7


  • Учителю
  • Қазақ әдебиетінен сабақ үлгілері

Қазақ әдебиетінен сабақ үлгілері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font face="Times New Roman, serif">Қазақ әдебиетінен сабақ үлгілері

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың қазақ әдебиеті туралы түсініктерін толықтыру,сөз өнері мен қоғам дамуы арасындағы сабақтастықты танып білулеріне ықпал ету.

Дамытушылық: қазақ әдебиетінің даму тарихы мен кезендері туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: халық мұрасына деген ықылас, құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, суреттер , қосымша материалдар, бағалау парақтары.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

II Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру

III Жаңа сабақ:

1.Теориялық материалды тірек сызба арқылы түсіндіру.

2.Оқулық мәтінімен жұмыс.Мәтінді түсініп оқу, тірек сызбаны толықтыру

3 «Сөз сыры» айдарымен жұмыс.

4.Ауызекі сөйлеу тапсырмасын орындау

5.Мәтінге сұрақтар құрастыру, өзара жауап беру.

IV Сабақты бекіту.Алған білімдеріне бақылау жасау.Деңгейлік тапсырмаларды орындау

I деңгей: Қазақ әдебиетінің тарихпен байланысы туралы айту

II деңгей: «Барар жерің Балқан тау, ол да біздің барған тау» деген жолдарды түсіндіру.

III деңгей: берілген сызба арқылы «Қазақ әдебиеті» деген тақырыпқа әңгімелеу

V Сабақты қорытындылау, оқушы білімін бағалау.Оқушының

аты-жөні

Мәтінге сұрақ құрастыру , жауап беру

Сөздік жұмысы

Деңгейлік тапсырма орындау

Қорытынды баға















VI Үй тапсырмасы (оқушының таңдауы бойынша):

1.Мәтін мазмұнын тірек сызбаны пайдалана отырып мазмұндау

2.Мәтінге жоспар құру, нақыл сөздер қатарын жалғастыру.

3.Қазақ әдебиеті мен орыс әдебиетінің жүйеленуін салыстыру

VII Рефлексия кезеңі: Сабақтан алған ойларымен бөлісу

























































Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушылардың халық ауыз әдебиеті туралы түсініктерін толықтыру.

Дамытушылық:оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, ой қорытуға үйрету, сөздік қорларын байыту, сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік : рухани-эстетикалық тәрбие беру, елжандылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер.

Күтілетін нәтиже: оқушыларды, «құндылық» сөзінің мәнін түсіне отырып, өздері білетін ауыз әдебиеті туындыларындағы ұлттық құндылықтарды, биік мұраттарды тануға үйрету.

Сабақтың түрі:Жаңа білім беру.

Сабақтың әдіс -тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс техникалары, ізденушілік, оқыта -үйрету ойындары

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

А) оқушылармен амандасу

Ә) оқушылар зейінін сабаққа аудару

Б) «шаттық шеңберін» өткізу

II.Сабақтың мақсат -міндеттерін түсіндіру.

III.Жаңа тақырыпты оқып- білу кезеңі:

1.Кіріспе сөз.Тақтада : «Қазақтың ауыз әдебиеті материалдың молдығы, мазмұндылығы және түр көркемділігі жағынан қай халықтың ауыз әдебиетінен кем түспейді»-деген Қ. Жұмалиевтің сөзін көрсету. Оқушыларға ғалым сөзінің мәнін түсіндіру.

2.Оқулық мәтінімен жұмыс «Дана үкілер» техникасы арқылы өткізу. Интерактивті тақтада аталған техниканын шартын көрсету:





А) Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері

Мәтіннен негізгі ,жаңа ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазу.

Мәтіннен өздері күтпеген, бұрынғы ұғымдарына қарсы тұрған ақпаратты тауып, жаңалық болған мәліметті дәптерлеріне жазу.

Ә) Маңызды өмірлік даналық

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіру

Б)Таныс және таныс емес

Мәтіннен алдында таныс болған, және мүлдем таныс емес мәліметтерді табу.

В) Иллюстрациалық бейнелеу

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, кесте арқылы бейнелеп көрсету

Г) Үлгі боларлық қорытынды

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?

Г) Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.

Талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табу.

Оқушылар көрсетілген шарт бойынша оқулық мәтінімен жұмыс істейді

3.Сөз мағынасымен жұмыс:

Түркілік тұтастық- түп тарихы ортақ, ата тегі мен діні бір түркілердің бір -бірінен алшақтамай,қайта жақындасуларына сеп болатын кез келген мәселеге қатысты мүдделілік

4.Оқулық тапсырмасын орындау.Халық ауыз әдебиеті туралы баяндаудың тірек сызбасын жасау, жоспарын құру, тірек сызба, жоспар негізінде әңгімелеп беру.





















IV.Сабақты бекіту:

«Ара ұясы» техникасын пайдалану.Оқушылар жұппен жұмыс орындайды.Не білгендері туралы пікір алмасу және екі сұрақтан дайындау.Содан сөң әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды.

V.Оқушылар білімін бағалау.

VI.Үй тапсырмасы: Оқулықтағы «Артық болмас білгенің» айдары мазмұнымен танысу

VII.Рефлексия кезеңі: Оқушыларға әріптер тарату. Сол әріптен басталатын сөз айту арқылы сабақтан алған әсерімен бөліседі



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал