- Учителю
- Сабақ жоспары Ә дыбысы (1 класс)
Сабақ жоспары Ә дыбысы (1 класс)
4-сабақ: Ә дыбысы |
Мектеп: № |
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
1 сынып «Қазақ тілі» |
Қатысқаны:Қатыспағаны: |
Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар: |
1.3.1.1 Таныс сөздерді тұтас оқу. 1.2.4.1 Оқушыларды Ә ә дыбысымен таныстыру, ә дыбысының орнын анықтату, сауатты оқуға және жазуға дағдыландыру, сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасай білуге үйрету. |
Табыс критерийлері |
Оқушылардың жоғарғы жетістігі: сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады және ә дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады. Оқушылардың орташа жетістігі: тыңдаған ақпаратты түсінеді, жауап береді, сұрақ қояды; Оқушылардың төмен жетістігі: «ә» әрпі туралы сөздер айтады. |
Тірек сөздер |
Әтеш, әділ, әліппе, ән |
Оқыту әдістері |
Метаграмма,сергіту, «Қай әріпті жоғалттым?», «Жүректен-жүрекке», «Кім тапқыр» ойыны, бағалау техникасы, сюжеттік ойындар |
Қажетті ресурстар |
Өлең, сызбалар,суреттер, бесік, жүрек(сурет) |
Күтілетін нәтиже |
Әә дыбысы туралы сөйлем құрап, сауатты жаза алады; Ә дыбысынан басталатын заттарды сипаттап бере алады; Сызба арқылы сөйлем құрай алады. |
Сабақтың барысы:Қалыптастырушы
бағалау
І.Қызығушылығын
ояту
(МК) Метаграмма шешу.
Әжеде бар,
Ана да жоқ.
Әке де бар,
Ата да жоқ.
Шешуі: «Ә» дыбысы
(А)Оқушылар ойланып айтады.Олар үшін
«ә» дыбыстарын айту біраз қиындықтар туғызады.Тілді үйренуге деген ынтасын, қызығушылығын жоғалтып алмау үшін сөздерді тақпақтап жаттату оң нәтиже береді.
Бірін-бірі бағалау
Білу
(МК)Сөйлеп үйрен.
1. Оқулықтағы сурет қарап:
Әже деген кім? Сен әжеңе кім боласың? Әкеңнің анасы, анаңның
анасы саған қандай әже болады? деген сұрақтар қою арқылы әңгіме
құрастыру.
2. Кеспе әріптерден «әже» сөзін құрастыру, оны буындап оқу,
дыбыстық талдау жасау, ә дыбысы дауысты екенін, өздігінен буын
жасай алатынын, көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылатынын
түсіндіру.
(Т.О)Оқушылар тыңдайды, қайталайды, оқиды.
(А) Сызба бойынша сөйлейді.
Ой қозғау(шақыру)
«Кім тапқыр?» ойыны.
Бұрап қойған сағаттай ,
айқайлайды таң атпай (әтеш)
-Кім айтады әтеш қалай шақырады?
Буынға бөлу.Ә-теш,1-2-ші буындарды ата.
Біздің сыныпта есімдері «Ә» дыбысынан басталатын оқушылар барма?-Әсия, Әсет.
(Ұ) Оқушылар «Әә» дыбысынан келетін есімдер мен заттардың атауларын еске түсіреді, атайды.
Өзіндік бағалау
ІІ.Мағынаны тану
(МК) Әжең туралы айт.
Менің әжемнің аты-Әдия.Ол жетпіс жаста. Менің әжем-әдемі, әңгімешіл адам.
( А) Әжесі бар оқушылар өз әжесі туралы айтады. Оқушылар сұраққа жауап береді.
Танымдық сипаттау
Түсіну
(МК) «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны
... ке,... демі, с... нді,... н, д... рі, ...же, ...лия, ..
(А) Сөздерді табады, қайталайды, аударады. Жоғалтқан әріпті табады.
Өзіндік бағалаужәне б-б бағалау
Жазылым
Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ә дыбысының бас және кіші әрпін көрсетіп таныстыру, баспа және
жазба түрлерін салыстыру.
Әріпті ауада, тақтада, дәптерде жазу.
«Әже, әжім, әрі, дәрі» сөздерінің бірыңғай жіңішке айтылып тұрғанын
түсіндіру.
(Ж) Жазу үлгісі бойынша берілген тапсырманы орындайды.
Әжім - әженің әрі,
Әженің батасы - дәрі» деген сөйлемді әдемі, қатесіз көшіріп жазу,
дауыстап оқиды.
ОүБ
Сергіту
Әдемі әтеш, таң атпай тұрыпты
Ойқастап жүріпті
Жан-жаққа қарапты
Айдарын тарапты.
Оқушылар:
1.Орындарынан тұрып, екі қолын жандарынақояды да теңселіп тұрады.
2. Екі қолдарын жоғары көтеріп, керіледі.
3. Екі қолдарын жанына қояды теңселеді.
4. Бастарын бұрып жан-жаққа қарайды.
5.Саусақтарымен шаштарын тарайды.
ІІІ. Ойтолғаныс
(шығарма.тапсырма)
Әже ойын ойнатады.Сюжеттік ойын: Қатысушылар: Әсел, әже, автор
Әсел: - Әже, әлди жылады.
Әже: - Әлди-бөпем әжең келе жатыр.
Әжең «әлдиді» тербетеді...
Әсел: - Әже, әлдиді бесіктен шешіп алайық.
Әже: Әкеле ғой, көрпесі ме жастығын.
Автор: Әжесімен Әсел әлдиді бесіктен шешіп алады.Әже мен Әсел бесік жырын айтады.
(Т) Оқушылар рөлдерге бөлініп ойнайды.Сюжеттік суреттерді көрсету арқылы қазақтың салт дәстүрі «бесік жырын» тыңдайды, естиді.
«БББ» кестесі
Жинақтау(бекіту)
(МК)«Жүректен-жүрекке» ойының шарты:
«Ә»-ден басталатын сөздер айта отырып, жүрек құрап шығару.Мысалы: әтеш, ән, әнші, әке, сәлем, сән...
(А) Оқушылар ойынға белсенді қатысады. «Әә» дыбысының мақсатын түсінеді және ойнау арқылы тілдеседі, бір-бірімен түсініседі, сөздік қорлары көбейеді.
Жүрекшемен марапаттау
Бағалау
Формативті бағалау.
«Жалпы сұрақ» техникасы бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма
Кері байланыс (рефлексия)
Түсіп қалған әріпті тауып, сөйлем құрау.
Мысалы: ...теш, ...ке, ...лия,...мір, д...птер
Оқушылар түсіп қалған әріпті тауып оқу арқылы сөйлеп үйренеді.