- Учителю
- Урок Демалысты қалай өткіземін
Урок Демалысты қалай өткіземін
Сабақтың тақырыбы:Демалысты қалай өткіземін.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Жаңа тақырып бойынша,оқушылардың білімдерін арттыру.түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін бекіту.жаңа сөздермен таныстыру және оларды сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрет.
Дамытушылық:Оқушылардың өз ойдарын толығымен жеткізе алуға және қойылған сұрақтарға нақты да дұрыс жауап беруге үйрету.
Тәрбиелік:Бірін-бірі тыңдауға,өздерін дұрыс ұстауға(қоғамдық орындарда), сыпайлыққа тәрбиелеу.Тілге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі:дәстүрлі
Сабақтың типі:түсіндіру,қайталау,аудару,грамматикалық ойын элементтері.
Көрнекі құралдар:тақырыпқа байланысты суреттер,оқулық
Сабақтың барысы: ІҰйымдастыру кезеңі
ІІ Үй жұмысын тексеру
ІІІ Жаңа сабақ:
Қызығушылықтарын сурет бойынша арттыру.
Сурет бойынша әңгімеге қызықтыру.
Қай жыл мезгілі бейнеленген? Суретте кім бейнеленген? Балалар не істеп жүр? Балаларға ат қойып,әр бала не істеп жүргенін айту.Саған қай жыл мезгілі ұнайды? Немен? Неге?
Мәтінмен жұмыс.
Сөздікпен жұмыс:
Бұлт-облако, жалғыз аяқ жолмен -по тропинке, сусын -напиток, шөлдеген -жаждущий пить, қамқоршым- мой покровитель, сүйсіне қарады -смотрел с уважением, шабындық -сенокос,луг
Жазғы демалыста
Жаз.Күн ыстық.Аспанда бұлт жоқ.Жалғыз аяқ жолмен Ерлан келе жатыр.Ол қалада оқиды.Әкесі атаң мен әжеңе көмектес деп ауылға жіберген . Енді ол шөп шауып жатқан атасына күн сайын сусын әкеліп тұрады. Бүгін де сусын әкеле жатыр.
Ерлан шабындық басына келді. Ол шөлдеген атасына сусын ұсынды. Атасы: «Қамқоршым менің », - деп,арқасынан қақты.Ерлан өз атасына сүйсіне қарады. («Балдырған»журналынан)
Сұрақтарға жауап беру:
Кім жалғыз аяқ жолмен келеді? Оны ауылға не үшін жіберді?
Ол қайда оқиды? Ерлан кімге сусын әкелді?
Атасы оған не деді?
Мына сұрақтар бойынша әңгіме құрастыр.
Сөздік: өткіземін -буду прводить, қызықты болады- будет интересно, көмектесемін -буду помогать, шомыламын- буду купаться,жүземін -буду плавать,
Сен жазғы демалыста қайда барасың? Онда кімдер тұрады? Онда не бар?Сен ауылға (Астанаға)кіммен барасың?
Қорытынды:Жаз айлары қандай?Мектепте не аяқталды?Жазда балалар не істейді?Жазғы демалыс қашан басталады?Жазда күн қандай болады?сен жазда қайда барасың?