректер ақылы ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру. ' Баяндама

'Ағылшын тілі сабағында тілдік тіректер ақылы ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру. ' Баяндама

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ағылшын тілі сабағында тілдік тіректер ақылы ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Ағылшын тілін оқытуда ауызекі сөйлеудің рөлі өте зор.Себебі, ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңілкүй қатынасын білдіреді.Сөйлеудің екі түрі бар. Олар: монологтық, диалогтық.
Диалог-екі немесе бірнеше адамның сұрақ-жауап ретінде сөйлесіп,тіл қатысуы.Диалогтық сөйлеу алдын ала жоспарланбайды,сөйлесу кезінде пайда болады. Оқушылар жалпы, арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтінін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру барысында және әр оқушы сөйлегенде кемдегенде екі реплика айтуы қажет . Диалогтық сөйлеуді дамытуда дискуссия-сабақ,экскурсия-сабақ,ойын-сабақ,талқылау сабақтарының рөлі зор.
Монологты сөйлеуді дамыту сабақтары-шет тіліне оқытудағы негізгі сабақтардың бірі. Монологтық сөйлеу алдынала әзірленуді талап етеді.[3]
Ағылшын тілін оқытуда тілдік тіректер арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту басты мақсат болып табылады. Егер оқушыларды ағылшын тілінде тілдік тіректер арқылы монолог түрінде сөйлеуге үйретсе, онда олардың сөйлеу қабілеттері, танымдық қызығушылықтары, мәтін мен жұмыс жасау кезінде шығармашылық дағдылары қалыптасып қана қоймай, олар ағылшын тілінде еркін сөйлеуге машықтанады. Оқушыларды монолог түрінде сөйлеуге үйретуде тілдік тіректердің маңызы зор. Шетел тілдерін оқыту әдістемелерінде »тірек» ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көптеген ғылыми жұмыстарда ол, стимул, әрекет жасауға түрткі ретінде қарастырылады. Мағлұмат түрткі бола алады, ал мұғалімнің міндеті оқушылардың тыңдаған,оқыған, көрген мәліметтерін дұрыс басқара отырып, оларды монолог түрінде сөйлету. Көп жағдайда тілдік тіректер сөз әрекетін ұйымдастырушы болып, олардың белгілі бір бағытта дамуына, оқушылардың сөйлегенде қате жасамауына дәнекер бола алады. Сөйлеудің монолог түрін қолдану үшін,сөйлеушіге белгілі бір мазмұн керек, ол сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуі тиіс, монолог сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек. Тілдік тіректер оқушылардың монолог түрінде сөйлеуіне көмегі зор. Көптеген әдіскерлер тілдік тіректердің cөзден мәтінге дейін, мынадай классификациясын ұсынады:
1.материалды көрсету негізінде;
-тілдік-кіші көлемдегі көруге болатын мәтін,жоспар,сызба,мақал-мәтелдер;
-бейнелеуші-кинофильм,диафильм,суреттер,кесте,түрлі бейнефильмдер;
2.cөз әрекетін басқару негізінде;
-мазмұндық тіректер(кім,не,қайда,қашан,қалай т.б.сұрақтар);
-мағыналық тіректер(неге,не мақсатпен,не үшін т.б. сұрақтар).
Енді сөз тіректерінің төмендегідей классификациясын ұсынуға болады:
1.материалды көрсету негізінде;
-тілдік-кіші көлемдегі көруге болатын мәтін,жоспар,сызба,мақал-мәтелдер;
-бейнелеуші-кинофильм,диафильм,суреттер,кесте,түрлі бейнефильмдер;
2.cөз әрекетін басқару негізінде;
-мазмұндық тіректер(кім,не,қайда,қашан,қалай т.б.сұрақтар);
-мағыналық тіректер(неге,не мақсатпен,не үшін т.б. сұрақтар).
Енді сөз тіректерінің төмендегідей классификациясын ұсынуға болады:
1.Монологқа тән логикалық сызба. Бұл сызба сөйлемдердің бірізділігін, дәйектілігін көрсетіп,ең бастысы мазмұнды болжауға, айтылуды жоспарлауға және лексикалық, грамматикалық толықтырылуына, стилистикалық өрнектелуіне бағытталады.
2.Логика-мағыналық сызба. Мұнда сұрау сөздердің бірізділігі сақталады.
мысалы: Who? Where? Where?
3.Структуралық сызба. Мұнда айтылатын сөздің логикалық, синтаксистік
құрылымына және морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударылады.
4.Тезис не сұрақ түріндегі жоспар.
5.Сөзді бастауға және аяқтауға байланысты тілдік тіректер.
Жоғарыда айтылған тілдік тірек түрінің барлығыда айтылмақшы сөздің жалпы бағытын, мазмұнын, жоспарын бағдарлауға мүмкіндік береді.Олар айтылатын сөздің логикалық құрылымын,сапалық және сандық толықтығын
қамтамасыз етеді.
Белсенді оқыту әдістемесін жақтаушылар тірек-сөйлемдерді үлгі-мәтін болмаған жағдайда, мағыналық жоспар ретінде пайдалануды ұсынады. Ал, структуралық-функционалдық бағыттың өкілдері структуралық сызбаларды ойды бір сөйлем деңгейіеде айтуды, әрі қарай толық мәтіннің композициясын анықтайтын логикалық-мағыналық сызба түрінде пайдалануды ұсынады. Осыған орай алгоритмді де қолдануға болатынын көрсетеді.Олардың мақсаты оқыған мәтін негізінде өз ойын айту, өзгерту, ықшамдау, өмірлік тәжірибесіне байланысты мағұлыматты өңдеу іскерліктерін дамытуға үйрету болып табылады.
Қазіргі кезде ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу біліктілігін дамытуда тіректерді коллаж ретінде пайдалану тиімді болып отыр,себебі ол обьектіге және оның компоненттеріне жанжақты қарауға, бірден зейін аударуға мүмкіндік береді. Коллажды әсіресе елтану мәтіндерімен жұмыс істегенде қолданған қызықты әрі тиімді. Коллаж мазмұны және түрі жағынан
көзбен көру көрнекілігіне жатады, ол сызба,сурет,фотоматериал, диаграмма тақырып сөздер және сөйлемдер,ақпарат оқушылардың бойында ассоцация топтаммасын туғызады. Негізгі түйін және оның компонентерінің арасындағы байланыс бағыттаушы сызықтармен,түстермен және сандармен белгіленеді. Коллаж мәтін мазмұнын айтып беруде,болып жатқан оқиғаның даму желісін көрсетуде,қысқаша мазмұндық тірек бола алады, ал мұндағы суреттер,тілдік графикалық сызбалар т.б. оқушылардың тақырыпқа терең үңілуіне,ойдың шығармашылықпен дамуына жағдай жасайды. Коллаждағы түстер мазмұндық компоненттердің маңыздырақ екенін көрсетеді. Бұл әдісті жүзеге асыру барысында,оқушылар түрлі тіректер жасауды үйренеді, соның негізінде алған білімдерін, өз ойларын ұтымды және жүйелі түсіндіре алады, ағылшын тілінде сөйлейді, тілдік тіректер бойынша дидактикалық материалдар жасалады.
Тілдік тіректерді негізге алып, монолог түрінде оқытуда оқушылардың танымдық қызығушылығының деңгейін анықтау,оқушылардың тыңдаған, оқыған, көрген мәліметтерін дұрыс қабылдауын қадағалай отырып,оларды монолог түрінде сөйлеуге үйрету,танымдық қызығушылықтары мен шығармашылықтарын дамытуда әдістің тиімділігін дәлелдеу.
Тілдік тіректер жалпы дидактикалық және методикалық принциптерді ескеріп төмендегі талаптарға сай құрылуы тиіс:
-өтіліп жатқан материалды ескеру қажет;
-тіректер түсінікті және көрнекі болуы тиіс;
Тілдік тіректер оқу процесін дамытып,оқушылардың монолог түрінде сөйлеу
іскерліктерін қалыптастырады.Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастырудың дидактикалық шарттары:
-тілді оқытуда тың ақпараттарды және қазіргі технологияларды қолдану;
-тілді оқыту барысында белсенді әдістерді пайдалану;
-тілді оқытуда мәтінің мазмұнын жаңа технологияға және әлеуметтік саяси жағдайға сәйкестеп сұрыптау.
Кез келген сөйлеу біліктілігін дамыту процесінде екі кезеңді,яғни сөйлеуге дайындық және сөйлеу кезеңін ескеру қажет.Сөйлеуге дайындық кезеңінде алдымен фонетикалық және лексикаграмматикалық дағдылар қалыптастырылып,оқушылар өз ойларын монолог түрінде айтуға жаттығуы керек. Монологтың структурасын,композициясын және архитектуралық жағын үйретуде үлгі-мәтінді пайдалану керек.
Мәтінмен жұмыс төрт сатыдан тұрады:
1.Мәтінге дейінгі; 2.Тікелей мәтінмен жұмыс;
3.Аналитикалық; 4.Мәтіннен кейінгі.
Мәтінге дейінгі саты оқушыларды үлгі-мәтіндегі кездесетін қиындықтарды шешу жолдарына бағыттайды. Тікелей мәтінмен жұмыс үлгі-мәтінді оқуға және мәтіннен кейінгі берілген тапсырмаларды орындауға бағытталған. Мұнда оқушылардың мәтін мазмұнын қалай түсінгені тексеріледі. Аналитикалық сатының мақсаты-мәтінді, құрылымдық, мазмұндық компоненттеріне қарай топтау болып табылады.
Мәтіннен кейінгі сатының мақсаты-оқушылардың үлгі-мәтін айтып беруі.
Сөйлеу кезінде оқушылардың сөйлеу біліктіліктері қалыптастырылады.
Мұнда оқушылар өз бетінше мәтінде көтерілген мәселеге байланысты өз ойларын айтып жеткізуге тырысады. Бұл жерде үлгі-мәтін афоризмге, мақал-мәтелге, ұранға т.б. байланысты болады.Тақырыпты оқымас бұрын коллажбен танысуы керек. Ол үшін коллаждың фрагментіне кірген негізгі түсініктермен тақырыптың мағыналық белгілерін талдау керек. Коллаж ауызша сөйлеудің тірегі болып саналады яғни негізгі сөзден басқа коллажға түрлі суреттер, жинақталып жүйеленген суреттер т.б. жатады. Аталған негізгі сөздерден бөлек коллаж фрагментіне тірек сөздер енгізіледі.
Мәтін негізінде монолог түрінде сөйлеуді дамыту жеті жаттығудан тұрады:
1.Жаттығу-мәтінді оқып,сұрақтарға жауап беру;
2.Жаттығу-дұрыс және қате сөйлемдерді табу;
3.Жаттығу-мәтінді абзацтарға бөлу және оларға тақырып беру;
4.Жаттығу-берілген сұрақтардың ішінен 3-4 сөйлеммен айтып беру;
5.Жаттығу-мәтінді қысқаша мазмұндау;
6.Жаттығу-оқушылар мәтін мазмұнын өз сөздерімен толықтыру;
8.Жаттығу-өз қиялымен жазушы ретінде өзгеріс енгізу.
Ауызша сөзді жетілдіру үшін жасалатын жаттығулардың көбісі тіл және сөз жаттығулары түрі беріледі және ондай жаттығуларсыз оқушыларды сабақта сөйлету мүмкін емес.Оқушылардың сөйлеген сөзі жатық болу үшін олар тақырыптарға байланысты емес басқа сөздерді де білуі керек. Ондай сөздер қатарына сәлемдесу, әдептілік ишараттарын , өтініш, т.б.( Good day, May I…, Make up…,). Ауызекі сөйлеу үшін оқушының сөздік қорында зат есімдер мен етістіктердің, есімдіктер мен көмекші сөздердің болуының маңызы зор.
Сонымен бірге көмекші сөздердің ішінде жоққа шығаратын сөздер, заттың қайда екенін білдіретін, модальді сөздердің, істің, қимылдың басталуын, аяқталуын, жалғасуын білдіретін сөздердің алатын орны ерекше. Осы сөздерді қамтитын ситуацияларға келсек,олар негізінен мынадай болады: Барлық әңгімелер өз елімізде болады да, ал сөйлесетін әріптестер шет елдіктер болады. Мұндай ситуациялар заттарға және қарым-қатынастарға байланысты болуы керек. Сонымен қатар суреттеу,пікірталас ситуацияларын да атаған жөн. Мысалы: заттарға байланысты ситуациялар: а) Лондоннан келген оқушылар біздің оқушылардан қандай кітаптар,пәндер оқитындарын сұрайды. Бұған табиғат т.б, туралы суреттеулер де кіреді.
б) Көшеде: шетелдікпен көшеде, аялдамада кездесу. Шет елдік біздің қалада алғаш рет болғандықтан жол сұрайды.
Қарым-қатынас (пікірлесу) ситуациясы. а) Мектепте: отбасы туралы фильмді
талдау. б) Көшеде: автобуста шет елдікпен әңгіме.Суреттеу ситуациялары.
а) Оқушы шет елдікке көшеде жол сілтеп, қаланы суреттейді. Лондоннан келген мұғалім оқушылардан мектеп туралы сұрайды.Оқытудың бастапқы сатысына арналған ситуациялар арнайы құрылуы тиіс.
Лексиканы коммуникативтік мақсатта қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін алдымен оларды қандай әдіс-тәсіл арқылы үйрету керек деген сұрақ туындайды.
Е.И.Пассов сөздерді коммуникативтік мақсатта қолдану үшін мынадай жағдайларды ескру керектігін айтады:
а) қажетті сөзді еске түсіру;
ә) сөзді өзіне қажетті ситуацияға сәйкес басқа сөздермен байланыстыра сөйлем құрап,дұрыс қолдана алу;
Қортындылайтын болсақ ауызекі сөйлеуді қалыптастыру үшін оқушы әр сабақта жаңа білім алып қоюмен шектелмей, өз бетінше ізденіп, талдап, пікір таластыру деңгейіне жетіп,даму біліктілігін жетілдіріп отыруы қажет. Сонда ғана оқушы ауызекі сөйлеу мақсатына жете алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Нестерова Н.Б.Оптимизация обучения монологической речи в 4-5классах средней школы.ИЯШ №5,1982. С.30.
2. Ломтев Т.П. Язык и речь.Вестник МГУ.Филология.Журналистика. С.200.
3. Садыкова АК.,Алденгожаева Э.С. Шетел тілінде тілдік тіректер негізінде
монолог түрінде сөйлеуге үйрету. ИЯШ.№6,2007.С.30.
4 Пассов Е.И. Основы методики обучения иностранным языкам.
М.: издательство Русский язык, 1977, С.300.
5. «Шетел тілін оқыту әдістемесі» Педагогика.Әдістеме.Алматы, 2,2009.190б



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал